ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жеке кәсіпкерлердің Приозерск қаласының дамуына қосатын үлесі 14.04.2010ж

Жеке кәсіпкерлердің Приозерск қаласының дамуына қосатын үлесі

            Мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғасы, Елбасының   жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы болып отыр. Жолдаудың басты мақсаты - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.
Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан -2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдық бағдарламасын жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат - осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау», деп атап айтты.
Елбасы халыққа Жолдауында енді біз 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын орындауға кірісеміз дей отырып кәсіпкерлік бойынша келесі міндеттерді алға қойды:
Таяу 10 жылдықта шетелдік инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті- кәсіпкерлікті жаңа экономиканың қозғаушы күшін дамыту яғни  "Бизнестің жол картасы -2020" деп белгілеп берді.
Осы міндеттерді өңірлік деңгейде шешуге қаламызда өз үлесін қосуда.
Инвестиция бойынша  қала экономикасының балық саласында инвестициялар 2009 жылда  1 млрд.365 млн. теңгені құрап, 2008 жылдың көрсеткішінен 3,7 пайызға артты. 
Бүгінде қаламызға шетелдік инвестициялар тартуда ҚР-сы Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы халықты сауықтыру ұлттық бағдарламасының аясында  «Балхаш-Нұрсая» Халықаралық сауықтыру туристік орталығы инвестициялық жобасы жасалынып, жапондық инвесторлар арқылы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру үшін Приозерск қаласының маңында ауданы 370 га жер участкесі берілген. Жоба участкесі Балхаш көлінің солтүстік жағалауында, Алматы-Астана жолынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан.
2009 жылыдың 14 желтоқсанында Алматы қаласында Халықаралық сауықтыру туристік орталығы инвестициялық жобасының тұсаукесері болып өтті.
Жоба мәдени, сауықтыру, көңіл-көтеру шығыс және европалық медицина орталығы,  концерттік зал, кинотеатр, әлем елдері тағамдары мейрамханасы, спорттық-сауықтыру орталығы, гольф-клуб, ипподром, сафари-парк, этноауыл, экспоорталық, бизнес орталық, сақ қалашығы, логистикалық орталық және тағы да басқа объектілерін қамтитын болады.
Кешен 100 % күн және жел энергиясымен қамтамасыз етіліп отырады. Бұл жоба 2,5-3 мың жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Жобаның жалпы құны – 420 млн.АҚШ долларына есептелген. Орталықтың орташа қызмет көрсету, қабылдау мүмкіндігі күніне 15-18 мың адам, ал жобаланып отырған табыс көлемі 90 млн.АҚШ долларын құрайды. Өзін-өзі ақтау мерзімі – 6 жыл, іске асыру мерзімі – 2010-2015 жылдар аралығына жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда жобаның бастапқы кезеңі жүзеге асырылып жатыр – демалу, сауығу және балық аулау мақсатында демалушыларды қабылдай алатын 51 киіз үй орнатылған «этноауыл салынды».
Жапондық инвесторлардан басқа «Балқаш-Нұрсая» жобасын жүзеге асыруға Ресей, Түркия, Қытай және араб елдерінің инвесторлары да қызығушылық білдіруде.
Сонымен қатар 2008 жылы қала кәсіпкерімен ірі келешекті инвестициялық жоба жасалып Туризм және спорт Министрлігінің жұмыс комиссиясына жіберілуіне байланысты, жобаны қорғау және оны таныстыру үшін видео материалдар жасауға кәсіпкерлік бөлімі тарапынан 30 мың теңге бөлінді.
2009 жылы шағын және орта бизнесті несиелердіру, бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру, кадрларды қайта даярлау және біліктігін арттыру мақсатында қаламызда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционкерлік қоғамы және Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мұғалімдері 2 күндік кәсіпкерлік жедел оқыту курсын өткізіп, сертификат берілді.
Міне осының барлығы Ел басының "Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында  кәсіпкерік бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы Приозерск қаласының нақты үлесі болмақ.

Приозерск қаласы әкімінің
орынбасары Н.Дүйсембаев


Дата редактирования: 14 Желтоқсан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 383.95
Евро 429.26
Рубль 6.16
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика