ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қарағанды облысы ІІД Приозерск қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметінің 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмысы бойынша АҚПАРАТ

Әкім мырза !
Құрметті барлық меншіктегі мекемелер және кісіпорындардың басшылары !
Қымбатты қала тұрғындары және ҚР ІІО ардагерлері !

             «Ұлттық Жоспар -100 нақты қадам атты 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру» бойынша Ел басымыздың қойған негізгі міндеттердің бірі, ол жаңадан ашылға қоғамдық институт – Жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сәтті қалыптасуы.
             Соған байланысты, Жергілікті полиция қызметімен атқарылған жұмыстар бойынша, жергілікті атқару органдарының алдынды есеп беру.
             Жергілікті полиция қызметімен, қалада қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында, бір шама жұмыстар атқарылды.
             2017 жылда, жергілікті полиция қызметі, бөлімнің басқа бөліністерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық құқық бұзушылықтын алдын алу, ескерту, болдырмау мақсатында, бір қатар жұмыстар атқарды. 
             Сонымен қатар, маскүнемдік пен ішкілікке қарсы, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдері мен алкогльдік ішімдікті сатуға қарсы, алдын алу шаралары жүргізілді.
    2017 жылда Приозерск қаласының ЖПҚ-мен қызмет көрсететін аумақта барлығы -107 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді (2016 ж. -94 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген), өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі -13,8 % өскен.    Сонымен бірге мынандай қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ, ол , «аса ауыр қылмыс», «кісі өлтіру», «зорлау» және «автокөлік ұрлығы».
             Бұзақылық -25,0% пайызға, немесе  8 қылмыстан 6 қылмысқа төмендеген. Ұялы телефон ұрлығы 10 ден 7-ге немесе -30,0% төмендеген. Оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар   25 тен 38-ге немесе 52,0% өскен, көшеде жасалған қылмыстар 13 ден 20-ға немесе 53,8% өскен, бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған қылмыстар 11 ден 12-ге немесе 9,1 % өскен, топ болып жасалған қылмыстар 4 тен 10-ға немесе 150,0% пайызға өскен
тұрмыстық отбасылық жағдайда жасалған қылмыстар 0 ден 1 қылмысқа немесе  100,0% пайызға  өскен.
             Кәмелетке жасы толмағандармен жасалған қылмыстар  3 тен 1-ге немесе 66,7 % төмендеген, мас күйінде жасалған қылмыстар 15 тен 13-ке немесе 13,3 % төмендеген.
             Участкелік полиция инспекторларының қатысуымен - 23 қылмыс ашылған (2016 ж. -22 қылмыс ашылған), Жол патрульдік полиция бөлімшесінің қатысуымен -16 қылмыс ашылды (2016 ж. -13 қылмыс ашылған), Ювеналдық полиция тобының қатысуымен 2 қылмыс ашылған (2016ж. -2 қылмыс ашылған). 

             2017 жылда ЖПҚ-мен барлығы 2 115 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған (2016жылы-2 303 жаттама толтырылған) былтырғы жылмен салыстырғанда -8,2 %  төмендеген, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторларымен барлығы -782 әкімшілік хаттама толтырылды (2016 жылы-892 жаттама толтырылған), былтырғы жылмен салыстырғанда -12,3 % төмендеген.
        ЖППБ-мен жол жүру ережесінің бұзылуы бойынша -1 197 әкімшілік хаттама толтырылды (2016ж. -1 275 хаттама толтырылған) -6,1 % төмендеген.
        Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа қарсы «Нөлдік төзімділікті» орындау мақсатында ҚР ӘҚБтК 434 бабына сәйкес «Ұсақ бұзақылық бойынша» -72 әкімшілік хаттама толтырылды, 440 бабына сәйкес «Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» дерегі бойынша -274 хаттама толтырылды, 441 бабына сәйкес «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»- дерегі бойынша -196 хаттама толтырылды,  505 бабына сәйкес «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру»-дерегі бойынша -50 хаттама толтырылды, 608 бабына сәйкес «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы»- дерегі бойынша -35 хаттама толтырылды (2016жылы да -29 хаттама толтырылған).
          Құқық бұзушылықтын алдын алудың ең тиімдісі, ол қалада  бейнежазба камераларын орнатып, бейнежазбаның бақылау жүйесін бөлімнің кезекші бөлімшесіне орнату. Приозерск қаласының аумағында құқық бұзушылық пен қылмыстарды анықтау мақсатында қала әкімінің қолдауымен 16 дана бейнежазба камералары орнатылды, сонымен қатар түнгі уақытта адамдар көп жиналатын орындарға, яғни кафелер мен түнгі уақытта жұмыс істейтін дүкендер орналасқан жерлерге, 2018 жылы тағы бірнеше бейнежазба камералары орнатылмақ.
          Қала тұрғындарының құқыққорғау органдарына деген сенімін арттыру және  полиция қызметкерлерінің имиджін жақсы жағынан қалыптастыру, сонымен қатар бөлімнің ЖПҚ-мен «Көршілік қадағалау» бойынша құрған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімшілігімен бірлесе отырып тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасалуда.
          Жылдың басынан ЖПҚ-нің қызметкерлерімен қала тұрғындарымен есеп беру кездесулері өткізілді. Кездесуде, тұрғындарға- қалада болып жатқан криминагендік жағдайлар таныстырылып, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шараларды жеткізе отырып, оларға өз мүліктерін сақтау бойынша, түсіндірме әңгіме жұмыстары жүргізілді. 
           Жұмыс ұжымдарымен кездесулер өткізілді, онда ұйымдар мен мекемелер жұмыскерлеріне, қала аумағында «Көршілік қадағалау» жоспары бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығы туралы ақпараттандырылды. 
           2017 жылға құрылған жоспарға сәйкес азаматтардың, жергілікті атқару органдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен, қала тұрғындарымен 79 кездесу өткізілді.
           Сонымен бірге, өз еркімен келісім берген белсенді азаматтардың қатарынан, қоғам көмекшілері институтының жұмыс істеуін еңгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, олар полицияға- құқық бұзушылық пен қылмысты анықтауға және ашуға әр дайым ықпалдарын тигізуде.
           Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға қатысқан, белсенді азаматтарды марапаттау мақсатында, қала әкімдігіне ұсыныс жолданып, олардың ішінен- 4 адам ақшалай марапатталды.
           2017 жылы 20 мамырда Приозерск қаласында, акция шеңберінде «Жолда қабылдау» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты, балаларды жол қозғалысы апатынан аман сақтау. Іс-шараға, облыстың ІІД-нің ЖПҚ-ет бастығының орынбасары және облыстың Жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция Басқарамасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара, Приозерск қ.ІІБ-нің жеке құрамының күшімен, және қаладағы ұйымдар мен мекемелердің басшыларының, қала тұрғындарының, денсаулық сақтау, білім бөлімі, қала Әкімдігі, мектеп оқушылары, ата-аналар комитетінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, «Приозерский Вестник» басылымының қызметкерлері, ҚР ІІМ ардагерлерінің қатысуымен өткізілді. Акция, Достық көшесінің бойында «Центральный» супермаркетімен Приозерск қаласы ІІБ-нің ғимаратының арасында орналасқан ашық алаңда өткізілді. Іс-шара барысында, акцияға қатысушылардан түскен сұрақтарға облыстан келген және жергілікті ІІБ қызметкерлері жауап берді. Іс-шара бейнетаспаға түсіріліп, «Приозерский Вестник» жергілікті басылымына мақала берілді.
           Сөзімді аяқтай келе, атап өткім келетіні, Приозерск қаласы әкімдігінің  бастауымен қалада 2 участкелік полиция пунктілері жұмыс істеп тұр, олар №1 және №2 участкелік полиция пунктілері, екеуі де кейінгі үлгідегі жиһаздармен, компьютерлік техникамен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Тағыда сондай, №3 участкілік полиция пункті ашылмақ, оған Песчанная көшесінде, 2 қабатты үйдің, 1 қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтер бөлінді. 
          Сонымен қатар, қала тұрғындарына құқықтықтәртіпке немқұрайлы қарамай, тәртіпті сақтауда белсенді ат салысқандары үшін алғыс айта кеткім келеді. Атап өтетіні, қалада қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда жергілікті атқару органдармен, тұрғындармен және қоғамдық құрылымдармен тығыз қарым қатынаста жұмыстар атқару нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. 
           Алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту жоспарлануда. Тұрғындармен кездесулер өткізу әрі қарай жалғастырылады.

Назарларыңызға рахмет! 

Қарағанды облысы ІІД
Приозерск қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының м.а.
полиция майоры                                                            К.А.Байекешов

 

 


Дата редактирования: 17 Ақпан 2018

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика