ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» N 1567 Жарлығы

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібі және өз міндеттеріне деген көзқарасының адал ниеттілігінің дәрежесі қоғамдағы ең басты индикатор болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Жарлығымен (әрі қарай- ар намыс кодексі) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелері бекітілген.
Елбасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығымен ар намыс кодексіне өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістердің маңызды тараптарын атап кететін болсақ:
Мемлекеттік қызметші қызметке кіргеннен кейін 1 ай ішінде ар намыс кодексімен таныстырылуы керек болса, қазіргі күні 3 күн мерзімде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.


Анықтама: 2013 жылы қазан айынан бастап 6 қызметкер жұмысқа орналасты;
Айдарханов, Орақбаева, Малаева, Кашкинбаева, Илькибаева, Алтаев
2014ж. бүгінгі күнге дейін 7 қызметкер жұмысқа орналасты: Шпекбаев, Дулатов, Нариманова, Баймагамбетов, Жумаханова, Жаманбаев, Көшербаев

Ар намыс кодексінің мемлекеттік Қызметшілер тиіс тармағына мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қатысты өзгерістер енгізілген, атап айтсақ, АДАЛ, ӘДІЛ, ҚАРАПАЙЫМ БОЛУҒА, ЖАЛПЫ ҚАБЫЛДАНҒАН МОРАЛЬДЫҚ- ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ САҚТАУҒА, АЗАМАТТАРМЕН ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТА СЫПАЙЫЛЫҚ ПЕН ӘДЕПТІЛІК ТАНЫТУҒА ТИІС деп толықтырылған. Бұрын бұл тармағы болмаған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің жұмыс тәжірибиесі мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілермен ар намыс кодексінің 1,2,6,10,16,17 тармақтарының жиі бұзылатыны анықталған, сол себептен, бүгінгі уақытта сыбайлас жемқорлық үшін немесе басқа да заңбұзушылықтар үшін емес теріс қылықтың ауырлық деңгейіне байланысты, ар намыс кодексі бойынша атқаратын қызметінен босату жағдайларының орын алып отырғаны көрсетілген. Ар намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілері бойынша материалдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің тәртіптік Кеңесіне қарастыру үшін жолданады, бұл ар намыс кодексін қадағалауға қатаң көңіл бөлінгенін көрсетеді.
Мысалы:  Ар намыс кодексінің тармақшаларын бұзғаны үшін тәртіптік Кеңестің ұсынысы негізінде, «Қазыбек би ауданы тұтынушыларының құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінен босатылған.
Бүгінгі күні ар намыс кодексін сақтау жай формальды түрде жүргізілетін құжат есебінде қабылданбай, Қазақстан Республикасының МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ар намыс кодексін сақтауы НЕГІЗГІ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫН ӘР ҚЫЗМЕТШІ ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ. 
Приозерск қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде арнайы Этиканы бақылау және ар намыс кодексінің нормаларын сақтауын қадағалау бойынша журнал арналған, осы журналға мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзғаны туралы деректерді жазбаша хабарлау мүмкіндіктері бар. 2014 жылдың ағымдағы мерзімінде мемлекеттік қызметшілермен ар намыс кодексі бұзылған жағдайлар тіркелген жоқ.
Елбасы Жарлығында мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды. Қоғам- мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.


Дата редактирования: 02 Ақпан 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика