ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

БАҚ қа жариялау

Электронды қызметтер – ТЫНЫШ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ

Электронды  қызметтер - тыныш әрі қауіпсіз өмір кепілі екеніне бүгінгі таңда көзіміз анық жетуде. Ал сіз, өз өміріңіздің қауіпсіз
әрі тыныш өтуіне ықпал жасай алып жүрсіз бе деген сұрақ туындайды. Ол үшін сізге ЭЦҚ (электронды сандық қолтаңба), интернет желісіне қосылған компьютер, смартфоныңыз ғана қажет. Электронды үкімет порталы «egov.kz»  тәуліктің кез-келген уақытында сізге жұмыс жасауға дайын.

Елбасы, Тұнғыш Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс»- деді.

Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы және мекемеге бару арқылы алуды салыстырсақ. Әлдебір қызметті алу үшін мекемеге бардыңыз делік. Ол жер сізге бейтаныс, қайда барып кімнен сұрайтыныңызды білмей абдырап қаласыз. Біраз уақытыңыз кетті, жүйкеңіз шаршады, қаржыңыз шығындалды. Ал, тура сол қызметті электронды үкімет порталын пайдалану арқылы алып көрдіңіз. Ешкіммен тілдесіп, абдырап қалған жоқсыз, жеңіл әрі өте ыңғайлы болды. Жүйкеңізде тыныш, қаржыңызда орнында қалды. Нәтижесінде сізге электронды нұсқада қызмет алған ұнары анық. Электронды қызмет алу – өмір сүрудің тетігін  жеңілдетеді. Ыбырай атамыздың: «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» - деген сөзі оймызға дәлел бола алады.

Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеру үстінде. Ғылым мен техниканың өркендеген жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.

Еgov – бұл қолжетімді жылдам ақпарат алу көзі. Технологияның қарқынды дамуы қоғамның барлық саласын түбегейлі өзгеріске ұшыратып отыр. Мысалы,  Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі жеңілдеген сияқты. Үйде, жұмыста отырып  автобусқа, пойызға билет алуға,  мемлекеттік органдардан анықтамалар алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға (егер сіз заңды тұлға болсаңыз) немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдануға («Виртуалды қабылдау»), коммуналдық қызметтерді төлеуге, мекен-жай анықтамасын алуға мүмкіндіктері бар.

Еліміз әр жыл сайын бір тарихи жаңалыққа толы кезеңге аяқ басады. Еліміздің мақсаты- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс.

Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар
ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы тапты. Мұның тиімді жақтары айтарлықтай. Қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне елеулі ықпал ете алады.

Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.

Мемлекеттік қызметтерді электронды үкіметтің веб-порталы арқылы
 ала отырып сіз, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауынан алшақ боласыз, жоғарыда айтып өткендей уақытыңыз, қаражатыңызды үнемдейсіз әрі экономиканың қарқынды дамуына да өз үлесіңізді қосасыз. Олай болса
өз өміріңіздің тыныш әрі қауіпсіз өтуіне өзіңіз кепіл болыңыз!

 

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер көрсету

басқармасының бас маманы

ЕРДЕН АМАНБАЕВИЧ САГИНДИКОВ


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 383.95
Евро 429.26
Рубль 6.16
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика