ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қала әкімінің жергілікті мәслихат депутаттары алдындағы 2010 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша ЕСЕБІ – 27.12.2010ж

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын негізге алып,  ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсарту және экономикамызды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді.  Елбасының халыққа Жолдауын, «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын насихаттау мақсатында қала көшелерін сыртқы жарнамамен безендіру үшін  200 мың теңгеге билбордтар мен тартпалар алынды.
Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда және тіл саясатын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Баспасөзге жазылу науқаны қалада ұйымшылдықпен  жүргізіліп облыстық және республикалық басылымдарға жазылу 100 пайызға орындалды.
2010 жылғы еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық ету мүмкіндігін алуына бағытталған іс-шаралар өткізілді. Бұл бағытта барлық жұмыстар бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы жүзеге асырылды.

Өнеркәсіп
Қалада өнеркәсіп өндіруде «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны  жұмыс істейді. Жоспар көлемінде жылына   ауыз су, жылу өндіруде 403,3 млн теңге, облыстық өнеркәсіп өндіруде барлық көлемі 0,05% құрайды,
2010 жылы 11 айда өнеркәсіп өнім  көлемін өндіруде «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны  1201,5 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 349 %,  жоспарға 297,9 %.

Негізгі капиталға инвестиция салу
Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 2010 жылы 11 айына 1134,7 млн теңге немесе жоспарға 156,3 % және 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 192,6 %.

Кәсіпкерлік

Қалада шағын бизнес  субьектілері саны 358-ді құрайды. Шағын бизнеспен  қамтылған адамдар саны 725 адам.
Шығарылған өнімнің көлемі (тауар, қызмет) 742,5 млн теңгені немесе жоспарға 103,1 %.
Қалада  кәсіпкерліктің негізі қызметі сауда-саттықпен көрсетілген, соңғы біраз жылдар бойы  республикалық бюджеттің трансферті бойынша бөлінуде: құрылысқа, тұрғын үйлерді толық капиталдық жөндеудеуден өткізу, су құбырын жаңарту, облыс бойынша  негізігі шағын кәсіпкерлік субьектілері  қызметінің құрылысы жандандырылуда.
Осы жылы мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, республикамызда «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы қала кәсіпкерлерімен кездесу болды.     Жиналысқа Балқаш қалаларынан арнайы шақыртылған екінші деңгейдегі «Казкомерцбанкі», «Туран-әлем банкі» өкілдері, Приозерск қаласының жеке кәсіпкерлері, жауапкешілігі шектеулі серіктестіктер және мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты. Кәсіпкерлерге бағдарламасының негізгі бағыттары мен осы бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиелердің пайыздық мөлшері туралы мағлұматтар берілді. Жиналыс нәтижесінде, қала кәсіпкерлері аталған бағдарлама бойынша қажетті тұстарын талқылап несие алуда екінші деңгейлі банктердің қоятын талаптарымен танысты. Сонымен қатар банктер өкілдері назарына жеке кәсіпкер Кобенов Озкен Шипанбайұлы әзірлеген «Балық тауарын өндіру және өнімін өңдеу кешені», «Қарлығаш ұясы» қонақ үй-туристік кешені» бизнес-жобалары ұсынылды. Бүгінде бұл бизнес-жобалар әрі қарай несиелендіру үшін Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның қайта қарастыруына жолданды.

Ауыл шаруашылығы

Приозерск қаласы аумағында эпизоотологиялық жағдайды жақсарту үшін, қала әкімімен өз қаражаттарына мал сою алаңын ашу үшін жеке және заңды тұлғаларды іздестіру болды. 
Производственная 109 көшесінде орналасқан тиесілі нысанда жеке меншікті мал сою алаңы ашылды.
Қаланың эпизоотиялық, ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту  үшін, жабайы жануарлар малдың өлекселерін жан-жаққа тасымау үшін және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, Приозерск қаласының аумағында мал қорымы салынып аяқталды.

Инфляция

Қала аумағында ұн қорын құру мақсатында, Қарағанды қаласының «Дамир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қалаға ай сайын 25 тонна ұн жеткізіп беру бойынша екі жақты Меморандум жасалып, қазіргі уақытта қалада 1-ші сұрыпты нанның бағасы бір қалыпты.
Қала бойынша жанар- жағар май бағаларын тұрақты ұстау мақсатында 2010 жылы әкімшілік пен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды (соның ішінде «Қайсар» ЖШС және «Азия Петрол Трейдинг»). Осыған байланысты жеке кәсіпкерлер қаланы жанар-жағар маймен үздіксіз қамтамасыз етуді, қажетті қор мөлшерінің үнемі болуын және жанар-жағар май бағасының облыстық орта бағадан жоғары болмауын өз міндеттеріне алды. Осы жасалған меморандумдарға сәйкес 2010 жылдың ақпан айынан бастап, қалада жанар-жағар май бағасы тұрақтандырылды.

Білім беру
Жұмысқа кіріскелі барлық білім беру ұйымдарын аралап, олардың жұмыстарымен танысып осы саладағы түйткіл жағдайларды зерделедім. Ең манызды проблема болып тұрған - ол бала бақша жетіспеушілігі. Осыған орай Приозерск қаласының дамыту бағдарламасына 2011-2012 жылдары 200 орынға арналған жаңа бала бақша  салу мәселесі енгізілді. 2011 жылы Өнер және спорт мектебінде 100 орынға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда, оған облыстық бюджеттен 27 млн.тенге бөлінуде.
Тәуелсіздік күні қарсанында №2 мектеп бала бақша кешенінде 50 балаға арналған мектепке дейігі 2 топ ашылу рәсімі өтті. Бұл топтар Жол картасы аясында өткен жөндеу жұмыстары арқасында ашылды, республикалық бюджеттен қажетті каржы бөлініп жиһаз бен инвентарь алынды.
2011 жылы орта мектебінің іргетасын жөндеуге облыстық субвенциядан 25,5 млн.теңге бөлінді.
Қаламызда колледж ашу мәселесі де көтерілуде. Колледж ашқан кезде қаламыздың және жақын аумақтағы түлектердің орта кәсіптік білім алуға жағдай жасалады. Жаңадан салынып жатқан санаторийге қонақ үй шаруашылығына және жаңадан салынатын шағын ТЭЦ ке электриктер, жылу жүйесінің қызметкерлері қажет болады.
Түйткілді мәселенін бірі болып Өнер және спорт мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары болып тұр. Казіргі уақытта қаражат сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәседе қаланың даму бағдарламасына енгізілді.
Казіргі уақытта спорттың дамуына үлкен назар аударылуда. Біздің қалада да бұл мәселе өз шешімін тауып отыр. Чапаев көшесімен Совет Армиясы бульварындағы көпқабатты үйлердің аумағында заманауи корт орнатылды. Жазғы уақытта кортта балалар футбол ойнаса, кыста сырғанақ тебеді.

Құрылыс
Қаламыз бойынша құрылысы аяқталған Совет Армиясы Бульварында орналасқан арендалық үйдің 4-ші және 5-ші подъездерін пайдалануға қабылданып алынды. Аталған құрылысқа республикалық бюджет есебінен 2010 жылға 73,6 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Қазіргі уақытта 3-ші подъезді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар алдағы уақытта салынатын жеке тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамсыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2010 жылға 20 млн. 116 мың тенге бөлінді. Бөлінген қаражатқа Транспортная және Строителей көшелеріне су құбыры және Ағыбай батыр мен Приморская көшелеріне канализация желілері тартылды.  
Жыл басынан бері қаламыз бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған 14 нысан пайдалануға қабылданып алынды, оның 5-і бизнес нысандары болып табылады.
Қаламыздағы прокуратура ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Достық көшесі 3 үйдің орнында «Қазақстанның халық банкі» АҚ ғимараты бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны 150 млн. теңгені құрайды.
Қаламыз бойынша 11 объектіде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің алдында қаламыздағы шешілмей келе жатқан проблемалар жөнінде мәселе көтеріліп, нәтижесінде қаладағы бос тұрған 6 үйдің (Космонавтов 1, Достық 5, 7,12,29 және Гвардейская 8/2) техникалық жағдайын тексеруге 9,5 млн. теңгеге, екі үйдің жоба-сметалық құжаттарын жасауға (Космонавтов 1, Достық 5, 7,12,29 және Гвардейская 8/2) 12,8 млн. теңгеге және бір үйді (Космонавтов 1) қалпына келтіру жұмыстарына 113,2 млн. теңгеге облыстық құрылыс басқармасына 2011 жылға барлығы 135,5 млн. теңгеге бюджеттік тапсырыс берілді.
Жер учаскелерін бөлу жөніндегі комиссия 2010 жылдың қараша-желтоқсан айларында 5 (бес) отырыс өткізіліп 60 (алпыс) өтініштер мен хаттар қарастырылды.
2010 жылдың қараша-желтоқсан айларында  барлығы 15 келісім шарты жасалынып жалпы соммасы 234 387 тенгені құрайды, оның ішінде жер учаскесін жалға алу – 6 келісім шарты жасалынып, соммасы – 29 608 тенге, жер учаскесіне меншік құқығын сату сатып-алу – 4 келісім шарты жасалынып, жалпы соммасы – 122 379 тенге, уақытша жер пайдалану құқығын сату сатып-алу келісім шарты –5,  жалпы соммасы – 82 400 тенге.

Абаттандыру

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйекгі мен 10 қазан аралығында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша күзгі айлық өткізілді.
Аталған іс-шаралардың барлығы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарынан көрсетілді.
2200 м2 жалпы соммасы 7400 мың теңгеге  автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді
1070  мың теңгеге  жасыл желектерді залалсыздару жұмыстары жүргізілді.
Совет Әскері Бульвары 2 үйінің жалпы соммасы 2237 мың тенгеге техникалық жағдайын тексеру, геодезиалық іздестіру жұмыстары жүргізілді және үйді күшейту бойынша жоба дайындалды.
Жобалық сметалық құжатқа сәйкес тұрғын үйді күшейтуге 6600 мың теңге қажет. Ағымдағы жылда жергілікті бюджеттен тұрғын үйдің фундаментін күшейтуге 2000 мың теңге бөлініп күшейту жұмыстары жүргізілді.

Жылу беру мерзіміне дайындық туралы

2010-2011 ж.ж. жылу беру мерзіміне дайындық бойынша келесідей жұмыстар атқарылды.
№ 1 қазандық бойынша 1 қазан жаңа қазанға  ауыстырылды.
4 қазанға толығымен күрделі жөндеу жүргізілді.
№ 1,2,3,4,5 экономайзерлер тазаланып қысыммен тексерілді.
Насостық жүйелер толығымен ревизиядан өткізіліп профилактикалық жұмыстар өткізілді.
Базалық мазут қоры жылу беру мерзіміне толығымен дайындалды.
Мердігер фирма «Центр-Котло-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жөндеу жұмыстарының құны 39400 мың теңгені құрады.
Жылу жүйелері – жалпы ұзындығы 36,4 км. Жөндеу жұмыстарының құны 28758  мың теңгені құрады. Мердігер фирма «РУ-ТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ағымдағы жылда «Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ағыбай батыр көшесіндегі 3, 5, Абай көшесі 17/3 және 15/1 үйлерінде жылу тарату түйіні және Ағыбай батыр көшесіндегі 3 және 5 үйлеріндегі жылу тарату құбырлары ауыстыру жұмыстарын жүргізді.
Совет Әскері Бульварындағы 2, 28, 30, Достық көшесі 21 және 16/3 үйлеріндегі ыстық және салқын су құбырлары ауыстырылды.

Коммуналдық меншік

Приозерск қаласындағы жылжымайтын объектілерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Түгендеу қала бойынша ескерткіштерге тұрғын үйлерге, инженерлік жүйелерге және тұрғын үй емес қорына жасалынды.
Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 5 иесіз объектілер анықталынып, Балқаш қаласының әділет басқармасында иесіз деп есепке қойылда. Бір жылдық есепке қою мерзімі өткеннен кейін материалдар сотқа беріліп коммуналдық меншікке қайтарылады.
Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы иесіз деп есепке қойылған 73 объектілер қазіргі уақытта аталған объектілерді коммуналдық меншікке қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Әлеуметтік сала

         Приозерск қаласында тұрақты мекен-жайсыз 25 адам тіркелген. Тұрақты мекен-жайсыз 19 азамат тұрғын үйлердің, мекемелердің жертөлелерінде тұрып жатыр. Осыған байланысты, қалада әлеуметтік, медициналық көмекті, әлеуметтік еңбек арқылы бейімделуді қажет ететін  азаматтар үшін аймақтық оңалту орталығын ашу жоспарланған. Мұндағы басты мақсат – тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды қалыпты өмір сүру жағдайына жеткізу.
Қыс мезгіліне байланысты тұрақты мекен-жайсыз 12 адам қаланың жеке кәсіпкерлерінің асханаларында күніне 1 рет тегін тамақтандырылып отыр.

Мәдениет

2010 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Ракета әскерлері және артиллерия күніне арналған концерт өткізілді. Бұл концертке Қарағанды қаласынан Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрі шақырылды. Олар ұсынған жоғары кәсіби деңгейдегі концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шығып, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары концерт берушілерге үлкен алғыс айтты.  Сонымен қатар, 2010 жылдың  16 желтоқсанында Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Стратегиялық бағыттағы ракета әскерлері күніне Қарағанды қаласынан музыкалық комедия театры шақырылып, «Дачный роман» атты  пьеса қойды.

Құрметті депутаттар!

Үстіміздегі жылы Республикамыздың тәуелсіздік алғанына  20 жыл толады. Сонымен қатар,  қаламыздың 55 жылдық мерейтойы. Осы іс-шараға қаламыздың мемлекеттік және коммерциялық салалары түгелдей дайындалуы керек. Әрбір қала тұрғыны өзінің жұмыс орнында, үйінде және көшесінде еңбек етіп, қаламыздың мерейтойына ат салысуы керек. Қаламыздағы тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру, көшелерді толығымен жарықтандыру, көше жиектерін жөндеу бойынша көп жұмыстар жүргізу қажет.
Ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға жұмыста толайым табыс тілеймін.

 

Приозерск қаласының  әкімі  Қ.Смағұлов


Дата редактирования: 14 Қараша 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.34
Евро 428.78
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика