ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

(Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі



Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының, сонымен қатар көрсетілетін қызметті ұсынушылардың және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес Сіздің (көрсетілетін қызметті алушы):
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округ басшысының атына, мемлекеттік органның мекен-жайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе қолмен жеткізу арқылы көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесі арқылы қабылданады.
Шағымды қабылдаудың растауы болып көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесіне тіркелуі (мөртаңба, құжаттың кіріс нөмірі мен датасы) табылады.
Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажетті шаралар қолдануға бағытталады.
ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану www.con.gov.kz интернет-ресурста көрсетілген мекен-жай мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына бағытталады.
ХҚКО шағымды қабылдаудың растауы болып оның кеңседе тіркелуі (мөртаңба, құжаттың кіріс нөмірі мен датасы шағымның екінші данасына немесе шағымға сілтеме хатқа қойылады) табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚКО басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажетті шаралар қолдануға бағытталады.
Көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, ХҚКО атына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымды қараудың нәтижесі туралы дәйекті жауап пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті ұсынушының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесі арқылы, сонымен қатар ХҚКО лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолына беріледі.
Портал арқылы берілген шағым бойынша ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті ұсынушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті ұсынушының шағымды өңдеуі кезінде жаңартылып жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қарау немесе қараудан бас тарту жөніндегі жауап дайындауы жүктеліп отырады.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жөніндегі өкілетті органға www.kyzmet.gov.kz шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жөніндегі өкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.


Дата редактирования: 29 Мамыр 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»