ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік».

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік».

Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары!

Қазақстандық қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік бүгінгі күні мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып саналады.  Бұл ретте мемлекет басшысы үкімет пен  парламенттің алдына қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» құру бойынша  міндет қойды.
Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ  құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам» - деп атап көрсеткен болатын..
Қоғамның белсенділенуі – «мүлдем төзбеушіліктің» басты рөлі. Яғни, кез-келген құқық бұзушылықты байқаған еліміздің әрбір азаматы бей-жай қалмауы тиіс, керісінше ол туралы арнайы қызметтерге хабарлауға міндетті. Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбы бүкіл қоғамға ортақ іс, еліміздегі құқықтық тәртіпті бір ғана құқыққорғау органы тек қана өз күштерімен қамтамасыз етеді деп көңіл көншітуге болмайды.
Кешегі Кеңес Одағы елдерінің аумағында тек Қазақстан ғана бұзақылық, қоршаған ортаны ластау, тағы сол сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» саясатын жариялады. Бұл стратегияның негізгі мақсаты – қоғамға қарсы әрекеттермен белсенді күрес арқылы қоғамда қылмыстылықтың жалпы деңгейін төмендету.
Бүгінгі күні елімізде осы стратегия аясында заңнамаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның бірі 2014 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданып, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 25 тарауы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды қамтыған. Осы тараудың негізгі ережелерімен Сіздерді таныстырып өтпекпіз.


2014 жылдың 5 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
ҮЗІНДІ:

25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

434-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға јәеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық қарудан оқ ату, пиротехникалы заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру
      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату – қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару – пиротехникалық құралдар мен құрылғылар тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – пиротехникалық құрылғылар тәркiлене отырып, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер – әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған зат тәркілене отырып, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      437-бап. Тыныштықты бұзу
      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
      1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау – жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер – бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу – жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы – лауазымды адамға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы
      1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      443-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы
      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы – заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – заңды өкiлдерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру
      1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы – ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету – жеке тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      445-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
      1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыру –лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы жөніндегі талаптарды сақтамау – әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     3. Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау –  лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставка қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы – ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейне жазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау –лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамау не бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставка жасаған оқиғаның дамуы мен аяқталуын қадағалауға мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнату міндетін орындамау – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
      Эротикалық мазмұндағы өнiмдi осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда сату, тарату немесе жарнамалау – эротикалық мазмұндағы өнiм тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
      Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді, адамдар жерленген жерлерді жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу
      1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру – жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер – Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
      1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну – қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін үш айға тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет – қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін үш жылға тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Ел басының тәртіпсіздікке байланысты тапсырған міндетін орындауда құқық қорғау органдары, яғни Приозерск қаласының IIБ мынандай ұсақ заңбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарып келеді: алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің – бұдан әрі ҚР ӘҚБК, 336 бабы); жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу (ҚР ӘҚБК 336-1 бабы); жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу (ҚР ӘҚБК 476 бабы); қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру (ҚР ӘКБК 387 бабы); ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБК 330 бабы); Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБК 377 бабы); Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу жөніндегі талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБК 163-4 бабы); кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру (ҚР ӘҚБК 112-1 бабы); заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы (ҚР ӘҚБК 336-4 бабы) және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБК 336-3 бабы).
Азаматтардың заңсыз әрекеттерге баруының артуы - құқық қорғау органдарының жұмысындағы басты мәселе болып отыр.       Заңсыз әрекет – бұл азаматтардың теріс әрекеті, тіпті ұсақ құқық бұзушылықтарға да жол бермеуіміз керек. 
         Азаматтарды құқыққорғау іс-әрекетіне тарту деңгейінің артуы «мүлдем төзбеушілік» қағидатын тиімді пайдаланудың нақты факторы болып табылады.
         Мүлдем төзбеушілік – бұл азаматтардың кері іс-қимылы немесе тіпті ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне төзбеушілік. Сондықтан азаматтардың өздерінің құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуын қамтамасыз ету - тәртіпсіздік пен құқықбұзукшылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың басты шарты болып табылады.
        Әрбір азамат еліміздегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты болуға тиіс. Әр тұрғын кез келгентәртіпсіздіктің жолын кесуге міндетті. Оны басқа біреу істейді деп күтпеу керек, арнайы органдарға сілтеудің қажеті жоқ.  Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық мәдени іс болуы қажет және әрбір азаматтан шығуы тиіс.


Дата редактирования: 22 Сәуір 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 385.55
Евро 426.57
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика