ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2017 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

1.    Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) мемлекеттік қызметтің 80 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі, олардың ішінде:

•        «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - 15 қызмет;
•        «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 13 қызмет;
•        «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы  бөлімі»  ММ  - 3 қызмет;
•        «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ - 24 қызмет;
•        «Приозерск дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 1 қызмет;
•        «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ – 7 қызмет;
•        «Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» ММ – 3 қызмет;
•        Приозерск қаласының әкімі аппаратының АХАТ қызметі – 9 қызмет;
•        «Приозерск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ - 3 қызмет;
•        «Приозерск қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК – 2 қызмет.

2017 жыл ішінде Приозерск қаласының атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға 6 878 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Соның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 1 471 қызмет (21,3%), «Электрондық үкімет» порталы арқылы 67 қызмет (1%), «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 213 қызмет (3,1%), қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 1413 қызмет (20,5%), қағаз түрінде мемлекеттік органдар 3 714 мемлекеттік қызмет (54%) көрсетілген.
Есептік кезең ішінде неғұрлым көп талап етілген мемлекеттік қызметтер азаматтық хат актілерін тіркеу, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғау және еңбек саласында болып табылған, атап айтқанда:
1)    «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға жолдамалар беру» 832  мемлекеттік қызмет көрсетілді;
2)    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 385 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
3)    «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» 97 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
4)    «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау» 298 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5)    «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 659 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
6)    «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» 58 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2.    Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекет басшысының қойған мемлекеттік қызметтер халықтың
қалың тобына қолжетімді болу міндеттерін шешу мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге мобильді топтардың шығу мумкіндігі жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде алушылардың
санын ұлғайту үшін бұқаралық ақпарат құралында «Электронды үкімет» және электронды сандық қолтаңбалардың таралуы бойынша үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде.
Қызмет алушылардың ақпараттық деңгейін көтеру бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде көпшілікке қолжетімді орындарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар орналасқан.
2017 жылы жергілікті атқарушы органдар (ведомстволық бағынысты ұйымдар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру бойынша 27 семинар-жиналыс, «дөңгелек үстелдер», құқықтық жалпы оқу өткізді.
Қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің төлқұжаты, оларды алу мен арыздану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі жұмысы туралы есептер орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыс туралы көпшілік талқылауларға азаматтардың белсенді қатысуларын қамтамасыз ету үшін  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептеріне енгізілді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептерді көпшілік тыңдауларды өткізудің нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар дайындалып, Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

         Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үдерістерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсетудің сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
       Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мекемелері электронды түрге ауысқан мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін сәйкес ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Приозерск қаласы әкімінің  2016 жылғы  30 желтоқсандағы
№ 72ө  өкімі негізінде  мемлекеттік қызметтер көрсетуге ішкі бақылау жүргізу жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік мекемелерінде стандарттарды және регламенттерді сақтау, жұмыстарды ұйымдастыру жетілдіру бойынша сәйкес ұсыныстар енгізілуімен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау, мемлекеттік қызметтерді мерзімінде көрсету және сапасын жоғарылатуды тексеру бойынша  ішкі бақылау жоспарға сәйкес жүргізіліп отырды.
2017 жылдың есептік кезеңі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 20 фактісіне жол берілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып орындалуы келесі мекемелерде орын алды:
- «Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ – 16 қызмет;
- «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 3 қызмет;
- «Приозерск қаласы әкімі аппараты» ММ АХАЖ бөлімі – 1 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзу себептерін жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2017 жылы Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының 9 мемлекеттік және азаматтық қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқытылды.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары

Келешекте жеке және заңды тұлғаларды қолайлы және сапалы, соның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен қызмет алушылардың   байланысын азайту үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету процедурасын балама негізінде электрондық форматта арқылы көшіру жұмысы жалғастырады.
Бақылау шаралары, семинарлар, құқықтық жаппай оқу өткізу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  түсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін және халықпен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады.
Жалпы, 2018 жылғы жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталады.


Дата редактирования: 10 Қыркүйек 2018

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.34
Евро 428.78
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика