ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

989-2014 ҚР СТ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты күшіне енді

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы» (бұдан әрі – ҚР СТ 989-2014) жаңа стандарты қабылданды.
Өндірушілерден келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып Мемлекеттік Елтаңбаның авторымен конструкторлық сызбалар қайта қаралды, олардың нәтижелері бойынша:
- Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтері нақтыланды;
- Мемлекеттік Елтаңбаның үш өлшемді үлгісін салу элементтері өлшемдерінің пропорционал тәуелділігін жоғалтпай, елтаңбалардың барлық ықтимал тип өлшемдерінің дәлдігі жоғары 3D баспасын жүзеге асыру үшін ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының элементтерін үлгілеуге және оның арнайы ерекше цифрлық 3D үлгісін салуға қажетті өлшемдер берілді;
- ҚР СТ 989-2008 стандартында болмаған барлық қажетті құрама элементтердің атаулары берілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түспен орындалуына қойылатын талаптар қайта қаралды. Түстік палитраның (PANTONE Metallic Guide – металдау түстерінің каталогы) орнына Lab халықаралық түстік жүйе бойынша түстік сипаттамалар жүйенің текстурасы мен жылтырын есепке ала отырып енгізілді, бұл алтын түсіне жақын түсті алуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
ҚР СТ 989-2014 стандартының 4.2.4.1 тармағына сәйкес бояу түсі шағылысатын қабілетімен (жылтыр) барлық бет бойынша бірыңғай реңкті - түстік кескінді бақылауға мүмкіндік беретін көмескі және күңгірт бөлшектерсіз болуы тиіс.
Кем дегенде 3 жылды құрайтын кепілдік пайдалану мерзімі енгізілді, ол өндірушілерді сапалы өнім шығаруға міндеттейді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасап шығару кезінде сапалы материалды қолдануға ықпал етеді.
ҚР СТ 989-2014 талаптарына сәйкес дайындалған ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаларды ауыстыру үшін, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларына таралатын 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыспалы кезең белгіленді.
2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ескі стандарт бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде ауыстыруға жатады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын сатып алуды жүргізу кезінде ҚР СТ 989-2014 талаптарына сәйкестікке назар аударуыңызды және 2017 жылға арналған мемлекеттік орган (мекеме) бюджетінде мемлекеттік рәміздерді сатып алу шығындарын қарастыруы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындау бойынша лицензиаттарға тексеру жүргізілуде, осыған байланысты Министрлік ауыспалы кезеңнің аяқталуына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін сатып алуды жүргізуге кеңес береді.

«Приозерск қаласының ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
 


Дата редактирования: 31 Наурыз 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 371.31
Евро 419.32
Рубль 5.59
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»