ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылдың 29 қаңтарында қалалық мәслихат депутаттары алдындағы сөйлеген сөзі.

Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылдың 29 қаңтарында қалалық мәслихат депутаттары алдындағы сөйлеген сөзі.
Құрметті депутаттар!

 

Былтырғы жыл біз үшін, бүкіл еліміз үшін үлкен өзгерістер жылы болды. Өздеріңізге белгілі, мұхиттың ар жағынан басталған қаржы дағдарысы Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дегенмен мемлекетіміздің осындай жағдайға дайын болғандығын уақыттың өзі көрсетіп жатыр.
Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстан экономикасының өсуі мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының белсенділігімен ерекшеленді. Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер өсті. Елімізде әлемдік қаржы дағдарысы салдарының тұрғындарға тигізетін әсерін бәсеңдету үшін бар шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты да - халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономиканы дамытуға бағытталып келеді. Осының арқасында  елімізде саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық бар. Бүгінгі күнге дейін қабылданған жоспарлар, барлық шаралар алдағы уақытта толық орындалатын болады.
Былтырғы жыл  еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық ету мүмкіндігін алуына бағытталған іс-шаралар болды.
Елбасы жергілікті атқарушы биліктің халық алдында өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осыған орай жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп берулері өткізілуде. Бұны атқарушы билік пен халық арасындағы ашық диалог деп сипаттауға болады.
Ең бастысы бірігіп жұмыс жасасақ оң нәтижелерге жететінімізді уақыт өзі дәлелдеді. Біздің негізгі бағытымыз дағдарысқа қарсы тұру  жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастыру. Ал бұл мәселелердің шешімі негізінен бюджетке, оның орындалысына тығыз  байланысты. 
Өткен жылы жалпы түсім 110 млн. теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер – 105 млн. теңге, салықтық емес түсімдер 800 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3 млн теңгені құрады. Бюджеттің орындалуы  1млрд. 500 млн. теңгені құрап, жоспар 99,9%-ға орындалды.
Дағдарысқа қарамастан, қаламызда жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны өсуде. Егер, 2008 жылы 280 кәсіпкер тіркелген болса, 2009 жылы олар 310-ға жетті. Өндірілген өнім көлемі 60 млн. теңгеге ұлғайып, ол 850 миллионнан  астам теңгені құрады.
Қаламызда кіші және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционкерлік қоғамы және Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті біріге отырып 2 күндік кәсіпкерлік жедел оқыту курсын өткізді. Курста 50 адам оқытылып, соңынан сертификаттар табыс етілді. 2010 жылға қала кәсіпкерлерімен бірқатар дүкендер, мини-маркет,  дәріханалар мен дәмханалар ашу жоспарланып отыр. 2009 жылдың нәтижесі бойынша негізгі капиталға инвестиция салу 1 млрд. 360 млн. теңгені құрап,  2008 жылмен салыстырғанда 105% -ға  орындалды. Негізгі капиталға инвестиция салу қарқынының өсуі мемлекеттік салымдарға, оның ішінде  республикалық бюджеттен 800 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 50 млн.теңгеге жуық және шағын кәсіпкерлік пен кәсіпорындар қаражаттарынан 530 млн.теңге салынуына байланысты болып отыр. Бұл  негізгі капиталға инвестиция салу  экономикалық тенденцияның тұрақты өсуінің сақталғандығын көрсетеді.
Қала аумағында инфляциялық процестерді тұрақтандыру,  аз қамтылған тұрғындарды арзандатылған көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық өнімдері базар бағасымен салыстырғанда 30-40 пайыз төмен бағада  сатылатын     жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді.  
Ұн  қорын құру мақсатында және 1 сұрыпты ұнның бағасын тұрақтандыру бойынша Қарағанды қаласының «Дамир» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен 3 жақты Меморандум жасалды.
Қалада сатылып жатқан 1 сұрыпты нанның бағасы бүгінгі күнде дүкендерде 45 теңгеден. Аз қамтамасыз етілген тұрғындар және  Жұмыспен қамту орталығында тізім бойынша есепте тұрған  көп балалы аналарға, зейнеткерлерге арзан бағада 1 сұрыпты ұнды 45 теңгеден,  макарон өнімдерін 85 теңгеден сатып алу үшін  көмек ретінде іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қаламыздың ауыл шаруашылығын 146 үй шаруашылығы құрайды. Үй шаруашылығындағы мал басы мен құстардың саны 4000 бас құраса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің табыс табу көлемі 20 млн. теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 105 %-ға өсіп отыр.
Өткен жылы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, тұрғын үй жәрдем ақысына, жеке көмек қажет ететін азаматтарға жергілікті өкілетті мекемелердің шешімдері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге,  үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетуге,  18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге,  жеке гигиена құрал-жабдықтар қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 36 млн. теңге бөлінді. Мүгедектермен жұмыс істеуге ерекше мән беріледі. Мүгедектерді оңалту Бағдарламасы аясында өткен жылы осы санаттағы тұрғындарға көмек ретінде  құрылысы жүріп   жатқан ғимараттарға пандустар орнату, демалыс үйлеріне және санаторийларға жіберу, ортопедиялық аяқ киім,  кресло-коляска, гигиеналық құрал-жабдықтар сатып алу сияқты жұмыстар өз жалғасын тапты. Аталған көмектер 30 адамды қамтыды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Олардың жергілікті бюджеттен коммуналдық қызметке, электр қуатына, телефонның абоненттік  төлемдеріне  қаржы аударылды. Ұлы Отан соғысының 65 жылдық Ұлы Жеңісі жылында осы көмектер әрі қарай жалғасады.

Құрметті жерлестер!

 «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасымыз былай деген болатын «Халқымыз бізден қоғамды жаңартып, рухани серпіліс беретін батыл шешімдер күтіп отыр. Партия ел-жұрттың артқан сенімін де, үмітін де ақтауға міндетті. Келбеті кемел, халқы дәулетті, экономикасы өскелең, ел-жұрты тату-тәтті, қоғамы орнықты мемлекет – міне, еліміздің дағдарыстан кейінгі негізгі көрсеткіші осы болмақ. Ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолындағы істердің барлығының басында «Нұр Отан» жүруі керек. Ол үшін партия заман талабына сай жаңашыл болуы тиіс. Саяси бәсекеде өмірді жақсартуға барынша қабілетті болуы керек. Көпшілік қолдайтындай ел сеніміне лайық бола білуі міндет. Біз алдағы уақытта да ойға алған барлық шаруаны бірлесіп жүзеге асыратын боламыз. Сөйтіп, Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырамыз».
Жыл сайынғы Елбасының Жолдауларында білім саласына ерекше көңіл бөлініп, жылдан жылға мектептердің материалдық жабдықталуы артып келеді. Білім беруді ақпараттандыру бағытында қазіргі уақытта дидактикалық және оқыту құралдары, яғни компьютерлер, мультимедиялық электрондық оқыту құралдары көп қолданылады. Жаңа оқу жылында мектептер шеберханаға қажетті жабдықтармен, бастауыш сыныптарға арналған парталар, орындықтар, шкафтармен, кітапханаға арналған кітап сөрелерімен, асхана  жабдықтары, ыдыстары, жиһаздарымен   жабдықталды.  № 1 қазақ орта мектебіне республикалық  бюджеттен 5 млн. 820 мың теңгеге 4 интерактивті тақта, 4 млн. теңгеге жаңа биология кабинеті сатып алынды. Осы жылы бұл жұмыстар жалғасын табады. Жол картасы аясында мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларын әлеуметтік қолдау үшін 2010 жылы жалпы оқыту қоры қаражатынан  киімдер сатып алуды ұйымдастыру  жоспарланып отыр.
Бала бақшаларда орын жетіспеушілігі қала басшыларының алаңдатушылығын тудырып отыр.   Қазіргі уақытта 2 балабақша, 1 шағын орталық жұмыс істейді. 2010 жылы № 2 орта мектептен тағы бір  50 орынға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда.  Дорохов атындағы орта мектеп ғимаратын коммуналдық меншікке қабылдаған жағдайда, тағы да бір 100 балаға арналған мектепке дейінгі мекеме ашуға мүмкіндік туындап отыр.
Жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі маңызды жұмыстардың бірі – тұрғындардың денсаулығын қорғау. Приозерск қаласының денсаулық сақтау саласы амбулаторлық-поликлиникалық көмек көрсететін, оның ішінде жедел дәрігерлік көмек көрсететін поликлиникасы және тәулік бойы дәрігерлік көмек көрсететін орталық ауруханасы болып табылады. Дәрігерлік көмек мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, қала тұрғындарына ғана емес аудандық орталықтың алыс болуына байланысты Ақтоғай ауданының Сары-Шаған станциясы және Тас-Арал елді мекенінің тұрғындарына да көрсетілуде. Стационарлық аурухана 50 төсек-орыннан тұратын 15-терапевтік, 10 балалар, 15 төсек-орындық хирургия бөлімшесімен қатар 10 төсектік жаңа туылған нәрестелер палаталары бар босану бөлімшесінен тұрады. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын денсаулық сақтау саласында қаржыландыру жоғарылауда.
2009 жылы дәрі-дәрмек пен балалар тағамына бөлінген қаржы 231 млн.теңге болса,  бөлек категориядағы азаматтарды амбулаториялық емдеу үшін жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жалпы сомасы 600 мың теңгені құрады. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан 2009 жылы 76 адам қайтыс болса, 2008 жылы 73 адам қайтыс болған, 2 бала өлімі тіркелген,  ана өлімі тіркелген жоқ. 2008 жылы 300 нәресте дүниеге келсе, 2008 жылмен салыстырғанда 40 балаға көп. Денсаулық сақтау саласының ең басты проблемасы дәрігерлердің жетіспеушілігі. Бұл жалпыреспубликалық проблема, қаламыздың да денсаулық сақтау саласына өз әсерін тигізуде. Атқарылып жатқан үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, қаламызға медициналық оқу орындарының түлектері жұмысқа тұруға келмейді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады.
2009-2010 қысқы жылу беру мерзіміне № 1 қазандық ағымдағы жөндеуден, екінші қазандық күрделі жөндеуден өткізіліп, 4 бойлер толығымен тазаланды. Тұз қоймасы жөндеуден өткізілді. Қосымша қосалқы кіші базалық мазут қоймасы салынды.
Көлемі 2 000  метр жылу және су құбырлары толығымен ауыстырылып, жылу изоляциясымен оралды.
Республикалық автомобиль жолынан бастап қалалық госпиталға дейін жалпы көлемі 2000 шаршы метр автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Қысымдық коллектордың аса апаттық  жалпы көлемі 1,4 км учаскесіне  күрделі жөндеу  жүргізілді.
2009 жылы «Тұрғылықты жерлерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3,5 млн. теңгеге қаламыздың Достық, Балхаш, Чапаев, Ағыбай батыр, Дорохов, Абай, Пирогов көшелері  және Достық көшесі аралығындағы аллея жарықтандырылды.  
Совет Армиясы бульварында орналасқан құрылысы аяқталмаған тұрғын үйдің құрылысына 150 млн. теңге қажет. Құрылыстың 1-ші бөлігін аяқтау үшін 2010 жылға республикалық бюджеттен 59 млн. теңге қарастырылған.   Алдағы уақытта салынатын жеке тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2010 жылға 24 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа Транспортная және Строительная көшелеріне су құбыры және Ағыбай батыр мен Приморская көшелеріне канализация желілері тартылады.  
2009 жылы жергілікті бюджет есебінен 3,5 млн. теңгеге мал қорымы салынды.
2009 жылы барлығы 82 келісім шарты жасалынып жалпы сомасы  8 млн. теңгені құрады,  2008 жылы 126 келісім шарты жасалынып жалпы сомасы 4 млн.  теңгені құрап, 177 % -ға орындалды. 
Қаланың криминогендік жағдайына келсек,  2009 жылы 37 қылмыс жасалып, 2008 жылмен салыстырғанда 119%-ға артты. Жасы кәмелетке толмағандар мен әкімшілік құқық бұзушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда өсіп отыр. 1 қылмыстық іс ашылмаған. 2009 жылы 33 тұлға есепке алынды, олар түзеу мекемелерінен мезгілінен бұрын шартты түрде босап келгендер, шартты түрде сотталғандар, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланушылар, есірткі заттарын пайдаланушылар. Қазіргі уақытта 100 тұлға есепте тұр.
Қаламыздың мәдени саласы балалар және ересектер кітапханасынан тұратын қалалық  кітапхана болып табылады. Оқырмандар саны  3500  адам,  жалпы кітап қоры 54000 дана кітаптан тұрады. Өткен жылы  Жол картасы іс-шараларын жүзеге асыру аясында Республикалық бюджеттен бөлінген 9 млн.  теңгеге қалалық кітапхана ғимаратын жөндеуден өткізу  жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына қалалық жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінде есепте тұрған 16 адам тартылды. 
Сонымен қатар, 2009 жылы  қаламызда көптеген мерекелік бағдарламалар, ән байқаулары, спорттық жарыстар  ұйымдастырылып өткізілді. Халық санының өсуі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында келешекте қалада 500 орынды  емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда.

Құрметті депутаттар!

Былтырғы   кездесуде қала өміріне, тұрғын үйге, қоғамдық көліктер жұмысына, жолдар жағдайына, абаттандыру мен халықты әлеуметтік қорғауға қатысты 70 ұсыныстар мен өтініштер түскен болатын.
Сіздердің ұсыныс-өтініштеріңіз бойынша қалада көп жұмыстар атқарылды. Қала көшелеріне жол белгілерін  орнату жұмыстары жүргізілді. Қалаға бұрылатын бұрылыстағы тыйым салынған жол белгілерін алып, автожолдан Приозерск қаласына сілтеуіш жол белгілері қойылды. Ағыбай батыр, Достық, Чапаев, Балқаш және Пирогов көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қалада көпқабатты үйлердің подъездері қоғамдық-ақылы қызметкерлер және коммуналдық кәсіпорнына коммуналдық төлемге қарызы бар тұрғындар арқылы іске асуда. Достық көшесі 16/3 үйінің жертөлесі мен су құбырлары толық жөндеуден өтті. Ағыбай батыр №3 үйінің жылу беру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Совет Армиясы бульварының  №2 үйіне техникалық тұжырымдама жасалып жөндеуден өткізу бойынша бюджеттік өтінім дайындалуда, Пирогов 3 және 5/2 үйлерінің төбелері жөндеуден өткізілді. Совет армиясы бульварының 28, Пушкин көшесі 9/3 үйлерінің суық су және ыстық су жүйелері ауыстырылып жөндеуден өткізілді.
Әкім аппаратына 2009 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 940 өтініш-шағымдар келіп түскен, 2008 жылмен салыстырғанда 101 % көп, олардың ішінде үй мәселесі бойынша 440 өтініш, жер беру туралы 150 өтініш, ал пәтерін жекешелендіру бойына 170 өтініш. Әкім және оның орынбасарлары жұмыс регламенті және кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді, 2009 жылы қабылдауда 130-дан астам азамат болды. Азаматтарды қабылдау кестесі және әкім аппаратының сенім телефоны ай сайын жергілікті басылымға және «Priozersk-akimat.kz» веб-сайтында жарияланады. Одан бөлек қала тұрғындары  әкім аппаратында, қалалық кітапханада, «Қазақтелекомда», халыққа қызмет көрсету орталығында орнатылған 4 инфокиосктер арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының вебсайттарына шығуларына мүмкіндік туып отыр.
Қаланың барлық арнайы қызметтерінің өкілдері қатысқан «Ашық есік күніне»  25 адам қатысып, 40-тан аса сұрақтар қойды.
Экономиканың түрлі саласында қол жеткізер жетістіктеріміз әлі де алда. 2009 жылды қорытындылай келе, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның қазіргі жағдайының жетістіктерін айқындайтын сөздерін келтіргім келеді. «Міне, өзінің үміті мен арманы бар мемлекет – жаңа Қазақстан құрып, екі он жылдықта біз күн сайын, ай сайын жоспарларымызды іске асырып келдік. Қоғамымызда тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз еттік. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз жаһандық ауқымдағы беделіміздің үлкен көрсеткіші болып табылады».
2010 жылғы еңбегіміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімізбен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығымен, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жыл толуымен айқындалмақ. Алда біздің ең басты мерейтойымыз – 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы.


Дата редактирования: 20 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика