ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АППАРАТА АКИМА ГОРОДА ПРИОЗЕРСК

ЖАДЫНАМА

Е С К Е Р Т П Е

Көңіл көтеретін орындарда (кафе, бар) азаматтардың мүлкін ұрлау деректердін ескерту, болдырмау, алдын алу мақсатында.

Сонымен қатар түсініспеушілік жағдайлар туындатпау үшін келесі қарапайым ережені біліңіз:

1) Стөлдің үстінде қалып қойғанұялы телефоныңыз, әмияныңыз, сөмкеңіз – қылмыскерге оңай олжа;

2) Өз заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз;

3) Өз ұялы телефоныңызды танымайтын немесе күдікті адамдардың қолына бермеңіз;

4) Өз затыңызға сақ болыңыз.

Е С К Е Р Т П Е

Автокөліктен жеке мүлік ұрлығын болдырмау мақсатында:

Ескертеміз , автокөлігіңізді күзетілмейтін тұрақтарға қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе түнгі уақытта. Автокөліктің сындырылған әйнектеріне, бұзылған құлыпына, ұрланған мүлікке шығынданғанша, көлігіңізді ақылы тұрақтарға қойыңыз. Өз мүлкіңізге сақ болыңыз.

Е С К Е Р Т П Е

Приозерск қ.ІІБ полиция қызметкерлері пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында ескертеді, арам ойлылар көбіне Сіздің пәтеріңізді бақылайды және Сіздің үйде болмағаныңызды біледі. Сол себептен, Сізден сұрайтынымыз пәтеріңіздің есігін мықтылығын күшейтіңіз, мүмкіндігіңіз болса дабыл белгісін орнатыңыз. Сыртқы есіктерге домофон орнатсаңыз мүлкіңіздің сақталуына себеп болады. Егер Сіздің домофоныңызға бейтаныс тұлғалар қоңырау шалып есікті ашуды сұраса асықпаңыз, тұрғындардың өз кілттері бар, бөгде тұлға қылмыскер болып шығуы мүмкін.

Сізден белсенді болуыңызды сұраймыз, егерде подъезден бейтаныс тұлға зат шығарып жатқаның көрсеніз 102, 5-40-60 телефонына қоңырау шалыныз.

Е С К Е Р Т П Е

Соңғы уақытта бейтаныс тұлғалармен алаяқтық жасау фактілері жиеленіп кетті, олар телефонға хабарласып ұялы телефон компаниясының қызметкеріміз деп танысып, Сіз ұтыстын иегері болдыныз, «жүлдені» алу үшін құжаттарды толтыру қажет, сол үшін белгісіз тұлға өзінің айтқан ұялы телефонның абоненттік номеріне баланс толтыруды сұрайды.

Егер сол сияқты қонырау түсіп жатса, немесе сондай тұлғалар жөнінде ақпараттарыныз болса, тез арада (кезекші бөліміне)102, 5-40-60, (криминальдық полицияға) 5-31-66.

 

МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЯЙЫҚ !

Бүгінгі таңда мал ұрлығы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Оның басты себебі - жайылымдағы малдың бағусыз, қараусыз қалуынан. Жергілікті тұрғындардың мал адасып кеткен шығар, өзі келер деп күтіп, полицияға кеш хабарлауы ұрлықтың ізін суытпай ашуға кері әсерін тигізуде. Сонымн қатар көптеген жағдайларда мал иелері малының белгілерін білмейтіндігі іздеу жұмыстарын қиындатады. Іс тәжірибесі көрсеткендей қылмыскерлер ұрланған малды тез арада өткізуге тырысады.

Қылмыстық топтың іс-қимылы әр қайсының атқаратын міндетіне байланысты, бірі хабаршы, бірі малды шығарып беруші, бірі өткізуші. Малды ұрлап, өткізіп жіберу санаулы сағат ішінде жасалып, оның ізін табу қиындық тудырады.

Сондықтан мал басы аман болуы үшін оның жайылымда бағылуы, мал қораларының мықты болуы және күзетілуі керек.

Сондықтан құрметті халайық, өз малдарыңызға өзіңізден басқа ие жоқ. Сақтық шараларын қолдана отырып иелік етіңіздер! Бұл–біздің тарапымыздан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасап отырған ескертпеміз.

Мал иелері малын ұрлатпау үшін мындай ережелерді сақтау керек:

- әр малдың түр-түсін білулері керек түрі, тұқымы, түсі, жынысы, жасы, ен-таңбасы, әр малдың өзіне тән белгісі, дене құрлысының ерекшеліктері

- жеке баққан жағдайда малды көзден таса қылмау, құлыпқа жабылатын темір кісендер пайдалану,

- мал қораларының, қотандардың есіктері құлыпқа жабылуы керек, түнгі уақытта жарық орнату,

- мал бағуды тұрғылықты, тұрғындар арасында абройлы адамға келісім-шарт арқылы тапсыру керек,

- селолық округтердің әкімшіліктерімен, ішкі істер органдарымен қоғамдық негізде келісіп, елді-мекендерде түңгі уақытта күзет ұйымдастыру,

- мал ұрлығы болысымен дереу учаскелік полиция инспекторларына, ішкі істер органының кезекші бөліміне, болған іс жайында көпшілікті хабардар ету керек. Ұрлық болғанда, айғақ заттарды, оның ізін сақтауға шара жасап, жедел тергеу тобы келгенше сақтау. Мүмкіндігінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, іздеу шараларын ұйымдастыру. Малдың түр-түсі, ен-таңбасы жайлы, түсініктеме жасау, іздеу жұмысына көршілерді, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру.

- мал жоғалуына байланысты көрген-білген, естігендеріңізді жедел түрде заң орнына хабарлау,

- Барлық басқару органдарына, учаскелік полиция инспекторларына қоғамдық тәртіпті сақтауға, мал ұрлығына қарсы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға жан-жақты демеу беріңіздер.

 

Е С К Е Р Т П Е

Мекемелер мен өнеркәсіптерде орын алатын қылмыстардың, оның ішінде қарақшылық шабуылдар, тонау және ұрлықтың алдын алу мақсатында ұсынамыз: Ғимараттарды техникалық қорғаныстармен жабдықтаңыз және өз мүлкіңіздің сақтығы үшін жеке күзет қызметін тартыңыз (дабыл белгісі, бейне-бақылау,тұлғалық күзетпен қамтамасыз ету,оның ішінде қарулы және т.б.).

Е С К Е Р Т П Е

Бұзақылық әрекеттердің және тонаудың (сөмке, бас киім және т.б.) алдын алу мақсатында қылмыскерлер мен құқықбұзушыларға көше қараңғылығын пайдалануға жол бермеңіз. Түнгі уақыттарда мүмкіндігінше жарық көшелермен жүргеніңіз дұрыс болады.


Дата редактирования: 15 Сентября 2017

Рассылка

Прогноз погоды

Курсы валют

Голосование

Подпишитесь на рассылку новостей и событий происходящие в городе
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с), дующий с юго-юго-запада. В Приозерске сегодня в 18:00 ожидается +20°C, без осадков, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 386.82
Евро 428.67
Рубль 5.86
Какая проблема города волнует Вас ?
Голосовать
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Новости городаRSS

Новости областиRSS

Banner
© 2012 ГУ «Информационный портал аппарата акима города Приозерск» При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика