ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу

Жұмысы және табысы (кірісі) жоқ, жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыс іздеуші ретінде мекен-жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталағына немесе «электронды үкімет» веб-порталына төмендегі құжаттар арқылы тіркелуі керек:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  • Білімін, біліктілігін, арнайы оқуы барын және мамандыққа даярлаудан өткенін растайтын құжаттар.

 

16 жасқа толмағандар жазбаша түрде заңды өкілінің біреуінен арыз тапсыруы керек. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеуші азаматты тіркегеннен кейін 10 күн ішінде оған лайықты жұмыс іздеуде және әлеуметтік кәсіби бағдар беруде көмегін тигізеді.  Жұмыс іздеуші азамат жұмыс іздеуге қызығушылығын білдіріп 3 күнде кем дегенде 1 рет халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тұруы қажет.
Егер 10 күн ішінде  азаматқа лайықты жұмыс табылмаса ол жұмыссыз деп тіркеледі.  
Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтар орталыққа кем дегенде 10 күнде бір рет келіп тұруы қажет.
Жұмыссыз деп тіркелмейді:

  • 16 жасқа толмағандар;
  • Еңбек келісімшартымен жұмыс жасап, толық немесе толық емес жұмыс күнінде ақылы жұмыс жасап жатқандар, немесе басқа да ақылы жұмыс атқарып жатқан азаматтар;
  • Зейнет жасына жеткендер;
  • Жұмыссыздығы және кірісі жоқтығы туралы әдейі жалған ақпараты бар құжаттар немесе күмәнді мәлеметтер берген азаматтар.

Жұмыссыз азаматтың арызын қабылдау және есепке қою мына мекемелер арқылы жүргізіледі:
- Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Департаменті Приозерск қаласының бөлімі
- «Приозерск қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
- «Электронды үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.
Мекен-жай:

  • «Приозерск қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ: Балқаш 5, 114 кабинет, тел. 5 27 88; 5 23 17;
  • Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Департаменті Приозерск қаласының бөлімі: Космонавтов, 1, тел: 5 36 57;

Дата редактирования: 12 Желтоқсан 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика