ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

БАҚ қа жариялау

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты» Қазақстан халқына Жолдауында, 2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 90% электронды форматқа көшіру туралы тапсырма беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ерекше назар қойылған болатын. 

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманауи технологияларды белсенді қолдана отырып, қарым-қатынас жасайтын ақпараттық ғасырға әлде қашан жеттік. Ақпараттық ғасырдың жұртшылық үшін ең тиімді тұсы да мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты одан сайын жақындастыруында болып отыр.

Тез құбылып, өзгеріп жатқан жылдам заманда ыңғайлы және жеңіл тәсілмен қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып мемлекеттің қоғам үшін барлық бағытта ұтқыр қарым-қатынас жасай білуі бұқара жұртшылықтың өміріне ғана емес, тұтастай елдік бәсекелестікке де өз әсерін тигізуде. Халықтың сұраныс-талаптарын қанағаттандыру, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту да мемлекеттің қаншалықты ақпараттық технологияны игергендігін көрсетіп, заман көшіне қаншалықты ілесе алғандығын айғақтайды.

Осы тұрғыдан алғанда халыққа нақты қызметтерді сапалы жүргізудің көрінісі «электрондық үкімет» арқылы жүзеге асады. «Электрондық үкімет» мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функцияларды электронды формат бойынша сапалы түрде жүзеге асыру дегенді білдіреді. Бұл жүйенің тиімділігі дүние жүзінде әлдеқашан дәлелденіп қойған. Мәселен, бірінші кезекте халықтың уақытын үнемдейді, мемлекеттік қызметтерге қатысты көптеген шаруаны үйде отырып-ақ шешуге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылады. Үшіншіден, электронды үкімет қоғамды қағазбастылықтан арылтып, миллиондаған қаражатты үнемдеуге көмегін тигізеді. Қазір кез келген тұлға өзіне қажетті құжатты үйлерінде отырып-ақ рәсімдей алады. Өйткені, электронды ақпараттық қызмет өз тиімділігін дәлелдеді.

 

 

Қазіргі таңда «электрондық үкімет» веб-порталы барлық қажетті деректік ақпараттармен, базалық компоненттермен, мемлекеттік
және ведомствоаралық шлюздермен құрастырылған. Ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы арқасында электрондық үкімет әрбір азаматқа қолжетімді.

Электрондық үкімет арқылы жұмыс жасау халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлата отырып, мемлекеттік органдардың адамдармен ұйымдарға көрсететін мемлекеттік қызметтері сапасын жақсартып, құжаттар санын қысқартты.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық - мәліметтерді толық электрондық форматқа көшіруді көздейді. «Электронды Үкімет» веб-порталы қарапайым халық үшін тиімді, әрі қолжетімді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен халық арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алудың тиімділігін насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері ұйымдастырылып,  кітапшалар (брошюралар) таратылуда. Сондай-ақ, насихаттау баннерлері орналатылып, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тиімділігі туралы бейнероликтер түсіріліп, ақпараттар әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуда.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша Департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
басқармасының бас маманы

         Қ.Темиржанов


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 384.63
Евро 427.98
Рубль 6.08
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика