ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңа жолдаудың жаңа бағыты 01.03.2010ж

Жаңа жолдаудың жаңа бағыты.



Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында халыққа жолдауы өте маңызды және рухтандырушы болды. Дәуірлік құжат Стратегия – 2030-дың бірінші онжылдығын қорытындылайды және 2020-шы жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспары аясында келесі онжылдыққа міндет қояды.

Егер стратегияны жүзеге асырудың бірінші онжылдығын қорытындылайтын болсақ, онда білім беруге соңғы онжылдықта шығын 7,5 есе көбейді. Мектептерде үш ауысымды оқытулар жойылды, мектептерде жөндеу жұмыстары жалғасуда, инновациялық білім технологиялары енгізілуде, балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтылу көбейді.
Елімізде дағдарыстағы жағдайға қарамастан мемлекеттің «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асырғандығына куә болдық. Әлеуметті - мәдениеттік сфералардың көптеген объектілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары осы бағдарлама бойынша жүргізілді. Бұл бағдарлама біздің қаламыздан да орын тапты. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында екі мектепте де 94,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Президент жергілікті атқарушы органдар алдына 2020 жылы барлық балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтуға міндет қойды, біз бұл міндетті 2014 жылы орындаймыз.
Қалада екі балабақша және шағын орталық жұмыс істейді. Биылғы жылы № 2 орта мектепке 50 орынға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда. Ресей мектебі ғимараты қаланың коммуналды меншігіне қайтарылғанда ол мектепте де шағын орталық ашылады. Көп адамдарда шағын орталық дегеніміз не деген сұрақ туындайды ? Шағын орталық бұл аз шығынды мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымы. Шағын орталық кез келген білім ұйымдарында құрыла алады (мектептерде, қосымша білім беру мекемелерінде, сонымен қатар үйлерде және пәтерлерде). Білім беру Министрімен шағын орталық қызметінің үлгі ережесі жасалған. Олар толық немесе жарты күнге арналған болу, тамақпен қамтыған немесе тамақсыз, кәдімгі немесе ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған болуы мүмкін. Одан басқа Білім Министрі мен Денсаулық сақтау Министрі бірлескен шағын орталыққа арналған санитарлық нормалар жасалған. Шағын орталықтардың ашылуы үшін рұқсат алу құжаттары жеңілдетілді. Мемлекеттің мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруға өз бетінше күші жетпейді. Осыған байланысты балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы әзірленуде. Бұл нені білдіреді? Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары сияқты жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік тапсырыстар арқылы жұмыс істейтін болады (жарты шығынды мемлекет өзі төлейді).

Республикамыздың мемлекеттік информатизация бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектептерде қазіргі заманға сай оқу техникалық құралдары сатып алынған. Екі мектепте де интерактивті тақтамен мультимедиялық 8 кабинеттер бар. Бұл мұғалімнің оқу материалдарын түрлендіруге мүмкіндік береді, сабақ уақытын тиімді пайдалануға, ал оқушылардың интерактивті тақтамен жұмыс істей білуі мұғалімнің өзінің жаңа технологияны игере алуына индикатор болады. 2010 жылы № 2 мектепке бір интерактивті тақта алу жоспарланған. Мектептер компьютерленген, Интернет жүйесіне, мегалайн желісіне қосылған. Бірақ мұғалімдер еңбегінің жеңілденуімен қатар барлық пәндердің сапалы оқытылуына жауапкершіліктің жоғары екенін атап өту керек.
Біз бүгін қиын да, бірақ қызықты уақытта өмір сүрудеміз. Сіздерді барлық қиындықтарды жалпы күш жігерімізбен жеңіп шығуымызға және болашақта гүлденген мемлекетімізде өмір сүруге шақырамын

.
Әкім орынбасары Б.Ә.Қазиева

 


Дата редактирования: 20 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика