ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша 2015 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ



Ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыты жыл сайынғы Елбасының  Жолдауын зерделеуге, жергілікті халыққа насихаттау, түсіндіру және жүзеге асыруға бағытталған.
2014 жылдың 6 ақпанында қалалық ақпараттық- насихаттау тобының құрамы қаулымен бекітілді. Топтардың жұмысы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру және нығайту, үкіметтің оң имиджын қалыптастыру және қоғамдық-азаматтық өзара байланысты дамыту мақсатында Президенттің жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге, бағытталған.
2014 жылдың 11 қараша күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауын жариялады.
Жолдау жарияланған күннен бастап халық арасында маңызды құжаттың ерекшелігі мен айрықша тұстары түсіндіріліп, қызу талқыланды. Бұған қосымша барлық мекемелер өз ішінде Жолдаудың маңызды тұстарын талқылау бағытында кездесулер, дөңгелек үстелдер, жиындар ұйымдастырды. 
Есептік мерзім кезеңінде әскери бөлім сарбаздарымен, коммуналдық сала қызметкерлерімен, білім саласының қызметкерлерімен мектеп оқушыларымен, қала жастарымен, қала тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен барлығы 31 кездесу өткізілді, 2862 адам қамтылды.
Жолдау тақырыбында облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарына барлығы 20 мақала жарықтандырылды.
Сондай-ақ, қала бойынша Транспортная, Достық және Кисунько көшелерінде жыл сайынғы Президент Жолдауын насихаттайтын және түсіндіретін банерлер орнатылды. Қала бойынша қазіргі кезде 6 банер ілінді. Бұл бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасуда.

Бөлім басшысы
Г. Шәрбекова

Қырықбаев Асет
«Жастармен жұмыс
жөніндегі орталығы»
КММ инспекторы

Еліміздің болашағы жастардың қолында демекші – біздер жарқын болашаққа жол ашушы болып есептелеміз. Ал Елбасымыздың жолдауы – бізге бағыт – бағдар көрсетуші. Жыл сайын Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының  Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған. Биылғы  жылғы 11 қарашасындағы «Нұрлы жол! Болашаққа бағыт» жолдауы тұғырлы да тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына жарық күн сәулесін түсіргендей болды. Жастардың ойынша еліміз дұрыс бағытқа сәтті қадам жасап келеді. Президенттің саяси ұстанымының арқасында Қазақстан соңғы жылдары біраз биік белестерді бағындырғаны бәрімізге айқын. Халық та, ел Басшысын қолдап отыр. Өйткені, олардың мақсаты бір – болашағы кемел, дамыған мемлекетке айналу. Осындай мемлекетке еңбек етіп, осы игі өзгерістерге куә болу біз үшін үлкен қуаныш.

         Бердимуратов Әділбек
         44841 әскери бөлімінің
Сержанты

Жолдау десе елең етпейтініміз жоқ, өйткені, кезекті Елбасы жолдауы еліміздегі бір жылғы өзгерістер мен дамудың бағытын айқындап береді. Осы жолғы жолдауын телеарналардан  тағатсыздана тосқанымыз рас. Интернетке жүгірдік, жүгіртпе жолдарға жүгіндік. «Нұрлы жол! Болашаққа бағыт» жолдауы Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», - деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялау кезінде. Иә, сан ғасырлар бабамыздың бабасы армандап кеткен Тәуелсіздіктің, егемендіктің дәмін сезініп, әлемге «Мен қазақпын!»,- деп танылып отырған елміз. Осы қазынаның, басты байлығымыздың қадірі мен қасиетін сезініп, баянды етіп жеткізген ата - бабаларымыздың аманатын алаға тарту біздің  міндетіміз. Биылғы жолдаудан осыны, ұғындық.
«Нұрлы жол! Болашаққа бағыт» жолдауы қуатты әрі мақсатшыл болып естілді. Болашақта мемлекетте жүзеге асыруға тиісті қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат – «Нұрлы жол! Болашаққа бағыт», ел мен жеріне пайдасы тиетін рухты істер көбейе берсін, ел болып Елбасы айтқан игі істерге қолдау көрсетейік.

         Гузарова Динара
«Жастармен жұмыс
жөніндегі орталығы»
КММ инспекторы

Елбасының «Нұрлы жол! Болашаққа бағыт» Жолдауы экономикалық бағыттың тағы да алынбаған белестері мен өсуін айқындап, ұлттық экономикаға немқұрайлы емес жандарды ширақ, әрі батыл қадамдар жасауға шақырды.  Соның ішінде,  индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу қажет.
Әлеуметтік салаға Елбасы әр жылғы Жолдауында айрықша көңіл бөледі. Білімгерлердің шәкіртақысы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, зейнетақының жылдан-жылға көбеюі өте қуантарлық жағдай. 
Ең маңыздысы, еліміздің патриоттық рухын көтеретін, үлкен ауқымды мақсаттарға болашақта жетелеп жеткізетін «Нұрлы жол! Болашаққа бағыт» ұлттық идеясы бір серпін күш беретіні сөзсіз.

Отзыв представителя
Приозерского гарнизона МО РК Жалалиева Башир Ялович (пенсионер)

         Это Послание Президента примечательно не только тем, что было озвучено не традиционнов начале года, а в ноябре, накануне Дня Первого Президента, но еще и тем, что документ направлен на продолжение структурных реформ в нашей экономике. Лидер государства иметь горизонт планирования в несколько десятилетий. Для реализации которого нам необходима стабильность и согласие всех народов проживающих на казахской земле. Для простого человека необходимо самое главное крыша над головой, поэтому поводу Глава государства сказал: «Государство будет строить социальное арендное жилье и представлять его населению в долгосрочную аренду с правом выкупа». Услышав это очень обрадовался потому что, у меня растут сыновья, которых я должен женить и обеспечить их будущее.  Это наша земля, это наш народ, это наша прекрасная Родина, Казахстан! И в ней должно быть место для каждого! А задачи поставленные в Послании главы государства реальные, мы их выполним!

         Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бағыт» атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға бағытталған Жолдауын жариялады.
Елбасы жаңа Жолдау үлкен қаржы мен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет ететінін баса айтты.
Биылғы Жолдай әдеттігіден айрықша ел экономикасын өркениеттің барлық саласында дамытуды көздейді. Солардың бірі – ең маңыздысы, білім беру саласына да аса ден қойып отыр. Еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндер  мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен толықтай қамтылмағаны ескеріліп,  алдағы уақытта балабақшалар санын арттыруға көңіл бөлінетіне айтылды. Ол үшін 20 миллиард теңге көлемінде қаржы салынатыны көңілге қонымды екені сөзсіз. Сонымен бірге бірқатар жоғарғы оқу орындары ашылып, елімізде білімді де тәжірибелі болашақ мамандар дайындалатыны айтылды. Ол үшін де қыруар қаржы бөлініп, болашақ жастар үшін жарқын жол ашылатыны сөзсіз.
Ел Президентінің биылғы Жолдауында қаралмаған сала, шешімін таппаған мәселе қалмаған секілді. Әрине, қандай істе болмасын, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бел шеше кіріссек, алынбайтын қамал қалмайды. Осынау «Нұрлы жолда» бірлесіп жұмыс атқарайық, ағайын.

Приозерск қаласы
«№ 2 мектеп – балабақша
кешені» КММ мұғалімі 
Ермагамбетова Алтынай Сергабылқызы

Биыл еліміз үшін басты жаңалық жыл сайынғы халықтың асыға күтетін Елбасы Жолдауының жылдағыдан ертерек болғандығы еді. Оның бірден - бір себебі, соңғы уақытта орын алған әлемдегі геосаяси қайшылықтардың себебінен туындаған экономикалық дағдарыстың жаңа қарқынмен үрдіс алуы. Елбасы айтқандай, экономикамыз қиын кезеңді бастан өткергелі отыр. Сондықтан, биылғы жолдау өзінің мерзімінен бұрын, бірінші рет «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында жолданды. Осы орайда, қай кезде болмасын, Президентіміз ел үшін ауыр кезеңдерде,  қиыншылықтан шығу жолдарын ұсынып, жауапкершілікті өз мойнына алатындығын айта кеткен жөн.
Елбасының биылғы Жолдауында басты назар  еліміздің  инфра  құрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Тарихқа үңілетін болсақ, экономика үшін ауыр кезеңдерде инфра құрылымды  дамыту,  экономиканы жандандыру үшін ең тиімді құрал болып саналады. Мысал ретінде, әйгілі Американ Президенті Рузвельт: «Ұлы депрессия» кезінде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шараларын атап өтуге болады.
Президенттің Жолдауында еліміздің инфра құрылымының әртүрлі салалары толығымен  қамтылған.  Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық  инфра  құрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфра құрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді. 
Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның  Еуропа мен Азияны жалғайтын жер үсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады. Бұл тек қана, өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде.
Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті.
Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап,  қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы  тәрбиесі бар отансүйгіш жастар  ғана бар белесті бағындырары  хақ. Біз ұстаздар қауымы әрдайым Көшбасшымыздың    әр Жолдауынан   тың серпін,  жаңа бағыт-бағдар   аламыз.

«Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі
Еримбетова Малика Маханбетовна


Дата редактирования: 24 Сәуір 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»