ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жазғы демалыс күндері жұмыс істеу

Студенттік шақ – біздің барлығымыз үшін өмірдің ең ерекше кезеңі. Болашақтағы кәсіби жол мамандық таңдауға, тәжірибеден өткен орынға, игерген дағдыларға байланысты болады.
Студент бола отырып жұмыс табу – оңай міндет емес. Еңбек нарығындағы жағдай мынадай, жұмыс берушілер дипломсыз маманды жалдауға қызығушылық танытпайды. Алайда бұл жағдайдан шығудың да амалы бар:
2016 жылдың 06 сәуірінде бекітілген № 482 – V ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңыныңы 22 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес жазғы демалы кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға және «Жасыл Ел» бағдарламасы арқылы жұмыстарға қатыса алады.
Жұмыс істейтін жастарды мемлекеттік қолдау.
Жазғы демалыстар кезінде немен айналысуға болады? Пайдалыны жағымдымен үйлестіруге тілек білдіргендер үшін оңтайлы шешім «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында қоғамдық жұмыс орындарына «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға болады, онда сіз ақша таба аласыз және жаңа таныстықтарға ие боласыз.
Қоғамдық жұмыс орындары дегеніміз не? Қоғамдық жұмыс орындары ол 2 айлық уақытша жұмыс орындары. 2 жыл көлемінде қоғамдық жұмыс орындарына шабарман ретінде бірнеше 16 жастан асқан студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына ата – анасының біреуінің қатысуымен өтініш білдіріп жұмыссыз  ретінде тіркеліп, қоғамдық жұмыс орындарына қатысуға жолдама алу қажет.
2005 жылдан бастап елбасының бастамасы бойынша жазғы демалыстар кезінде жастарға әр түрлі бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс істеуге: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаштар отырғызу, кесу, ормандарды, су қоймаларын және т.б. санитарлық тазалау), өз қалаңды көгалдандыруға мүмкіндік беретін «Жасыл Ел» бағдарламасы жұмысын бастады. Аталмыш бағларлама соңғы жылдары өзін барынша белсенді ірі студенттік құрылымдардың бірі ретінде көрсете білді. 2017 жылы  «Жасыл ел»  бағдарламасы аясында 45 сарбаз жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаны іске асыру және жалпы студенттік отрядтардың жұмысын іске асыруға әр аймақтағы Жастар саясаты жөніндегі мәселелер бойынша басқарма жанынан ашылған Жастар отрядтарының  республикалық штабтары жетекшілік етеді.
Егер сіз «жасыл сарбаздардың» бірі болуға бел бусаңыз, шартты жасау үшін қажетті құжаттарды өзіңізбен алып өз қалаңыздағы студенттік отрядтар штабына жүгініңіз. Студенттерге арналған бағдарламаның тартымдылығы мен қолайлығы – іріктелу кезінде сізге міндетті түрде  сұхбаттасудан өту керектігінде. «Жасыл Елге» қатысу тәжірибесі болашақ экологтарға, құрылысшыларға және инженерлерге ерекше пайдалы. 
Республикалық штаб сіздің жұмыс берушіңіз сияқты жұмыс кезінде сізбен еңбек шартына қол қояды, жұмысқа арналған арнайы киімді және қажеттілігі болған жағдайда көлікті ұсынады. Еңбекақы мөлшері туралы айта отырып, жұмыс көлемдеріне байланысты ол 30 000-нан 150 000 теңгеге дейін түрленеді.
Еңбек шартын жасауға арналған қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • зейнетақы қорынан шарт;
  • банктік дербес шот («Қазпошта» АҚ немесе банкте);
  • ф.086 денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • фото 3×4 (2 дана);
  • егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасынан жұмыс істеуіне жазбаша рұқсат.

Дата редактирования: 12 Желтоқсан 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика