ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2014 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) 647 қызмет көрсетіледі, оның ішінде мемлекеттік қызметтің 60 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.
-«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 18 қызмет;
-«Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 5 қызмет;
-«Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 қызмет;
-«Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 4 қызмет;
-«Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» - 16 қызмет;
-«Приозерск қаласының ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ – 15 қызмет.
2014 жылы барлығы 5447 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: - мемлекеттік органдар арқылы  - 4425, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 1022 (18 қызмет түрі көрсетілген) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер – «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» (1170 қызмет көрсетілген), «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (587 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (514 қызмет көрсетілген) және «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (490 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Приозерск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған.
Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. 2014 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына  бірінші кезекте назар аударылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау барысында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар келіп түспеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдердің мемлекеттік органдармен бұзылу деректеріне жол берілмеген.
Ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет сапасы мен оның уақытында көрсетілуіне бақылау жасау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған. Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің ұдайы бақылауында.


 


Дата редактирования: 21 Қаңтар 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика