ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» талқылау (08.02.2010ж. )

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы
Қазақстан халқына Жолдауын «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу-
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» талқылау

Елбасы өз сөзінде қазақстан мемлекетінің даму кезеңіндегі ең маңызды көрсеткіштеріне тоқтады. 1997 жылы «Қазақстан -2030» Стратегиясын  қабылдап,біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін,басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық. 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарлағаннан  2 жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық.
Орташа айлық жалақы 5-есеге, ал зейнет ақының орташа мөлшері 3-есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4-есеге (50%-дан 12%-5а дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен  68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есе азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.
Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Бүгінде біз әлемдік денгейде  медециналық орталықтар – Ана мен баланын ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
Биылғы жылы Кардиохирургия орталығын іске қосамыз. Барлық облыстырда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда.
Осының арқасында біз өз азаматтарымыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз!
Біз жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл-біздің өскен әл ауқатымыздың- даусыз дәлелі! Он жылда 350- мың отбасы –шамамен 1,3 миллион адам тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанын жолдарының үштен бірі.
2030 жылға дейінгі  Қазақстанын Даму страгиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз XXІ  ғасырдың алғашқы он жылдығына  белгіленген барлық міндеттерді шештік.
«Жол картасы -2009 бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ –ны реконструкцалау жөнінде 862 жоба іске асырылып 737 шақырым электір желісі, мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері , үш мың шақырымға жуық жылу трассасы, авта жолдар жүздеген мектептермен ауруханалар , мәдениетпен спорт нысандары жөнделді.
Әр ауылға дейін жеткен  мұндай аса маңызды жұмысты біз тұнғыш рет жүргіздік.
2009 жылы экономиканы арттыру 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7 %-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық. Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады. Ал,бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен.
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Қазақстанда,егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкержылына 17 мың  доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың долардан асып түседі. Қорытынды өте түсінікті- бізге жағдайды түзету- өнімділікті арттырып, инновацияларды арттыру керек.
Басқарудың барлық деңгейінің жұмысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Жедел индустриалық-инновациалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі.
Бұл құжат- таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымызды толық іс-қимыл жоспары.
Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы 3 жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді.
Алдағы бес жылда қуатты газ- химиясы кешенін, минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бір қатар ірі электр-энергетикалық станцияларды-Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-інің,Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.
2014 жылға қарай біз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкциялаймыз және бүкіл мұнай өнмдерінің түр-түрі бойынша ішкі қажеттілігімізді толық қамтамасыз ете аламыз.
Әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы он жылдықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ене аламыз.
«Нұр отан» ХДП үшін 2020 –Бағдарламасын орындау жұмыстың басты өзегіне айналуы тиіс. Ешкім сыртта тұрмауы керек, өйткені, тек осылай ғана біз Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Премьер-Министр бастаған біріңғай басқару орталығы (штабы) және облыстарда әкімдер басқаратын орталықтар құрылады. Министрлер,әкімдер барлық ағымдағы мәселелердің шешілуі үшін жауапты болады.Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да.
Қазақстан табысты индустриялық держава болады- мен бұған әбден сенімдімін.
Ауылшаруашылығындағыеңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш50-70 мың доллар құрайды екен.Біздің міндетіміз 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.
Екіншіден,елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық-түлік таурлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар.
Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру,бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия ,Кавказ бен Таяу-Шығыс елдерінің рыноктары.
Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы- бұл Қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелілігі.
Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады. Бұл капиталмен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. Үкімет Қазақстанның экономикалық дамуы басымдықтарына сай  келетін жағдайларда Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру үрдісін жандандыруы тиіс.
Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсуі маңызды.
Осыған байланысты үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай бюджеттік бағдарлама еңгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Оны «Бизнестің жол картасы- 2020» деп атауды ұсынды.
Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобының дамуы есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:
біріншіден,бизнес-ахуалды елеулі жақсарту;
екіншіден,қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшіншіден,сенімді құқұқтық орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкіметке 2011 жылы бизнестің тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30% -ға ал 2015 жылы тағыда 30%- ға қысқартуды тапсырдым
Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ- дегі үлесі 45%-ға көтерлуі тиіс. 2020 жылы Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына ену керек.
2020 жылға қарай ,сол секілді ауылдық жерлерде  барлық балалар мектеп жасына дейінг тәрбие юеру және оқытумен қамтылатын болады. Біздің мемлекеттік –жекеменшік әріптестігін зор әлеуеті. Жеке меншік отбасылық  балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында –ақы мектеп жасына дейінгі  оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған. «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын.
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту модельінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандартқа негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстырылуы керек.
Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО –лар әлемнің жетекші университеттердің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.
Халық денсаулығы- ол Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі- дәрмекпен  қамтамасыз етудің тиімді жүйесі ету үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.
Дәрігерлердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфроқұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауды итермелеи отырып, бұқаралық денешынықтыру –спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғы шарттар жасаитын болады. 30
%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрлар даяарлау, салауатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020- ға қарай ана мен бала өлімін 2 есе төмендетіп ,жалпы өлімді 30 %  азайтып , тубркулезбен ауыруды 20%-ға қысқартуы тиіс.
Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы күтіледі.
Алда тұрған 10 жылдықтың аса маңызды міндеті- Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасымен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұраұтылықты қорғалуды нығайту. Ел халқының санының 2020 жылы 10% -ға өсу үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады.
Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5%- дан, табыста ең төменгі күн көріс деңгейіне төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын.
Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күн көріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе асырылуы тиіс.
Біз өз іс-әрекетімізді деңгейлікті ұстанамыз. Өткен жылы зейнетақылар,шәкіртақылар,бюджет сапасы қызметкерлерінің еңбекақылары 25 %-ға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9% -ға артты.
Өткен жылғы экономика өсімінің оң серпінін шәкіртақылар мен бюджеттегілердің еңбекақыларын үш ай бұрын 2010- сәуірінен бастап өсіруге мүмкіндік береді деп есептеймін. Үкіметке осы үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын.
Үстіміздегі жыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз.Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды кезең.
Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарымен жұбайлары қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары,соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері материалдық қолдаусыз қалмайды.
Біздің қаладағы ардагерлерге де көңіл бөлінді. Әр ардагерге,ал олар болса біздің қалада небәрі 4 ардагерге  жергілікті бюджеттен 20 мың тенге көлемінде, 26 еңбек ардагерлеріне және 2 жұбайлары қайтыс болған әйелдерге қаржылай көмек көрсетілед. Бір ардагерге мамыр айында пәтер бөлінеді. Ардагерлердің пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар олар барлық коммуналдық төлемдерден босатылады.
Бұл біздің әкелеріміз бен ата-аналарымызға олардың жан қиярлық күресімен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құрмет.
Үкіметке 2010 жылы «Жол картасы-2009» жоспар бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуға жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды  жаңғыртудың 2020-шы жылға дейігі жоспарын жасауды тапсырамын.
Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100%- үшін сапалы су қол жетімді болуы тиіс.
Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылғы дейінгі негізгі мақсаттарықоғамда келісімен тұрақтылықты сақтау,ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізге тиіспіз.
Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес , азаматардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін тартудың индекаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс.
Басқаша айтқанда, жаңа он жылдық бізге демократиялық мемлекеттегі құқықтық қорғау қызыметінің жоғарғы халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқықтық  қорғау жүиесі қажет. Менің тапсырмам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды.
5. Қазақыстаның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады.
Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге ,елдің халықаралық беделін артырып, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағыталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саяасат жүргізілетін болады.
Қазақстаның жоғарғы халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынандай ұранмен өтетін болады : «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік».
ЕҚЫҰ- ға мүше көптеген мемлекеттер  Қазақстанның  жоспарларына, сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада  ЕҚЫҰ- ның саммитін өткізу туралы менің ұсынысыма қолдау білдірді.
 

Құрметті қала тұрғындары


Ендігі кезекте біз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында   қойған талаптарын  өзіміздің күш - қайратымызды, білімімізді, мүмкіндіктерімізді табысты орындауға жұмсауымыз қажет.
 

Қала әкімі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика