ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қала әкімнің Құттықтау сөзі

Құрметті қала тұрғындары!

Біз бүгін – ел өмірінде жақсылығы жарқын, шуағы мол – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлап отырмыз. Ел егемендігімен қатар жаңа сипатқа, терең мазмұнға ие болған бұл мерекенің өзіндік дәстүрі бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздік тарихы – тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы» деп айрықша баға берді. Біздің еліміз осы тәуелсіздік жылдары ішінде әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуда зор табыстарға қол жеткізді. Әрбір қазақстандықтар бұл жетістіктерді өз өмірінен анық сезінуде. Олай болса, ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық өзара келісімді сақтау – баршамызға ортақ  парыз. Достық пен бірлік – қасиетті ұғым. Оны қастерлей білген халықтың ырысы мол болады. Өмірдің бұл шындығын Төле би бабамыз: «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деп айтқан екен. Көпұлтты елімізде халықтар достығының мәні артып, мағынасы тереңдей түсуде.
Приозерск қаласының халқы – өзінің берік достығымен, тату-бірлігімен күшті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осындай бай мұрамыз халқымыздың тірлігіне – қуат, өміріне – нәр беруде. Ел егемендігін алғалы бері бір шаңырақтың астына біріккен отандастарымыз «Біз бақытты елде тұрып жатырмыз!» деп мақтанышпен айта алады. Қала тұрғындарының ынтымақ пен бірлікке негізделген қажырлы еңбегі табыстарға жеткізуде. Бүгінгі мереке күні қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып жүрген ұлттық және этно мәдени орталықтар қызметіне өз алғысымды білдіремін. Мерекелік шеруде бір үйдің баласындай болып, қазақтар мен орыстардың, өзбектер мен украиндардың, немістер мен азербайджандардың және басқа этнос өкілдерінің бірге келе жатқандығы – нағыз татулықтың белгісі. Олар Приозерск жерінде достықтың үлгісін көрсетуде. Біздің бүгінгі ең үлкен мақсатымыз – бірлік пен татулықтың берік  дәстүрін лайықты жалғастыру.
Ардақты ағайын!
Бірлік бар жерде тірлік болады. Ынтымағы бар елге бақ қонады. Қазақ халқының жарасқан бірлігі мен ынтымағы бізді бақытқа жеткізуде. Не берсе де халықтың ниетіне береді, дейді. Туған Отанымыздың  жарқын болашағы мен келешегі үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетейік. Көктемнің осынау шуақты мерекесімен құттықтай келе, баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін.


Дата редактирования: 16 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.59
Евро 429.06
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика