ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2015 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) мемлекеттік қызметтің 86 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.
- «Приозерск қаласының әкімі аппараты» ММ – 5 қызмет;
-«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 17 қызмет;
-«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 6 қызмет;
-«Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 қызмет;
-«Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ - 22 қызмет;
-«Приозерск дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 1 қызмет;
-«Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ – 18 қызмет.
-«Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» ММ – 6 қызмет;
- АХАТ қызметі – 9 қызмет;
2015 жылы 52 қызмет түрінен барлығы 6951 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: - мемлекеттік мекемелер арқылы 39 қызмет түрінен - 5438, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 22 қызмет түрінен – 1493, «Электронды үкімет» порталы арқылы қызметтің 1 түрінен – 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетілген қызметтің 8 түрінен 477 ақылы, 44 түрінен 6474 ақысыз мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары және регламенттері бекітілген.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер - «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (1548 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (835 қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (480 қызмет көрсетілген), «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (675 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Приозерск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған.
Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар үшін қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына бірінші кезекте назар аударылады.
2015 жылдың 18-20 қарашасы аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұйымдастыруымен «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдардағы автоматтандырылған жұмыс орындарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өткізілген семинарға 3 қызмет көрсетуші қызметкер қатысты.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау барысында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар келіп түспеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдердің мемлекеттік органдармен бұзылу деректеріне жол берілмеген.
Ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет сапасы мен оның уақытында көрсетілуіне бақылау жасау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған. Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің ұдайы бақылауында.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардыңкөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануынодан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:
- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;
-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;
-мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
- тұрғындарғамемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.


Дата редактирования: 20 Қаңтар 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика