ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Міндеттерін бөлу

Приозерск қаласы әкімінің, оның орынбасарларының,
әкім аппараты басшысының өзара
МІНДЕТТЕРІН  БӨЛУ

Приозерск қаласының әкімі
Камзин Қ.А.

Әкім аппаратының және мемлекеттік мекемелердің қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті қала мүдделерін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламентінің, Қарағанды облысы әкімінің және орынбасарларының тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылау жасайды.
Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді.
Қаладағы жалпы білім беру  мектептеріне, спорт және өнер мектебіне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.
Қаланы басқару үлгісінің схемасын тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштері қатарына шұғыл әскери қызметке азаматтардың шақырылуын ұйымдастырады, тіркеу кампаниясының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық қорғанысқа басшылық жасайды, Азаматтық қорғаныс іс шараларын іске асыруға және ұйымдастыруға жауапты. Азаматтық қорғаныс жоспарын бекітеді және іске асырады; Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бұйрық, шешім, өкім шығарады; Азаматтарды және мекемелерді Азаматтық қорғаныс іс шараларын бекітілген заң тәртібімен орындалуына тартады.
Жергілікті ауқымда төтенше жағдайлардың болмауын және алдын алу бойынша іс шаралар ұйымдастырады. Төтенше жағдайды болдыратын зілзала және апатты тексеруге қатысады, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді, белгілі тәртіппен лауазымдық тұлғаны, азаматтарды және мекемелерді жауапкершілікке тартады. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша жергілікті бюджеттің орындалуын бекітілген бюджеттік бағыттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, материалды-техникалық, тұтынушылық, медициналық және тағы басқа ресурстардың жергілікті қорларын пайдаланады және дайындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сай Приозерск қаласын 2030 жылға дейінгі мерзімге жетілдіру жөніндегі ұзақ мерзімді кешенді бағдарламасының орындалуына бақылау жасайды.
Облыстық әкім аппаратымен келісе отырып, қалалық бюджеттен қаржыландыратын, қала әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын және дербес бөлім басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Әкім аппараты қызметін, қалалық және аумақтық бөлімдердің, комитеттердің және қаланы экономикалық және әлеуметтік жетілдіру жөніндегі мекемелер мен басқармалардың жұмысына тікелей басшылық жасайды.
Құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіреді, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бағдарламасының жүзеге асуына жауапты болып табылады.
Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы әскери құрылымдарымен өзара іс әрекеттері, қаржылық бағдарлама және жоспарлы менеджмент, стратегиялық жоспар мәселелерін шешеді.

Таныстым_____________________

                             

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сәденов Д.Ш.

Қала әкімі болмаған жағдайда оның өкілеттігін жүзеге асырады.
Экономика, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті, өнеркәсіпті басқару, орта және шағын бизнестің  дамуы, елді мекендердің ішкі жолдарының, автомобиль жолдарының қалпына келтірілуі және жөнделуінің, көліктің дамуын, жер қорының тиімді пайдаланылуын, энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының: жылу-, электр-, суды беруді қамтамасыз етеді.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының әзірленуіне және жүзеге асырылуына жауапты болып табылады. «Жасыл экономика»  бағдарламасын енгізу бойынша шешім қабылдайды және қала аумағында туризмді дамытуын жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік, табиғатты пайдалану, жер қатынастарының, ауылшаруашылығының дамуы бойынша жұмысты үйлестіреді.
Нормативтерге сәйкес қаланы қысқа дайындау бойынша жұмысты басқаруды жүзеге асырады. Сұранысқа сәйкес, аймақты электрлік, жылу энергиясымен қамтамасыз етуге жауап береді. Жылу беру мерзімінің өту барысы мен дайындығы бойынша штабтың жұмысын басқарады.
Қаланы санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін шешеді.
Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, су шаруашылығына арналған объектілердің қайта қалыптастырылуын және құрылысының жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Қаланың мекенжай регистрін құру бойынша жұмысты жүргізеді, сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастырады.
Қаланың сәулеттік келбеті бойынша келісімін береді және бақылау жасайды, барлық меншік түрлерінің құрылыс жұмыстары кезінде заңның сақталуын бақылайды.
Апаттық жағдайлар және апаттарды жою және алдын алуды ұйымдастыру, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды ұйымдастырады, төтенше жағдайлар бойынша комиссиясын басқаруды жүзеге асырады.
Бюджеттің орындалуы, жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеу, бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптастырылуына бақылауды жүзеге асырады.
Орта және шағын бизнестің дамуы, мемлекеттік органдармен бизнес-бірлестіктерінің бірлесіп әрекет жасауы, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерін төмендету сұрақтарын бағыттайды.
Мемлекеттік және аймақтық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, инвестицияны тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Кредиторлық қарыздарды төмендету, экономиканың нақты сектор субъектілерінің арасындағы салық тәртібінің жоғарылауы, жойылған кәсіпорындардың регистрден алынуы бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Монополияға қарсы саясат және баға мәселесін жүргізеді.
Қарамағындағы бөлімдердің жұмысының және олармен берілген талап өтініштердің сапасына бақылау жүргізеді және көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына жауап береді.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, «жасыл» инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету бойынша жауапты.
Қазақстан  Республикасының   жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады және оны үлестіреді.
Бағыттаушы салаларында бюджеттік қаржының мақсатты, нәтижелі және уақытылы игерілуіне, сәйкес келетін мерзімге бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша сәйкес департаменттерде салалық инвест жобалардың келісілуіне жауап береді.
Мемлекеттік және қалалық инвест жобалардың жүзеге асырылуына қатысады.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын есептеп ауыл шаруашылығын  дамыту бойынша қалалық бағдарламаларды жетілдіруді ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Аграрлық салада аса қауіпті аурулар мен зиянкестерден өсімдіктер мен жануарларды қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Қалалық салық салу базасын кеңейтуді қамтамасыз ету бойынша, несиелік қарызды төмендету бойынша, объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша, жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ведомствоаралық комиссиясын, жер телімдерін бөлу бойынша және тұрғын үй комиссияларына басшылық етеді.
Инфляциялық  процестерді тежеу жөніндегі штабтың жұмысына басшылық етеді.
Бағыттаушы салалары бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» №418 Заңдарына  сәйкес,   мемлекеттік мекемелерде ақпараттық технологиялар жүйесінің толық енгізілу жұмысын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, қажетті деңгейде қызмет көрсетілудің қамтамасыз етілуіне жауапты
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне жалпы бақылау жасайды:

  1. экономика және қаржы бөлімі;
  2. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,  

 автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;

  1. жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі;
  2. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі;
  3. құрылыс бөлімі;
  4. ветеринария бөлімі.

         Облыстық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді:

  1. «Приозерск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» 

мемлекеттік мекемесі;

  1. «Приозерск қаласының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Приозерск қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесі;

  1. «Өрт сөндіру  және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» 

мемлекеттік мекемесінің № 47 өрт сөндіру бөлімі;

  1. «Жер кадастр  ғылыми өндірістік орталығының шаруашылық жүргізу құқығы» РМК Қарағанды филиалының Приозерск қалалық бөлімшесі;
  2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

(қаланың санитарлық жағдайы бойынша);

  1. Қазынашылық басқармасы;
  2. «Қазақстан халық банкі» АҚ Жезқазған аймақтық филиалының №179910

бөлімшесі;

  1. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы;

         10)  «Жезқазған электр тарату компаниясы» акционерлік қоғамы  Балқаш  электр жүйелер филиалының оңтүстік электр жүйелері;
11) «Приозерск учаскесі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  энергожүйесі
12)   Приозерск қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы;
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді:                                                                                 
1. «Казахтелеком» АҚ қалалық телекоммуникация торабы филиалы;
2. «Казпочта» АҚ қалалық филиалы;
3. Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Таныстым:  ___________________

Қала әкімінің орынбасары  
Қазиева Б.Ә.

Қоғамды шоғырландыру және қоғамды демократияландыру, мемлекеттік егемендікті бекітуге қоғамдық-саясатты тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыруға жауапты. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын әзірлеуге және жүзеге асырылуына, мүгедектерді сауықтыру және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуге жауапты.
Зейнетақы төлеу,  халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, көші-қон саясаты, және қылмыстық жазаны өтеп келген  тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмектердің түрлерін көрсету мәселесін шешеді.
Әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үш жақты комиссиясына, эвакуация комиссиясына басшылық етеді.
Барлық жәрдемақы түрлерінің және басқа да әлеуметтік төлемдердің толық және уақытылы төленуінің қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.
Мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат қызметін үйлестіруді жүзеге асыруды, жергілікті деңгейде мемлекеттік саясат ақпаратын іске асырады.
Мемлекеттік  секторларының  дене шынықтыру және спорт, туризм, жастар саясаты, тілдерді дамыту, мәдениет және өнер, мұрағаттық іс,  денсаулық, мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта, мектеп жасына дейінгі сала қызметтерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. 
Сайлау және басқа да қоғамдық-саяси науқан мен іс-шараларды идеологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Дәрі өнімдерінің бөлшектеп және көтермелеп сатылуы, әзірленуі,  шығарылуы бойынша лицензия қызметінің Ережесінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша мәселелерді, психотроптық заттар, есірткі өнімдерінің айналымдарына және денсаулық жүйесіндегі прекурсорларға қатысты қызмет түрлерін  қарастырады.
Бағыттаушы салаларында инфляция процестерін тежеу, дәрі –дәрмек өнімдеріне бағаны ұстап тұру бойынша жұмысты жүргізеді.
Қоғамдық- саяси және діни бірлестіктердің, ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысын үйлестіреді.
Білім және денсаулық саласындағы басым сипаттағы бағыттарының орындалуы бойынша сәйкес кезеңге арналған инвест жобаларды сәйкес ведомстволарда келісу бойынша,  бюджеттік қаржының мақсатты, нәтижелі және уақытылы игерілуі бойынша бөлімдердің жұмыстарын үйлестіреді.
Білім, денсаулық, мәдениет, ішкі саясат, туризм, денешынықтыру және спорт, тілдерді дамыту, мұрағат ісі салаларындағы аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуына жауапты.
Қарамағындағы бөлімдердің жұмысына және олармен берілген талап өтініштердің сапасына бақылау жүргізеді және көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына жауап береді.
Шетел және ТМД елдерімен, Қазақстан Республикасының аймақтарымен, облыспен қаланың мәдени байланысын дамытады.
Төтенше індетке қарсы комиссиясы, міндетті әскери қызметке шақыруды жүргізу, марапаттау, ономастика бойынша, жасы кәмелетке толмағандар ісі, жанұя-демографиялық саясат және әйелдер ісі бойынша қалалық комиссияларының мәселелерін шешеді.
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмыс, құқықтық оқыту, есірткі бизнесі және есірткімен күрес, міндетті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру бөлігіндегі құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіреді.
Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес, адам саудасымен байланысты қылмысты болдырмау және алдын алумен күрес Бағдарламаларының жүзеге асуына жауапты.
Діни бірлестіктермен байланыс бойынша, мемлекеттік емес бірлестіктермен өзара әрекеттесу бойынша, қылмыстық-құқықтық ықпалдың басқада шаралары мен қылмыстық жазаларды орындаушы мекемелерінің қызметіне көмектесу бойынша, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімдік басылымдардың жүзеге асырылу тәртібінің сақталуына, спорт бойынша, туберкулезбен күрес бойынша, жастар ісі бойынша, мүгедектер ісі бойынша, мүгедектер мен қарттарға қамқорлық және қорғаншылық кеңестерінің жұмысына басшылық етеді.
Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестік бойынша, Семей ядерлық полигонының ядерлық сынақтарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес мерзім жұмыс жасаған азаматтардың еңбек өтілін анықтау бойынша, әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру бойынша комиссияларды басқарады.
Бағыттаушы салалары бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» №418 Заңдарына  сәйкес,   мемлекеттік мекемелерде ақпараттық технологиялар жүйесінің толық енгізілу жұмысын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, қажетті деңгейде қызмет көрсетілудің қамтамасыз етілуіне жауапты
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне жалпы бақылау жасайды:
1) Білім бөлімі;
2) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
3) Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
4) Дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Орталық атқарушы органдардың территориялық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді:
1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы;    
2) «Казпочта» Акционерлік қоғамы;
3) Ақпараттық бұқаралық құралдары;
4) Приозерск қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы;
5) Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  орталығы;
6) Халыққа қызмет көрсету орталығы;
7) «Қарағанды облысы мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының  Приозерск қалалық мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Приозерск қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны
9) Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі.

Таныстым___________________

Қала әкімі аппаратының басшысы
Исатаев А.Н.

Мемлекеттік сатып алу, қаржылық- шаруашылық қызмет курстары мен біліктілік арттыру семинарларына және қайта даярлауға мемлекеттік қызметкерлерді жолдау, жалпыға міндетті құқықтық оқытуды өткізуге, әкім аппаратындағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, іс жүргізу, кадрлық құжаттаманың жүргізілуі, мемлекеттік қызметтің өтуі, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу,  қала әкімі аппараты мен әкімдігі қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерімен (өз құзыреті шеңберінде) шұғылданады. 
Қала әкімдігі қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-сарапшы және қала әкімінің қызметін материалды-техникалық қамтамасыз етілуіне және ұйымдастыруға аппараттың жұмысын, оның іс жүргізуін бағыттайды және  бақылайды.
«Приозерск қаласының құрметті азаматы» атағын беру, қала мен облыс әкімдерінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапаттау, азаматтарды мемлекеттік наградаларға ұсыну жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
Қала әкімдігінің қаулылары мен хаттамаларының рәсімделуі, оның отырыстарының өткізілуі мен дайындық тәртібінің сақталуын бақылайды, қала әкімдігі жұмысының жоспарлануына басшылықты жүзеге асырады.
Орындаушы және еңбек тәртібінің жағдайын бақылайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің және Үкіметінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдерінің заңнамалық және нормативті құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларының, қалалық бағдарламалардың орындалуын және ай сайын Бақылау күнінің өткізілуіне бақылауды қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, адам саудасына қатысты қылмыстың алдын алу және жою бойынша күрес жөніндегі бағдарламалардың жүзеге асуына жауапты болып табылады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы органдардың, қала әкімі аппаратының штаттық құрылымын, қаланы басқару сызбасын жасайды. Белгіленген лимиттер санының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге конкурстық іріктеуді өткізуге және ұйымдастыруға қатысады.
Қала әкімі аппаратын штаттық кестеде талап етілген мамандықтар, біліктіліктер және кәсіптерге сәйкес, қажетті мемлекеттік қызметкерлермен уақытылы толықтырды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді пайдалану процесіне талдау жасайды, кадрларды пайдалану нәтижесін және кәсіптілігін арттыру, оңтайландыру бойынша шараларды әзірлейді, оның орындалуына бақылау жасайды.
Қала әкімі аппаратына мемлекеттік қызметке орналасатын азаматтарды арнайы тексерістен өткізуді ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы жанындағы арнайы есепке алу және құқықтық статистика жөніндегі комитеті басқармасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің  Қарағанды облысы бойынша департаментінің қалалық бөлімімен, мемлекеттік қызметкерлердің және олардың жұбайларының салық салуға жататын табыстары мен мүліктері туралы жылдық декларациясын тапсыруды ұйымдастыру бойынша салық комитетімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Іс жүргізудің дұрыс және жедел қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады. «Электронды акимат» жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметкерлер резервін құру жөніндегі жұмысты, кадр саясатын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.
Жергілікті  атқарушы органдарының және органдарының орталық аймақтық өкілдіктерінің мемлекеттік басқарма, өкілдіктерінің әкімдіктің, қала әкімінің актілерін әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету бөлігіндегі  қызметтерін үйлестіреді.
Қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады.
Қала әкіміне әкім аппаратының штат кестесі және құрылымы, қаладағы бөлімдердің, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ олардың өзгерістерін бекітуге ұсыныс жасайды.
Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу жұмыстарын ұйымдастырады.
Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке байланысты шектелуін сақтауды бақылауды жүзеге асырады.
Іс қағаздарын жедел және дұрыс жүргізуге, бөлімдердің жұмыстарын, құжаттың дайындалуына бақылау жасайды.
Әкім аппаратында құпия тәртібін, құпия іс жүргізілуін, құрылымды бөлімшелерде құпия құжаттардың барлығын және қызметтік ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Әкім аппаратының үздік қызметкерлерін көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қала әкімінің және әкім аппаратының елтаңбалы мөрлерінің сақталуын және тиісті дәрежеде пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қала әкімдігінің облыс әкімдігімен, қалалық мәслихатпен өзара байланыс жұмысын қамтамасыз етеді.
Сайлау кампаниясын, қалада арнайы тұлғалар мен делегациялардың келуін, басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды, қала әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды дайындап  өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Сайлау жөніндегі электрондық мәліметтер базасының жүргізілуін, сайлаушылардың электрондық тізімінің құрылуын бақылайды, сайлаушылар тізімін салыстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Қала әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік сатып алу тауарлары, жұмыстары және қызметі туралы келісімдер жасауды және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орындалған жұмыстардың көлемін қабылдау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды, қаржыландырылатын қаражаттың өтуіне бақылау жасайды.
Ақпараттық технологиялардың енгізілуіне және толық қамтамасыз етуіне бақылау жасайды.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
1) персоналды басқару қызметі бөлімі (кадр қызметі);
2) ұйымдастыру жұмысы және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі;
3) мемлекеттік-құқықтық бөлімі;
4) әкім аппаратының келісім-шартпен жұмыс атқаратын  қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды  және босатады, жұмыстарын  үйлестіреді және бақылайды.
4) әкім аппаратының бухгалтериясы;
5) «Қызметтік бабында пайдалану үшін» грифті құжат айналымының ережеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасайды
6)  Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі;
7) «Казахтелеком» АҚ қалалық телекоммуникация торабы филиалы;
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің жұмысының үйлесуін жүзеге асырады;

Таныстым ___________________

Қала әкімдігі басшылығының келесі
өзара ауыстырылуы белгіленген:

Камзин Қ.А. – Сәденов Д.Ш.
Сәденов Д.Ш. - Казиева Б.А.
Казиева Б.А. – Исатаев А.Н.


Дата редактирования: 18 Тамыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.34
Евро 428.78
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика