ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласы бойынша ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарымен 2016 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ



Ақпараттық топтардың жұмысы – бұл  стратегиялық бағыттағы  идеологиялық  жұмыстардың бірі, сондықтан Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  жұмысы  қойылған міндеттерді сапалы орындауға бағытталды.
2015 жылдың 30 қараша күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын жариялады.
Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 50/11 қаулысымен 15 адамнан құралған ақпараттық топ бекітілді. Топтың жұмысы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру және нығайту, үкіметтің оң имиджын қалыптастыру және қоғамдық-азаматтық өзара байланысты дамыту мақсатында Президенттің жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге, бағытталған. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жылына екі рет ақпараттық топ мүшелерінің отырысы өтеді. 2016 жылдың 14 қаңтарында Приозерск қаласының ақпараттық топ мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-имидждік сүйемелдеудің негізгі бағыттары туралы, 2016 жылға арналған ақпараттық топ мүшелерінің іс-шаралар жоспарын және кездесу кестесін бекіту.
Аталған кестеге сәйкес Елбасы Жолдауын талқылау бойынша есеп беру кезеңіне қалалық ақпараттық топ мүшелерімен 12 кездесу жүргізілді, облыстық ақпараттық топ мүшелерімен 1 кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы –1200 адам қамтылды.
2016 жылдың 6 қаңтар күні мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарық көрді. Мақала шыққан күнінен қызу талқыға салынды. Ақпараттық топ мүшелерінің қала мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулері ұйымдастырылды. Есеп беру кезеңіне барлығы 5 кездесу өткізіліп, 400 адам қамтылды.
2016 жылдың 31 наурызында АҚШ астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммит кезінде Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған өзінің кең көлемді манифесін жария етті.
Біздің қаламызда да Елбасының «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесі ауқымды түрде талқыға салынды. Ақпараттық топ мүшелерінің бастауымен 4 кездесу өткізілді. Барлығы 300 аса адам қамтылды.
Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі 100 нақты қадам – Ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерін жеке меншікке беруді ынталандыру, оны тиімді пайдалану мақсатында «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы әзірленді. Қазақстан Республикасының жер кодексіндегі жаңашылдықтарды халыққа түсіндіру мақсатында қала әкімінің бекітуімен 3 ақпараттық жұмыс тобы құрылды. 2016 жылдың 30 сәуірі күні ақпараттық жұмыс тобының ҚР Жер кодексін талқылау бойынша халықпен кездесу кестесі бекітілген. Кестеге сай есеп беру кезеніне 28 кездесу өтті. Кездесуде қамтылған қатысушылар саны 1500 аса адам.
Қалалық ақпараттық топтардың ақпараттық сүйемелденуі облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» және жергілікті «Приозерский Вестник» газеті арқылы жүргізіледі. 2015 жылдың  желтоқсан айынан бері қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында 18 мақала, облыстық БАҚ да 2 мақала жарықтандырылды.
Сондай-ақ, қала бойынша Транспортная, Достық және Кисунько көшелерінде жыл сайынғы Президент Жолдауын насихаттайтын банерлер орнатылды. Қала бойынша қазіргі кезде 15 банер жаңартылып ілінді. Бұл бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасуда.


Бөлім басшысы             Г.Шәрбекова
 


 


Дата редактирования: 05 Шілде 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»