ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету- 2016 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп



1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) мемлекеттік қызметтің 86 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.
- «Приозерск қаласының әкімі аппараты» ММ – 5 қызмет;
-«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 17 қызмет;
-«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 6 қызмет;
-«Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 қызмет;
-«Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ - 22 қызмет;
-«Приозерск дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 1 қызмет;
-«Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ – 18 қызмет.
-«Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» ММ – 6 қызмет;
- АХАТ қызметі – 9 қызмет;
2016 жылы 52 қызмет түрінен барлығы 9319 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: - мемлекеттік мекемелер арқылы  7844, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы   – 1373, «Электронды үкімет» порталы арқылы – 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер - «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (2269 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1296  қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (725  қызмет көрсетілген), «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (835 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды.
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Приозерск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған.
Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
2016 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар және «Ашық есік күні» өткізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына бірінші кезекте назар аударылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Приозерск қаласы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі №15б бұйрығы негізінде  мемлекеттік қызметтер көрсетуге ішкі бақылау жүргізу жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау ай сайын жүргізіліп отырды.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:
- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;
-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;
-мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.


Дата редактирования: 02 Ақпан 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»