ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының 2019 жылдағы наурыз айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2 747,9 млн.теңгені құрады (3 ай 2018 жылы  -1 837,9 млн. теңге). НКИ-149,6 %.

                                                                                                            

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 27,4 млн.теңгені құрады (3 ай 2018 жылы – 22,9 млн. теңге). НКИ-96,2%.

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 13,2% - ға, ірі қара мал басы 6,8% - ға төмендеді.

Сүт өндірісі 0,1% - ға, жұмыртқа 2,5% - ға, қой мен ешкі басы 4,7% - ға, жылқы 21,3% - ға, құс 45,1% - ға өсті.

НКИ төмендеуі "Гранд Құрылыс" ЖШС-нің барлық ауыл шаруашылығы жануарларының Жамбыл облысына көшуі себебінен мал мен құс етін өндірудің төмендеуі есебінен қалыптасты.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 53,9 млн. теңге (3 ай 2018 жылы -268,2 млн. теңге), НКИ-18,7 %.

Бюджет қаражатын қаржыландыру көлемінің төмендеуі себебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемінің төмендеуі (негізгі капиталға инвестициялар көлемі халықтың өз қаражаты есебінен қалыптасты (ЖТҚ)).

 

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 781 бірлікті құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 27,6% артты (2018 ж. - 612 бірлік).

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 46,5 млн. теңгені құрады (2018 жылы -231,1 млн. теңге). НКИ-19,4 %.

932 ш.м. тұрғын үй енгізілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 77,2% төмендеді (3 ай 2018 ж. - 4080 шаршы метр).

Құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі 2018 жылғы қаңтарда Достық көшесі, 29 бойынша жалпы ауданы 4080 м2 71 пәтерлі үй пайдалануға берілуімен түсіндіріледі. Ағымдағы жылы жаңа жылға ауысатын ұқсас нысандар жоқ.

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 75,6 млн.теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 112,4% құрады (2018 ж. наурыз айы- 67,3 млн. теңге) және жоспарға 110,1 %.

 

Әлеуметтік сала

2019 жылдың наурыз айында жұмыссыздар саны 163 адамды құрады (2018 ж.- 184 адам).

Жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы наурызға қарағанда 65,6% артты және 250 адамды құрады, қоғамдық жұмыстарға 111 адам қатысты немесе 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда 12,1% жоғары.

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 100 адамды құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8% төмен.

 

Денсаулық сақтау     

Туу коэффициенті 10,3% – ға өсті (2018 жылғы ақпан - 19,16 жағдай, 2019 жылғы ақпан-1 000 адамға шаққанда 21,14 жағдай).

Өлім-жітім коэффициенті 36,4 % - ға төмендеді (2018 жылғы ақпан – 7,95 жағдай, 2019 жылғы ақпан - 1000 адамға шаққанда 5,06 жағдай).

Бала өлімі тіркелген жоқ (2018 ж. наурыз - 15,9 жағдай, 2019 ж. наурыз – 1000 тірі туылғанға 0 жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады немесе 1,3% төмендеді (2018 ж. наурыз - 681 бала).

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 адам қамтылды, бұл 2018 жылғы наурыз деңгейінде (2018 жылғы наурыз - 623 бала).

Мектептерде 1 839 оқушы оқиды (наурыз 2018 ж. – 1 820 адам).

Мектептерде бір компьютерге 4,8 оқушыдан келеді (наурыз 2018 ж. - 5).

 

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 17 жағдай, 2018 жылдың наурыз айынан 5,6% – ға төмен (2018 жылдың наурыз айына-18 жағдай).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 100% (2018 ж. наурыз – 50%).


Дата редактирования: 02 Мамыр 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика