ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылғы бірінші жарты-жылдықта атқарған жұмысы туралы қалалық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі 13.09.2010ж.

Приозерск қаласы әкімінің
2010 жылғы бірінші жарты-жылдықта атқарған жұмысы туралы
қалалық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі

2010 жылдың І жартыжылдығында қалалық әкімдіктің жұмысының басым бағыты Елбасының 2010 жылдың 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауын зерделеуге,  жергілікті халыққа насихаттап түсіндіруге және жүзеге асыруға бағытталды.
Қаладағы кешенді ақпараттық-насихат жұмыстары жергілікті БАҚ, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыру және өткізу, ақпараттық насихат топтары, сыртқы жарнама арқылы жүргізіліп, Елбасының Жолдауын жүзеге асыру бойынша қойылған міндеттерді түсіндіруге бағытталды. Медиа-жоспарға, дағдарысқа қарсы іс-шараларды, Жол картасын жүзеге асыру барысын ақпараттық- насихаттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілді.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында  облыстық АНТ мүшелерімен жоспарланған 3 кездесу өткізіліп 1500 адам қамтылды. Қала әкімінің және АНТ мүшелері тобымен жергілікті тұрғындар арасында 11 кездесу өткізіліп, облыстық және жергілікті «Приозерский вестник» басылымында 12 ой-пікірлер жарық көрді. Жергілікті телеарна арқылы Жолдаудың жеке тарауларын түсіндіру мақсатында 14 сюжет жарықтандырылды.
Елбасының халыққа Жолдауын, «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын насихаттау мақсатында қала көшелерін сыртқы жарнамамен безендіру үшін  200,0 мың теңгеге билбордтар мен тартпалар алынды.
Бөлімде 6 комиссия жұмыс атқарады. 2010 жылдың І жартыжылдығында 1 дөңгелек үстел,  10 комиссия отырысы өткізілді.
Қалада өткізілетін барлық іс-шараларға қалада тіркелген 3 діни бірлестік: православиялық шіркеу, мұсылмандар мешіті және христиан-баптистер шіркеуінің өкілдері де белсене қатысып отырады.
2010 жылдың І жартыжылдығындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда және тіл саясатын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жұмыспен қамту
2010 жылдың І жартыжылдығында Приозерск қаласының жұмыспен қамту бөлімінде 413 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Бүгінгі күні жұмыссыздық өткір проблемалардың бірі болып отыр. Жұмыссыздықтың есесінен жұмыссыз азаматтар біліктілігін, қазіргі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. 
Жұмыссыздықтың алдын алуда жұмыспен қамту бөлімімен атаулы жұмыстар атқарылуда.
Есептік кезеңде  210 адам жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына жүргізуші, телефонист, жүк түсіруші, шабарман мамандықтары бойынша 10 адам жұмысқа орналастырылды.
Жылдың басынан қоғамдық жұмыстарға 115 жұмыссыз жіберілді.Кәсіптік оқытуға 35 адам жіберілді. Өз ісін ашуға 12 азаматқа материалдық көмек көрсетілді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында 7 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа жіберілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жалпы 37 отбасына көрсетілді.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған  жәрдемақы 207 балаға тағайындалды.
Қала  бюджетінен тұрғын үй жәрдемақысын 56 отбасы алды.
2010 жылдың І жартыжылдығында 107 мүгедек тіркелген.
Үйде әлеуметтік қызмет 26 адамға, оның ішінде 8 мүгедекке, 12 зейнеткерге, 6 мүгедек балаға көрсетіледі,1 жалғызбасты басқаның көмегін қажет ететін мүгедекке жәрдемақы тағайындалып, сол сияқты 6 мүгедек бала үйден оқытылып тәрбиеленеді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 1 адамға көзінің нашар көруіне байланысты тефлоплеер, 4 адамға ортопедиялық аяқ киім берілді, 1 адам аяғына протез жасатуға жіберілді. Гигиеналық құралдар (памперстер)  10 адамға берілді.
1 маусым – балаларды қорғау күніне байланысты кәсіпкерлер ассоциациясының ұйымдастыруымен «Винстон» кафесінде мүгедек балаларға қайырымдылық түстігі беріліп, сыйлықтар үлестірілді.
Қала әкімінің қолдауымен Жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімінен балалардың есеп шоттарына 2,0 мың теңгеден ақша аударылды.
Бағаның өсуіне байланысты, негізгі азық-түлік тағамдарына 406 адамға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, жасына байланысты мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын зейнеткерлерге қосымша әлеуметтік төлем бір айлық есептік көрсеткіш (1413 теңге) мөлшерінде төленді.
Жыл басынан  Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен  4 азаматтан біржолғы жәрдемақы алу үшін өтініштері қарастырылып, құжаттары зейнетақы төлеу орталығына  төлемге жіберілді.
Жергілікті өкілетті органның шешімімен (дәрі-дәрмек алу, қайғылы және төтенше жағдайларға байланысты құжаттарын қайта алу, Жеңіс күнін, Қарттар күнін, Мүгедектер күнін тойлау,  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық, электр, абоненттік және қатты отын үшін төлемдерін төлеу) жеке санаттағы 500-ден астам азаматтарға төлемдер төленді.
Соғыс кезінде совхоз, кохоздарда еңбек еткен азаматтардың еңбек өтілін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың І жартыжылдығында арнайы комиссиямен еңбек өтілін анықтау бойынша 2 өтініш қарастырылды, 2 азаматтың соғыс кезінде жұмыс істеген уақыттары есепке алынып, «тыл еңбеккері» санаты бойынша төлемдер алуға құжаттары Мемлекеттік зейнетақы орталығына жіберілді.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында 4 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 29 тыл еңбеккері, 4 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері тіркелген.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлау қарсаңында төмендегідей іс-шаралар жоспарланып, өткізілді:
- 4 Ұлы Отан соғысына қатысушыларына 50,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 200,0 мың теңге; 29 тыл еңбеккерлеріне  5,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 145,0 мың теңге;  4 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне 10,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 40,0 теңге көлемінде, барлығы 385,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді;
- 4 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 65,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 260,0 мың теңге; 29 тыл еңбеккерлеріне  10,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 290,0 мың теңге;  4 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне 25,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 100,0 теңге көлемінде, барлығы біржолғы материалдық көмек республикалық бюджеттен 580,0 мың теңге көлемінде, жергілікті бюджеттен 70,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
- Ұлы Отан соғысына қатысушы 4 ардагерге коммуналдық, электр энергиясының, абоненттік төлемдерін төлеуге жалпы сомасы 135,1 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді;
- дәрі-дәрмек алу үшін 4 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 29 тыл еңбеккерлеріне, 4 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне жалпы сомасы 185,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді;
- Басылымдарға жазылу үшін 4 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 29 тыл еңбеккерлеріне, 4 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне жалпы сомасы 133,2 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Жоғарыда айтып өткендей жұмыссыздарды жұмыспен қамту-өзекті мәселе. Қалада жұмыс беруші кәсіпорындар болмағандықтан, жұмыссыздар әскери бөлімдерге барады. Бірақ әскери бөлімдерге орналасу денсаулығының нашар болуына, мамандықтын жоқтығына байланысты барлығына бірдей мүмкін емес.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың да пандустың жоқтығынан бөлімге келіп-кетуі қиындық туғызады.
Әскери бөлімдерде азаматтық жұмыс орындары көбірек болса, жұмыссыздықты жоюдағы елеулі бір қадам болар еді. Бұл келешекте шешімі табылатын мәселе деп сенеміз.
Білім беру
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан-2030» Стратегиясында білім беру саласы мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі екендігін  атап көрсеткен. Сол себепті қалалық білім беру ұйымдарында  білім саласын дамытуға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Оларды жүзеге асыру барысында саналы да сапалы, білімді де белсенді жастарды дара тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалуда.
2009-2010 оқу жылында   жалпы білім беру мектептерін  барлығы   1530 оқушы аяқтады.  № 1 орта мектепте 1077 оқушы, № 2 орта мектепте 453 оқушы. Білім сапасы 40,3 % көрсетті.
Сонымен қатар,  2010 жылдың 2 сәуірінде  халықаралық деңгейде өткен TIMSS апробациялық зерттеуінде  № 1 орта мектепте 4 және 8-сынып оқушылары жаратылыстану пәндері бойынша сынақ тест тапсырды, зерттеу бойынша сынақ тест нәтижесі 2010 жылғы  желтоқсан айында белгілі болады.
Оқушылардың білім деңгейін арттыру және жан-жақты жетілдіру мақсатында  2009-2010 оқу жылында  жалпы оқыту пәндері бойынша республикалық «Олимпиада -2010» олимпиадасы  өткізілді. Олимпиадаға № 1 жалпы білім беру қазақ орта мектебінен орыс тілі пәнінен 3 оқушы  қатысып, республикалық олимпиаданың   ІІІ облыстық кезеңіне өтті.
Мектеп бітірушілердің мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін бағалайтын  Ұлттық бірыңғай тестілеуге 25 мектеп бітіруші қатысты (44,6 %),  мектептегі  мемлекеттік емтиханды  барлығы 30 оқушы тапсырды, 1 оқушы денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Балқаш қаласында Орталық Қазақстан технология және менеджмент институтында 2010 жылғы 5 маусымда өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жалпы орташа балл – 74,5  (2009ж. – 68,8 балл). Ең жоғары     балл -  99, жоғары балл иесі Оналбаева Диана,  шекті деңгейден өтпегендер саны – 1.
Мектептің білім сапасының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ету мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерімен, шеберлігін дамыту мақсатында жүзеге асырылады.    Осыған орай биылғы оқу жылында кәсіби біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестаттаудан өтуге  барлығы 31 педагог  өтініш беріп, біліктіліктерін көтерді. Оның ішінде 1 педагогтың  жоғарғы санатты расталды,  9 педагог 1 -санатты растаса, 7 педагог 1- санатты иеленді, 2- санатты біліктілік санатын 11 оқытушы иеленіп, 3 оқытушы 2- санатты растады.  2010-2011 оқу жылында аттестациядан өтуге 27 оқытушы өтініш берді.
Жалпы білім беру орта мектептердің жалпы білім беру қорына  жергілікті бюджеттен 2010 жылы 5 млн. 912 мың теңге бөлінді. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылар және көпбалалы отбасынан шыққан балалардың тамақтануына 4 млн.416 мың теңге қаражат бөлініп, оның 2 млн. 49 мың теңгесі игерілді.   Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға  631 мың теңге қаражат бөлінді.  Көпбалалы отбасы және аз қамтылған отбасынан шыққан  мектеп жасындағы оқушыларға  киім – кешек алуға 800 мың теңге бөлінді. Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсетуге арналған шығыстар 4 пайызды көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің  2008 жылғы 13 тамыздағы № 98 «Мектеп асханаларында 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру»  әдістемелік-ұсынымды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2008-2009 оқу жылынан бастап жалпы білім беру мектептерінде 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Ыстық тамақпен 667 оқушы қамтылған. 2010 жылы жергілікті бюджеттен 19 млн. 564 мың теңге бөлініп,  әр оқушыға 150 теңге көлемінде қаражат жұмсалады.
Жалпы білім беру орта мектептерінде жеке сектордан қатынайтын оқушыларды тасымалдау  жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. 2010 жылы тасымалдауға 1млн. 437 мың теңге қаражат бөлінді. Тасымалданатын оқушылар саны 128  құрайды. Оқушыларды тасымалдау жеке кәсіпкерлер А. Байманов және М.Уразметовпен жүзеге асады.
Оқушыларға сапалы білім беру ұстаздардың алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі.
2010-2011 оқу жылына  оқушыларға және мұғалімдерге арналған  оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға  республикалық бюджеттен 812 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2млн. 792 мың теңге бөлінді. Оқулықтар және оқу әдістемелік кешендер алу үшін  «Атамұра», «Білім», «Мектеп», «Алматы кітап», «Жазушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басылымдарымен келісім-шарт жасалып, тапсырыс берілді.
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық жағынан дамуын, сол сияқты кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қылмыс жасауының және бақылаусыз қалуының алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын   ұйымдастыру   қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы қалада 215 баладан  құралған, тамақпен қамтылған 3  мектепішілік лагерь, тамақпен қамтылмаған 50 баладан құралған 1 лагерь жұмыс істейді. Барлық мектепішілік лагерьлерде  санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет  көрсетудің қорытындылары жасалған.
Мектептер жанындағы лагерьлерді педагог және басқа да кадрлармен қамтамасыз ету, қызметін жақсарту, оларда балалардың болуы үшін қажетті материалдық – техникалық және тұрмыстық жағдай жасау шаралары жүргізілген.
2010 жылдың маусым айынан бастап  «Жол картасы» аясында жалпы білім беру мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары  басталды. № 1 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25млн.568 мың теңге, № 2 мектепке облыстық бюджеттен 68 млн.757 мың теңге бөлінді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілі бойынша № 1 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Приозерск - СтройМастер» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, № 2 мектептің  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге  «ГрандҚұрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен  келісім шартқа отырды. 
Жазғы уақытта «Жол картасы» бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне тіркелген 39 жұмыссыз адам жұмылдырылды.          
«Жол картасы» бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат әр аптаның  бірінші күні  вебсайтта жаңартылып отырады.
Халық өсімі
Тұрғындардың табиғи өсімі 143 құрады.Есептік кезеңде дүниеге келген нәрестелердің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47 балаға артып,171 адамды құрады. Өлім деңгейі біршама төмендеді. Былтыр 42 болса, биыл -28. Есептік кезеңде 80 отбасы некесін қиған. Былтырғы жылмен салыстырғанда  ажырасу көрсеткіші 2 есе көбейген.
Мәдениет
Мәдениет саласындағы жұмыстар тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, қаланың мәдени деңгейін көтеруге, дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған.
Балалар және ересектер кітапханасынан тұратын қалалық  кітапхананың мәдени бөлігіне кіретін 2010 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқырмандар саны  2363 адамды құрады.
Жылдан жылға кітапхананы қаржыландырудың өсуіне байланысты кітап қоры едәуір артты. Қазіргі күні кітапхананың жалпы кітап қоры 51414 дана кітаптан тұрады. Оның   5465 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.
І жартыжылдықта облыстық мәдениет департаментінен қалалық кітапханаға 117 дана кітаптар бөлінді, оның 109 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.  2010 жылға басылымдарға жазылу үшін 323 мың теңге қаржы бөлінді. Кітапхананы ақпараттандыруға көп көңіл бөлінуде. Қазір кітапханада 3 телефон, 8 компьютер, 1 мәтін алғы, факс және көшірме аппараты жұмыс  істейді.  Оқырмандарға арналған Интернет сыныбы жұмысын жалғастыруда.  Жергілікті бюджеттен 2010 жылы Интернет жүйесіне шығу үшін 77 мың теңге бөлінді, оның 26 мың теңгесі игерілді. Мәдени іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге – 1 млн. теңге бөлінген.
І жартыжылдықта бөлімнің ұйымдастыруымен келесі іс-шаралар өтті:

  1. Халықаралық әйелдер күніне арналған «Приозерск аруы - 2010» атты байқауы;
  2. Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт;
  3. «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндердің байқауы;
  4. Халықаралық отбасы күні аясында «Бауырсақ күні» мерекесі;
  5. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Сүйкімді» байқауы және мерекелік концерт;
  6. Өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мақсатым – тіл ұстартып өнер шашпақ...» атты Абай оқуларының байқауы;
  7. Мұқағали Мақатаев атындағы «Туады, туады әлі, нағыз ақын» атты ақындар байқауы.

Өнеркәсіп:
Қалада өнеркәсіп өндіруде «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру» КМК жұмыс істейді. Жоспар көлемінде жылына   ауыз су, жылу өндіруде 403,3 млн теңге, облыстық өнеркәсіп өндіруде барлық көлемі 0,05% құрайды,
2010 жылы 6 айда өнеркәсіп өнім  көлемін өндіруде КМК «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру»205,4 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 15,6% өсті,  жоспарда 84,1%.(27,8 млн.тенге).
Ағымдағы жылдың сәуір айында өнеркәсіп өнімдері көлемінің ауытқуының себебі,  жылу беру кезеңі наурыз айынан бұрын тоқтатылуына байланысты болып отыр.
Барлық жылдық жоспардағы өнеркәсіп  өнімдерін көлемін жопарлап орындау бойынша  жиналған судан күтілетін көлемнің есебі  36,0 млн теңге, бұл статистика басқармасының 2010 жылдың басындағы   жаңа тәсіл есебіне сәйкес.  
Негізгі капиталға инвестиция салу:
Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 2010 жылы 6 айына 576,7 млн теңге немесе 101%. Жоспарда 224,6% , 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда.
Республикалық бюджеттің өз есебінен жоспарлап орындауға  83,2 млн теңге ,  үй құрылысының  инвестициясына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда:
2010 жылы 6 айда тіркелген  шағын бизнес  субьектілері саны 348,  жоспар бойынша  100,9% құрап, өткен жылдың  6 айымен салыстырғанда 121,0% .
Шағын бизнеспен  қамтылған адамдар саны 715 адам немесе 100,6%,  жоспар бойынша 123,0% 2009 жылдың кезеңімен ұқсас.
Шығарылған өнімнің көлемі (тауар, қызмет) 350,3 млн теңгені құрап, немесе 103,4%, жоспар бойынша,  өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 103,8%.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы динамикалық өсумен сипатталады.
Тіркелген шағын кәсіпкерліктің субьектілерінің саны  жыл сайын өсуде.
Қалада  кәсіпкерліктің негізі қызметі сауда-саттықпен көрсетілген, соңғы біраз жылдар бойы  республикалық бюджеттің трансферті бойынша бөлінуде. құрылысқа, тұрғын үйлерді толық капиталдық жөндеудеуден өткізу, су құбырын жаңарту, облыс бойынша  негізігі шағын кәсіпкерлік субьектілері  қызметінің құрылысы жандандырылуда.
Бардюр, тратуар плиткаларын дайындау жобасы жүзеге асыруда.
Пластикалық терезе салу,  шағын судалар, кіші  өндірісте  шикі затты екінші рет қайта өңдеуге және жихаздарды құрастырып жинау бойынша  екі жоба жүзеге асырылуда.
           Қаламызыдың  кәсіпкерлермен  сауда қызмет нысандарының құрылысы жеткілікі жеделдетіп жүргізілуде. 
Жаңадан «Ақниет» аптекасы ашылып,  Кисунько 13/3 көшесінде  жөндеуден өткенен кейін дәріханада тұтынушыларды қабылдайды.
2010 жылдың 6 айында пайдалануға 6 нысан берілді.  (Мираж мейрамханасы, «Бейбарыс» сауда үйі, «Шахнұр», «Диана», «Арина» дүкендері ашылып жұмыс жасалуда және шаштараздар ашылуда.
Халықаралық сауықтыру туристік орталығы «Балхаш-Нұрсая» инвестициялық жобасы жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асырушы «Нұр-сая» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Президент әкімшілігінің жоспарлауымен жобаны жүзеге асыруда курортық демалыс орнының  құрылысы да бар.
Қаламыздың  кәсіпкерлермен «Туристік-сауықтыру кешені» жобасы жасалған. Кешен  балық өнімдерін қайта өңдеу, тауар балығын өндіру кешені  және сүт өнімдерін өндіру кешені болады. Бұл жоба бірнеше рет несие беретін мекемелерде қарастырылып,  қазіргі уақытта бұл жоба қайтадан қарастырылуды.  Жобалар көп жағдайда қаржыландырылмай  қалуда. Себебі қаламыздың аумағындағы кепілге салған мүліктің өтімісіздігіне байланысты.
2010 жылы  қаламызда шағын кәсіпкерлерімен кәсіпкерлікті бастайтын кәсіпкерлерге және тұрғындарға арналған  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционкерлік қоғамы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен бірлесе отырып   2- кезеңі бойынша күндіз «Бизнес– Кеңесші» бағдарламасы  туралы тегін, қысқа,  жедел оқыту курсы өткізілді.
Оқуға 40 адамдай тыңдаушылар қатысып, барлық қатысқан тыңдаушыларға курс соңында сертификат тапсырылды. 2009 жылы осыған ұқсас 50 адам оқыды.
Қалада «Приозерск қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы»  жұмыс жасайды, қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі және  Қазақстан  кәсіпкерлер  қауымдастығының  өкілдігі қаланың қоғамдық-саясаттық өміріне активті үлес қосуда.
Қалада кәсіпкерлікті дамытуға  қатысты   қала әкімі ай сайын кәсіпкерлермен проблемалы сұрақтар бойынша кездесу жүргізеді.
Республиканың Алматы-Астана жолында 17 наурызда төтенше жағдай орын алып, ҚР ҚО әскери бөлімшелері қала кәсіпкерлерімен  бірлесе отырып тегін азық-түлікпен, жолаушыларды көлікпен, жүк машиналарымен және басқада көліктермен  қамтамасыз етіп, азықтануға қаржысы жоқ адамдарға көмек көрсетілді.
Инвест жобаны жүзеге асыруда.
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 11 шілдедегі №62-10-23 тапсырмасына сәйкес бүгінгі күнде қаламыздың аумағында «Балхаш-Нұрсая инвестиция жобасы басталып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде шикізат экономикасының   саласы бойынша отандық кластер жүйесін құрудың негізі ролі, оның ішінде туризімді дамытуды айтты.
Сонымен қатар Ел басының  Қазақстан халқына жолдауындағы халықты сауықтыру ұлттық бағдарламасын мағұлымдау, мемлекетімізді дамытудағы  бағытының  бірден-бір басымдығы болып табылады. Халықаралық сауықтыру туристік орталығы «Балхаш-Нұрсая» осы екі бағытта қанағаттандырылғандықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты:
1.Экологияның тазалығы
2. Ұлттың  денсаулығы
3. Балалардың денсаулығы
4. Ішкі туризмді дамыту
5. Қазақстанға  шетелдіктерді  туризмге тарту және  көтеру
6.Жаңа жұмыс орындарын құру 
Жобаны жүзеге асыруда барлық жағдайға ыңғайлы  Приозерск қаласының маңында ауданы 370 га жер участкесі берілген. Жобаның участкесі Балхаш көлінің солтүстік жағалауында, Алматы-Астана жолынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағында үлкен табиғи құмды жаға-жай, керемет көрнісі бар. Сонымен қатар жақын маңында барлық коммуникациялар орналасқан. (8км) қашықтықта автокөлік жолдары, (23 км ) қашықтықта темір жолы, (20 км) қашықтықта әуежай орналасқан, электр қуаты және  сумен жабдықтау, кәріз қызметтері де бар.
«Балқаш-Нұрсая» кешені аумағында орналасқан тиімді стратегиялық орындар, Қазақстанның  ірі қалаларымен  тең. ( 500 км қашықтықта Алматы, 600 км қашықтықта Қарағанды, 800 км қашықтықта Астана, 1000 км қашықтықта Шымкент) сондай-ақ көрші мемлекеттер (400 км қашықтықта Қырғызстанның астанасы Бішкек, 850 км қашықтықта Қытай шекарасы, 1200 км қашықтықта Өзібекстанның астанасы Ташкент, 1200 км қашықтықта Россия шекарасы,  ішікі және сыртқы туристерге ыңғайлы қол жеткізуін жасайды.
Жобаның жалпы құны – 420 млн. АҚШ долларына есептелген (келешекте 2 млярд долларға дейін өсуі мүмкін). Жоспарланған нысанның орташа өтуі  күніне 15-18000 мың адам деңгейінде. Жыл сайынғы жоспарланған  кіріс көлемі 90 млн. долларды құрауы мүмкін. Нысанның өзін-өзі ақтау мерзімінің есептік уақыты 5 – 6 жыл. «Балқаш-Нұрсая» орталығының құрылысы біржола аяқталуы 5-6 жылды алады, немесе толық  пайдаланылуға енгізу 2015 жылға дейін жоспарланған.
Жобаны іске асыруда   2-3 мың жаңа жұмыс орындарын ашу қаралған.
Қазіргі таңда жобаның бастапқы кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Кешен аумағында 51 киіз үйден құралған  қалашықтар орнатылған. Қазіргі уақытта  демалушыларды қабылдауға дайын. Балқаш көлінің жағалауында  балық аулауға емделуге жағдай жасалынған. Демалушылар  қымбат әсемдетілген киіз үйлерге орналаса алады. Қазіргі уақыттағы қолайлы жағдайдың   барлық  түрлері -телевизор, тоңазытқыш, шомылатын бөлме және дәретханамен жабдықталған. Жобаны жүзеге асырушы «Балқаш-Нұрсая» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ауыл шаруашылығы
Ағымдағы жылдың 6 айына жалпы өнім көлемі 9,2 млн. теңге немесе жоспарға 119,5 % және 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,0 % құрады.
2010 жылға арналған ветеринарлық алдын алу іс-шараларына сәйкес 1 жартыжылдыққа жоспарланған келесі іс-шаралар орындалды.
Жылдық жоспарға сәйкес ірі қараның бруцеллез ауруын алдын алу негізінде  қан тексерісіне 700 сынама болды және ол 100 % орындалды.
400 ірі қараның лейкоз ауруына тексеріс жүргізіліп,  100 % орындалды.
Сібір жарасына қарсы 450 ірі қара малға вакцинация жасалып, 100 % орындалды, сібір жарасы мен чума ауруын алдын алу негізінде жоспар бойынша 15 түйе болды және ол 100 % орындалды, 50 жылқыға вакцинация жасалып 100 % орындалды, аусыл ауруына қарсы ұсақ малға жоспарда 1000 бас болып, 716 басқа егіліп 71,6 % орындалды, ірі қара мал жоспарда 400 бас болып, 485 бас егіліп, 121,3  % орындалды,  жоспардың орындалмауы аусыл ауруына қарсы вакциналардың 85 ірі қараға егілуіне байланысты, құс тұмауына қарсы 2000 бас жоспарда болып, 100 % орындалды, иттің құтырма ауруына қарсы 150 бас болып жоспарда, 100 % орыдалды, мысықтың құтыру ауруына қарсы жоспарда 50 бас болып, 100 % орындалды,  иттің дегельминтизациясына – 150 бас егіліп,  100 % орындалды, ірі қара малдың өкпе ауруына қарсы шілде айында жоспарда 300 бас болып, 350 тексеріліп, 116,7 % орындалды.
3 тоқсанда ветеринарлық-санитарлы іс-шараларын орындау жоспарлануда, соның ішінде аусыл ауруына қарсы ІҚМ – 284 басқа вакцинация жасалды, өкпе ауруына – 300 бас, В 3 квартале планируется завершить плановые ветеринарно-профилактические мероприятия, а именно вакцинацию МРС против ящура – 284 гол, аллергическое исследование КРС на туберкулез  - 300 гол, аллергическое исследование верблюдов на туберкулез  - 15 гол, жоспар бойынша 15 түйе және 50 жылқыға вакцинация жасау болып, малеин дарісінің жоқтығына байланысты ол жүргізілмеді.
Приозерск қаласы аумағында эпизоотологиялық жағдайды жақсарту үшін, қала әкімімен өз қаражаттарына малсою алаңын ашу үшін жеке және заңды тұлғаларды іздестіру болды. 
Производственная 109 көшесінде орналасқан тиесілі нысанда 2010 жылдың маусымында дербес кәсіпкер А.Еспенбетов жеке меншікті мал сою алаңын ашты. Мал сою алаңы күрделі жөндеуден өткізіліп 2010 жылдың 11 маусымында А.Еспенбетовке мал сою алаңынын жұмысын  бастау үшін KZ M.14 U-3-088 есеп нөмірі беріліп жұмыс жүргізілуде.
Қаланың эпизоотиялық, ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту  үшін, жабайы жануарлар малдың өлекселерін жан-жаққа тасымау үшін және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, Приозерск қаласының аумағында мал қорымын салу үшін 2009 жылы 3 668  740 теңге бөлініп және игеріліп, мал қорымы салынып аяқталды.
2010 жылы 31 наурызында № 171/26 қала әкімінің қаулысымен бекітілген иттер мен мысықтардың көбеюіне байланысты, адамдарды иттердің қауып алу қаупынан және де қала тұрғын үйлерінде санитарлық жағдайының жақсаруына байланысты, ауыл шаруашылығы бөлімімен қала аумағында адам және жануарларға қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары мен комиссия құрылды.
«Тұрғын-үй коммуналдық реформалау басқармасы» КМК мен 29.01.2010 жылы Д.Р.Кенжебаевв пен Р.И.Квинтрадземен  11.01.2010 мен 20.02.2010 аралығында көше иттері мен мысықтарын ұстау іс-шарасы жоспарланған. Жалпы 8 мысық пен 176 ит ұсталынып, 2 кезең 2010 жылдың қараша айына жоспарлануда.
Инфляция
            Приозерск қаласы әкімдігінің 2010 жылдың 25 мамырында № 10/34 инфляциялық процестерді  тұрақтандыру мақсатында қызмет, жұмыс, тауар түрлері бойынша жаңадан жұмыс тобы құрылды.
Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және қаланы тұрмысқа қажетті тауарлармен толық, дер кезінде қамтамасызх ету мақсатында ағымдағы жылдың басында қала әкімдігімен «Балқаштамақ» ЖШС арасында, сонымен қатар қаланың «Буржуй» ірі дүкені арасында күріш, қант, күнбағыс майы және тұз өнімдерін белгілі бір көлемде ай сайын жеткізіп отырц туралы үш жақты мемороандумға қол қойылды.
Қала аумағында ұн қорын құру мақсатында, Қарағанды қаласының «Дамир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қалаға ай сайын 25 тонна ұн жеткізіп беру бойынша екі жақты Меморандум жасалып, қазіргі уақытта қалада 1-ші сұрыпты нанның бағасы бір қалыпты.
Аз қамтылған жанұяларды төмен бағалы көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдың мамыр айында қала әкімінің тапсырмасы бойынша жармеңкелер ұйымдастыру үшін Шу және балқаш қалаларынан көкөніс тасымалдау туралы тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізілді. Жәрмеңкелерде тауарларды сату үшін кәсіпкерлер тартылды. Қалада мамыр айының соңғы аптасынан бастап жәрмеңке жүргізіле бастады. Жәрмеңкеде көкһніс өнімлерінің бағасы сауда орнының бағасынан 30-40 % төмен.
Қала бойынша жанар- жағар май бағаларын тұрақты ұстау мақсатында 2010 жылы әкімшілік пен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды (соның ішінде «Қайсар» ЖШС және «Азия Петрол Трейдинг»). Осыған байланысты жеке кәсіпкерлер қаланы жанар-жағар маймен үздіксіз қамтамасыз етуді, қажетті қор мөлшерінің үнемі болуын және жанар-жағар май бағасының облыстық орта бағадан жоғары болмауын өз міндеттеріне алды. Осы жасалған меморандумдарға сәйкес 2010 жылдың ақпан айынан бастап, қалада жанар-жағар май бағасы тұрақтандырылды. Бүгінгі күнге қаламызда  жанар-жағар май бағасының бір литрі: АИ/92-84 тг.,  АИ/93 – 86 тг., АИ/80 – 68 тг., Дизель отыны – 69 теңгеге тұрақталуда.
2010 жылдың 6 айында 2206 кв.м енгізіліп, жоспарға 110,3 % немесе 17,7 %  2009 жылыдң осы кезеңімен салыстырғанда.
2009 жылмен салыстырғанда төмендеу 2010 жылы қаржыландырудың барлық көздерінің арқасында Қарағанды облысының құрылыс басқармасының 4000 кв. метр көлемінде жоспарға байланысты болуда. 2009 жылы 13761 кв. метр енгізілді, яғни 3,4 есе жоғары.
БСА 38а көшесі бойынша құрылысы толық аяқталмаған жалдамалы тұрғын үйге 2010 жылы республикалық бюджеттен 59 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған ғимараттың 1 блок-секциясына құрылыс жүруде.
Жеке тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің құрылысына республикалық бюджеттен 24,2 млн. теңге бөлінген. Бөлінген қаражатқа Транспортная және Строитель көшелерінде су жүйелеріне, сонымен қатар Ағыбай батыр және Приморская көшесі бойынша кәріз жүелеріне құрылыс жүруде.
Жол картасы бағдарламасы шегінде қалада 27 млн. теігеге санитарлы-эпидемиялық бақылау басқармасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Өткен жылдың қараша айында қалада «Мемлекеттік қала құру кадастрі» бағдарламасы орнатылды. Осы бағдарлама бойынша 30 қайта құрылған объектілер еңгізіліп, барлығы 279 құжат көшірмесі жасалынды.
Жыл басынан 11 құрылысы аяқталған объектілер пайдалануға алынып, оның ішінде 4 бизнес объектілері болып табылады.   
Жыл басынан 6 объектіге реттік нөмірлер берілді.
Жол картасы
Приозерск қаласында Жол картасы бағдарламасы бойынша жапы соммасы 94,3 млн. теңгеге екі жалпы орта білім беру мектептеріне күрделі жөндеулер жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алулар мерзімінде орындалды. Келесі келісім шарттар жасалынды:
№ 1 ОМ бойынша - 25 568,0 мың. теңге соммасына «Приозерск-Строймастер» ЖШС келесі жұмыс түрлері бойынша: жылу жүесін ауыстыру және терезелерді бөлшектеп ауыстыру;
№ 2 ОМ - 68 757,0 мың. теңге  соммасына «Гранд-Құрылыс» ЖШС  келесі жұмыс түрлері бойынша: су, жылу, кәріз жүйелерін ауыстыру, терезе есік, еден және қабырғаларды түзеу және бояу.
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шегінде 22 жұмыс орнына республикалық бюджеттен 1890,0 мың теңге бөлінді, ал 2010 жылға республикалық бюджеттен 7 жұмыс орнына 840,0 мың.теңге бөлінді.
«Жастар тәжірибиесі» бағдарламасы бойынша 2009 жылы жоғары оқу орындарының 5 түлегіне 405,0 мың.теңге бөлініп, игерілді, 2010 жылы жоғары оқу орындарының 3 түлегіне 360,0 мың.теңге бөлінді.
Жұмыссыздардың жоспарға 66 болуымен 39 адам жұмыспен қамтылды. Жоспардың орындалмауы жұмыссыздардың есебінде тұрған денсаулық, жас жағдайларына байланысты және біліктілік талаптарына сәйкес келмеуінен.
Қазіргі  таңда № 2 ОМ ғимаратында қысқы уақытта қабырғаларының жарылуы байқалуда. Қалалық бюджеттен 1135 мың. теңге соммасында зерттеу жұмысына қаражат бөлінді. Зерттеу жұмыстарымен ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриалды мемлекеті» айналысуыға құқылы. Ғимарат апатты болуда, соған байланысты ғимараттың ары қарай пайдалану үшін фундаменті мен қабырғаларын орнату үшін қосымша  25,5 млн. теңге қажет. Жергілікті бюджетте қаражат жоқ, сондықтан облыстан көмек сұраймыз. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен қосымша қаражатқа бюджеттік өнінім жіберілді.
Жолдар
2010 жылы жол жөндеуге жергілікті бюджеттен 7500 мың.тенге бөлініп, конкурс өткізіліп «Стройсервис+2005» ЖШС мен 5205 кв.м. жол көлемін жөндеуге 7400 мың.тенгеге келісім шарт жасалды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екінші жарты жылдықта қаланың орталық көшелерінде 72 ескі жол белгілерін аустыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Абаттандыру
Облыс әкімінің тапсырмасының негізінде 15 наурыз айынан 15 маусым айы аралығында абаттандыру мен санитарлық тазарту бойынша үш айлық ұйымдастырылды.
Қала аумағаның үш-айлық санитарлық тазарту кезеңіне 42 мекеме және 21150 адам қатысып, 153 га аумақ тазартылды.
Сонымен қатар 114 дана техника тартылды, оның ішінде 18 самосвал, 33 арнайы техника тартылды.
26 қоқыс үйіндісі тазартылып, 52 жарық көздері мен 2120 кв.м, жол төлесі жөнделді, 14,4 кв.м, бордюрлер ақталды.

Сонымен қатар 154 м. Қоршау жөнделіп, сырланды. 1100 дана тал кесіліп, 2 ғимараттың фасады жөнделді.
24 сәуір және 15 мамыр күндері облыс әкімінің тапсырмасы негізінде мекеме қызмекерлерімен жеке кәсіпкерлердің қатысуы мен жалпы облыстық сенбілік ұйымдастырылды.  
20 мамыр және 4 маусым күндері Балхаш көлінің жағалауында санитарлық тазарту бойынша сенбілік ұйымдастырылды.
24 сәуірде келесі көшелерге 2000 дана тал отырғызылды.  
Достық көш. – 600 дана тал.
Гвардейская көш. – 50 дана тал.
Кисунько көш. -  150 дана. тал.
Транспортная көш. – 200 дана. тал.
Агыбай батыр көш. – 100 дана. тал
№1 орта мектебі – 150 дана тал
№2 орта мектебі – 100 дана тал
Балхашская көш. – 150 дана.тал.
Пушкин көш. – 200 дана.тал.
Абай көш. – 50 дана.тал.
«Айналайын» бала бақшасы – 80 дана.тал.
«Балбөбек» бала бақшасы – 100 дана.тал.
Пирогов көш. – 70 дана.тал.
Үш айлық бойынша өткізілген барлық іс-шаралар жергілікті газетпен теледидарда басылып шығарылды.
Сонымен қатар 81 дана көше атаулары ілінді.
Жыл басынан Президент жолдауы тақырыбы бойынша қала көшелерінің сыртқы бейнесін безендендіруде 13 билборд орнатылды. Наурыз-мейрамы, Жеңіс күніне.
Жылу беру кезеңіне дайындық
2010-2011 ж.ж. жылу беру маусымына дайындығы бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді.
Қаладағы № 1 Қазандықтың №1 қазаны толығымен ауыстырылып жаңа қазан орнатылды.
1 қазан бойынша қабырғасын өру жұмыстары қалды, № 4 қазанның экрандық және конвективтік шоқтарын толығымен бөлш

Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика