ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АППАРАТА АКИМА ГОРОДА ПРИОЗЕРСК

Отчет

Қаланың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің 2016 жылдың 8 айына орындалуы туралы анықтама

         Бөлім қаланың әлеуметтік экономикалық дамуының  5  көрсеткішінің  орындалуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің 2016 жылдың 8 айына орындалуы және 9 айы бойынша күтілетін көрсеткіштер көлемі келесідей.

1. Өнеркәсіп өндіріс  көлемі  2084,7 млн. теңге немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  112,7% құрады (2015 ж. 1848,7 млн. теңге).  Өнеркәсіп өндірісінің  физикалық индексінің көлемі 50,5 %  құрады. 

2. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 864,5 млн. теңгені құрап  2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77  %  құрады (2015 ж. 1122 млн. теңге). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың физикалық индексінің  көлемі 76 % құрады.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 72,0 млн. теңгені немесе 2015 сәйкес кезеңімен салыстырғанда 190,2 % (2015 ж. 37,9 млн. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің физикалық индексінің көлемі 115,8% құрады.


Анықтама
 2016 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді:
Ет – 30,1 тн немесе 149,6% былтырғы жылмен салыстырғанда (2015 жылы -20,1 тонна)
Сүт – 426,9 тн немесе 106,9%  былтырғы жылмен салыстырғанда (2015 жылы -399,4 тонна)
Жұмыртқа -96,5 мың дана немесе 142,1% былтырғы жылмен салыстырғанда ( 2015 жылы -67,9 мың дана)

4.  Бөлшек тауарайналымының  көлемі 989,5  млн. теңгені құрап немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8  % құрады (2015 ж. 917,8 млн. теңге). Физикалық  индекс көлемі – 89,9  %  құрады.
5. Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны – 741 бірлікке жетті немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,6 % құрады (2015 ж. 676 бірлік).
Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны – 1035 адам немесе 2015  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101 % құрады (2015 ж. 1025 адам).
Қаланың шағын кәсіпкерлерімен (қызмет, жұмыс)  815 млн. теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8 % құрады (2015 ж. 777,4 млн. теңге).
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен  дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында екінші деңгейлі банктерге 3 жоба ұсынылды.


Анықтама үшін:
1. Жеке кәсіпкер Әбілдинованың – «Гранит» қонақ үйін қалпына келтіру («Халық банк» АҚ-да қарастыруда);
2. Жеке кәсіпкер Каленскаяның – қонақ үй кешеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу («Халық банк» АҚ-да қарастыруда);
4. «Қайсар» ЖШС-нің 1 жобасы.

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында  жүзеге асыру үшін облыстық Үйлестіру кеңесінің қарастыруында  қолдау тауып «Қайсар» ЖШС-нің:
«Жанар – жағар май өткізу қызметін ұлғайту» - мақсатында айналым қаржысын көбейту бойынша инвестициялық жобасын бағдарламаның бірінші бағыты «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау»  аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау  бойынша 70 млн. теңге несиелендірілді.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылдың тамыз айында қаладан грант алуға үміткер 6 кәсіпкердің бизнес жоспары және құжаттары Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына жолданды.   
2016 жылы 23 қыркүйегінде Қарағанды облысы Үйлестіру кеңесінің қарастыру нәтижесіне сәйкес  жеке кәсіпкер А.Оспановтың «Тренажер залын ашу» инвестициялық  жобасы қолдау тапты.


Анықтама үшін:
ЖК Гринченко;                   ЖК Варламова.;
ЖК Ищанов;                        ЖК Оспанов;
ЖК Жарас;                          «Азамат» ЖШС.                

2015  жылы  мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша қала кәсіпкерлерімен 2 кездесу өткізілді.  Кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» акционерлік қоғамының өкілі қатысып «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты «Бизнес кеңесші» аясында 2 жедел оқыту курстарын өткізді.  Курсқа қаланың 52 тыңдаушысы қатысып сертификат алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасыаясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында қала бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қарастыруына жалпы соммасы 32 млн. теңге болатын 7 жоба жолданды.
Бүгінгі күнге  жобалар қарастырылуда.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы:
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында  жеке кәсіпкерлер Ахметбеков, Бикирова және Лукпанова бизнесін дамыту мақсатына жалпы соммасы 9 млн. теңге алды.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында инвестициялық жобаларды іздестіру бойынша қала кәсіпкерлерімен жұмыстар жүргізілуде.

Азық түлік тауарларына және азық түліктік емес тауарларға бағаны тұрақтандыру
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде құрылған жұмыс тобымен апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкендеріне және айына 2 рет азық-түліктік емес өнімдер мен қызмет көрсету саласына мониторинг жүргізіліп отырады.


Анықтама үшін:
Мониторинг барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне деген бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша негізігі азық-түлік өнімдерінің ортақ бағасын өткен аптаның бағасымен салыстырып, талдау жұмыстары жүргізіледі.

Статистикалық мәліметке сәйкес 2016 жылдың тамыз айын 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 18 түріне деген баға 2,8  %-дан  42,9 %-ға дейін өскен.
Осы мерзім аралығында әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 5 түріне баға 0,9 %-дан  46,7 %-ға дейін төмендеген.
Қалған 10 азық-түлік өнімінің бағасы 2015 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне деген бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы 37 дүкен иесімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негіссіз көтермеу туралы меморандум жасалынды. 
Сауда орындарын жалға беру бағасын көтермеу мақсатында қаланың жеке кәсіпкерлері Әбдімүталіпов,  Балапанова және Коптуровпен меморандум жасалынды.
Инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі штаб және жұмыс топтарының  отырысы ай сайын өтіп тұрады.       


Облыстық тұрақтандыру қоры:
Приозерск қаласының аумағында өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін облыстық тұрақтандыру қорынан жалпы көлемі 23,1 тонна азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Анықтама үшін:
- картоп – 3,9 тн;         - қант – 3,925 тн;
- сәбіз – 3,4 тн;            - жұмыртқа – 54 000 дана.
- пияз – 1 тн;                - сұйық май – 560 литр;
- қызылша – 0,5 тн;     - қарақұмық жармасы – 7,4 тн;
- күріш – 2,4 тн;

Жеткізілген азық-түлік өнімдері Әлеуметтік дүкендер мен апта сайынғы жәрмеңкеде сатылымда болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негіссіз өсуін болдырмау мақсатында, алдағы уақытта облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмыстары жалғасатын болады.
Жәрмеңке
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 12 наурызынан бастап нарықтық бағадан 15-20 %-ға төмен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтуде. 12 наурыз бен 24 қыркүйек аралығында 28 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде келесі өнімдер сатылды:
Ет өнімі – 24,4 тн;
Көкөніс өнімі – 213,6 тн;
Жеміс-жидек өнімі – 48,3 тн;
Бакалей өнімі – 32,2 тн.
Жалпы өткізілген өнімнің көлемі  318,5 тоннаны, ал соммасы 63 млн. 013 мың теңгені құрады.    
Жәрмеңкеде қала тұрғындары азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан 15-20 %-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 


Дата редактирования: 17 Ноября 2016

Рассылка

Прогноз погоды

Курсы валют

Голосование

Подпишитесь на рассылку новостей и событий происходящие в городе
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с), дующий с юго-юго-запада. В Приозерске сегодня в 18:00 ожидается +20°C, без осадков, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 386.80
Евро 429.27
Рубль 5.78
Какая проблема города волнует Вас ?
Голосовать
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Новости городаRSS

Новости областиRSS

Banner
© 2012 ГУ «Информационный портал аппарата акима города Приозерск» При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика