ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ЖЕРЛЕУГЕ БІР ЖОЛҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ШАРТТАРЫ



«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаменті Қазақстан Республикасының 21.06.2013ж. №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 10б. 2т. мен 3т. және Қазақстан Республикасының 1997ж. 16 маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушы, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға АЕК 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді, егер қайтыс болған алушы Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылса, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Зейнетақы мен жәрдемақы алушының қайтыс болған айдан кейін үш жылдан аспай  жерлеуге бір жолғы төлемге жүгінген жағдайда жерлеуге біржолғы төлем тағайындалады және төленеді.
Жеке және заңды тұлғалардың жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау үшін жүгіну барысында келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат, немесе заңды тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеуі туралы анықтама (куәлік) немесе жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патенті (заңды тұлғаның құрылуынсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы жеке тұлға үшін).
2) Басқа мемлекет фактісін растайтын алушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе
3) Зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті мекемедегі банкілік шоттың нөмірі туралы мәлімет.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Заңның 50б. 5т. негізінде  біріңғай жинақтаушы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қорында жинағы бар және  зейнеткерлік жасқа толмаған, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушы болып табылмайтын адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.
      Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылады.
Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, сақтандырушы ұйым Заңның 61б. 4т. негізінде сақтандыру ұйымы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.


ӘТВЕОД Приозерск бөлімшесінің басқарушысы Д.А.Рахматулина
 


 


Дата редактирования: 20 Қазан 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»