ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2013 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ереже 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) 647 қызмет көрсетіледі, оның ішінде мемлекеттік қызметтің 51 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі.
- «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 17 қызмет;
- «Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 5 қызмет;
- «Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 қызмет;
- «Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 3 қызмет;
- «Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» - 15 қызмет;
- «Приозерск қаласының ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ - 10 мемлекеттік қызмет.
2013 жылы жергілікті атқарушы органдармен 5220 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
4360 мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдар, 860 (12 қызмет түрі көрсетілген) мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдар көрсетті.
Бекітілген стандарттарға сәйкес 1582 мемлекеттік қызмет ақылы, 3638 мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетілді.
Мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсетуге 5220 жеке және заңды тұлғалар өтінген.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер - «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (720 қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (419 қызмет көрсетілген), «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» (1001 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды.
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Приозерск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған.
Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына  бірінші кезекте назар аударылады.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін электрондық нысанда көрсетуге ауысырылған. Осылайша, 2013 жылы 281 қызмет немесе осы қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтің жалпы санының 99% «электрондық үкімет» және ХҚКО арқылы көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. 
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау барысында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар келіп түспеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдердің мемлекеттік органдармен бұзылу деректеріне жол берілмеген.
Ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет сапасы мен оның уақытында көрсетілуіне бақылау жасау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған. Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің ұдайы бақылауында.


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика