ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

БАҚ қа жариялау

«Цифрлі Қазақстан»: Электронды үкімет – тиімді қызмет

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «Бір терезе» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіні маңызды бағыттардың бірі болып айқындалған.

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманауи технологияларды белсенді қолдана отырып, қарым-қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгерді, себебі олардың міндеті-халықтың талаптарын қанағаттандыру, мемлекеттің халықпен қарым-қатынасы барлық деңгейде орындалуда: мемлекет – азаматтар, мемлекет – бизнес және мемлекет – мемлекет, ал қызмет көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық порталда – электронды үкімет порталында беріледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда электрондық үкіметтің нормативтік-құқықтық базасы, сәулеті мен инфрақұрылымы қалыптасқан. Электрондық үкіметте барлық қажетті деректік ақпараттармен, базалық компоненттермен, мемлекеттік және ведомствоаралық шлюздермен құрастырылған. Ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы арқасында электрондық үкімет әрбір азаматқа қолжетімді.

«Электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе болып табылады.

«Электрондық үкімет» порталында қызмет алу басымдылықтарының қатарына уақыт үнемдеу, кезектің болмауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің азаюы,  мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебінен қажетті құжаттар санының қысқаруы, әрі ең бастысы – барлық қызметтер онлайн, яғни кез келген уақытта қолжетімді екенін атап айтуға болады.

Электрондық үкімет арқылы жұмыс жасау халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлата отырып, мемлекеттік органдардың адамдармен ұйымдарға көрсететін мемлекеттік қызметтері сапасын жақсартып, құжаттар санын қысқартты. Мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және болашақта әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған. Электронды Үкімет қарапайым халық үшін тиімді, әрі қолжетімді.

Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге болады: мекенжайлық анықтама, баланы бала-бақшаға кезекке қою, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу және т.б. Ерекше жағдайларға арналған қызметтер де бар: www.egov.kz арқылы некені тіркеуге өтініш беруге немесе бала тууды тіркеу қызметін пайдалануға болады (2018 жылдың басынан бастап қызмет алушылардың анықтамаларды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына баруын қажет етпейтіндей етіп, «электрондық үкімет» веб-порталында қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші тұлғаның анықтамалар алу сервисі іске қосылды). Әрбір пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таба алады: жүргізушілер жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлей алады, ата-аналар балаларын білім беру мекемелеріне бере алады, ал кәсіпкерлер өз бизнесін тіркей немесе салық төлей алады, сонымен қатар қандай да бір қызметті қалай алуға болатынын біле алады. Ең бастысы электрондық қолтаңбаның болғаны.

Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынаудың орналасқан орны,жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қамтамасыз етіп отырады. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық, әрі кез-келген уақытта бәріне де, әркімге де қолжетімді.

Сондықтан әрбіріміз бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс-жүзінде пайдаланып, қолдануда белсенділік танытайық!

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
Гүлсана Саятқызы Медеуова


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика