ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2018 жылғы қызметі туралы есебі

Мемлекеттік басқаруды дамытудың басты бағытының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын - мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы мемлекетттік қызмет көрсетудің    тиімділігін арттыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 2018 жылғы 3 қыркүйекте №548 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Приозерск қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 8 мемлекеттік мекемеде 93 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде  «Приозерск қ. білім бөлімі» ММ  - 21, «Приозерск қ. дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 1, «Приозерск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  – 17, «Приозерск қ. жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 22, «Приозерск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 11, «Приозерск қ. ветеринария бөлімі» ММ – 4, «Приозерск қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,  автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ – 7, «Приозерск қ. әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі - 10.

2018 жылы барлығы 8 257 (2017ж. - 6 878) мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет МК»КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Приозерск қалалық бөлімі арқылы -  1 722 (20,8%) (2017 ж. – 1471, 21,4%), мемлекеттік мекеме арқылы – 4 777 (58%) (2017 ж. – 3714, 54%), «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 1758 (21,2 %) (2017 ж. – 1693, 25%) көрсетілген.

«Мемлекеттік қызметтерге шағымдану» критериі бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылуын алдын алу және реттеудің пәрменді шараларының бірі ішкі бақылау жүргізу болып табылады. Ішкі бақылау жұмыстарын әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі және  білім бөлімі  жүргізеді. Жоспарға сәйкес 67 ішкі бақылау шаралары жүзеге асырылды.

Ішкі тексеріс барысында 454 заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 68, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 47, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері  – 42, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 44, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 10,  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері – 7, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері – 2, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 234.        

Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша 10 жауапты тұлға  жауапкершілікке тартылды.

2018 жылы ішкі бақылау жүргізу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған 42 ұсыныс берілген, 31-і орындалып, 11-і  орындауға қабылданған.

 Аталмыш жұмыс, құжаттарды жүргізу тәртібін үйлестіріп (журналдарды, дерекқорларды, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің сақталуын және т.б.), сондай – ақ, есептемеде көрсетілетін сандар бойынша мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.

Барлық қызмет көрсетуші мекемелермен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды ұсыну бойынша жұмыстар ұйымдастырылды: қызмет көрсетуші мекемелердің қабинеттерінде және фойелерінде орналасқан стендттерінде үнемі: қызмет алу тәртібі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сонымен қоса, қызмет алу тәртібі туралы толық ақпарат қала әкімдігі мен мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мемлекеттік органдардын сайттарында орналасады. БАҚ беттерінде, «Приозерский вестник» қалалық газетінде  жарияланды. Жыл бойы барлығы 44 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1418 адамды қамтыды.

«Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ ғимаратында, «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды.

Қаланың орталық алаңында орналасқан лед-экранда, емханаларда, мектептерде  «Электрондық цифрлық қолтаңба алу», «Электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы бейнероликтер көрсетіледі. Қала бойынша типтік эскизге сәйкес 1 баннер орнатылды.

2018 жыл басынан 4 рет мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Тұрақты түрде әр тоқсан сайын өткізілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінде 335  қала тұрғындары көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша ақпараттар, мемлекеттік қызмет алуда консультациялық-әдістемелік, e-gov электронды үкімет порталымен жұмыс жасау бойынша практикалық көмектер алды.

Қызмет көрсету саласындағы 2018 жылғы қызмет туралы есепті талқылауға азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі Приозерск қаласы әкімінің жыл сайынғы есеп беру кездесуінің күн тәртібіне енгізілген. Есеп беру кездесуін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептің жария тыңдалым қорытындысы бойынша тиісті қорытынды жасалған, қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» тарауында орналастырылған.

 Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы төменде көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар жалғасады:

- бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсында мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы, мемлекеттік корпорация және мемлекеттік органдар арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

- мемлекеттік қызметтерді көрсететін кадрлардың және халықпен тікелей жұмыс істейтін тұлғалардың біліктілігін арттыру;

- оңтайландыруға және автоматизациялауға жататын мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін мемлекеттік корпорация арқылы баламалы түрде және электрондық нысанда көрсетуге көшіру.


Дата редактирования: 12 Ақпан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика