ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасының жобасы



1. Жалпы ережелер
1. Приозерск қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
2. Қағида қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына ветеринарлық-санитарлық талаптарды белгілейді.
3. Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) қаңғыбас жануарлар – иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты тұлға тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;
2) аулау – қолдануға рұқсат етілген арнайы жабдықтар мен құралдарды пайдаланып,  қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап алу;
3) жою – қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін мал қорымдарына көму немесе арнайы пештерде (инсинераторда, крематорда) өртеу;
4) мамандандырылған ұйым – Приозерск қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында «Приозерск қалалық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
4. Осы қағида меншік нысанына қарамастан, иттер мен  мысықтарды күтіп ұстайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі
5. Қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
6. Аулауды жүргізу мамандандырылған ұйымның қаңғыбас жануарларды аулау жоспарына сәйкес және тұрғындардың өтініші бойынша жүргізіледі.
7. Қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстарына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған (вакциналаудан өткен),
психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмаған тұлғалар жіберіледі.
8. Аулауда рұқсат етілген құралдарға: құрық, тиісті сертификаты бар әрекетке қабілетсіз ететін дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ жануарларды аулау кезінде олардың өліміне жол бермейтін басқа да құралдар және құрылғылар жатады.
9. Аулауға қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және басқа да орындарда) жауапты тұлғаның қарауынсыз жүрген, байлауда қалдырылған жануарлардан басқа қаңғыбас жануарлар жатады.
10. Ауланған қаңғыбас жануарлар күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімге уақытша ұсталатын оқшаулағышқа жеткізіледі.
11. Ауланған қаңғыбас жануарлар туралы ақпарат мамандандырылған ұйымның байланыс деректерін қамти отырып, бұқаралық ақпараттар құралдарында және мамандандырылған ұйымның интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс.
12. Мамандандырылған ұйым қызметкерлеріне ауланған жануарларды өзіне қалдыруына немесе басқа тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

3. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау
13. Ауланған қаңғыбас жануарлар техникалық жарамды, арнайы темір торлармен жабдықталған, мамандандырылған ұйымның белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен (бұдан әрі – арнайы автокөлік) тасымалданады.
14. Арнайы автокөлік қаңғыбас жануарларды аулауға (құрық, пневматикалық қару, торлар және тор қақпандар, сондай-ақ аулау кезінде жануарлардың өліміне әкелмейтін басқа да құрылғылар мен құрал-жабдықтар) және өлген иттер мен мысықтардың өліктерін жинауға қажетті (күрек, қап, тірі жануарлармен байланыстырмайтын қорап) барлық құралдармен және құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
15. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдауда ит немесе мысыққа олардың денсаулығына жарақат немесе басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.
16. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы автокөліктің шанағына, сондай-ақ барлық құралдар мен темір торларға санитарлық тазалау мен зарарсыздандыру жасалады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулағышта ұстау
17. Ауланған қаңғыбас жануарлар уақытша ұстау оқшаулағышына
орналастырылады.
18. Қаңғыбас жануарларды тіркеу, ұстау, азықтандыру, тексеру, жою
және уақытша оқшаулағышты керекті құрылғылармен, шараларын мемлекеттік
тапсырыс аясында кәсіпорын қамтамасыз етеді.
19. Уақытша ұстау оқшаулағышында ауланған қаңғыбас жануарларға тіркеу және клиникалық зерттеу жүргізіледі.
20. Уақытша ұстау оқшаулағышы темір торлармен қамтамасыз етілуі тиіс.
21. Әр торға 1 (бір) қаңғыбас жануар орналастырылады.
22. Ауланған қаңғыбас жануарлар қажетті деңгейде күтіледі және тамақтандырылады, темір торларда күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қайтару тәртібі
23. Жануарларды қайтару жөнінде өтініш берген кезде иелері:
     - жеке куәлігін;
     -  иттер мен мысықтардың ветеринарлық паспортын;
    - оларды ұстауға кеткен шығындардың төленгендігі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
24. Сұраныс болмаған ауланған қаңғыбас жануарлар туралы ақпараттар бұқаралық ақпараттар құралдарында және мамандандырылған ұйымның интернет-ресурстарында орналастырылғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн өткен соң жойылуға жатады.
25. Ауланған қаңғыбас жануарлар жойылмас бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық жолмен жансыздандырылуға жатады.
26. Қаңғыбас жануарлардың өлекселерін мал қорымына көмілуін немесе   арнайы өлекселерді өртейтін пеште (инсинераторда, крематорда) жойылуын мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
27. Қаңғыбас жануарлардың өлекселерін жоюға (көмуге) арналған нысандар мен құралдар ветеринарлық-санитарлық нормаларға және талаптарға сәйкес ұсталуы шарт.
28. Жануар иелеріне қаңғыбас жануарлардың өлекселерін (қалдықтарын) лақтыруға және рұқсатсыз көмуге тыйым салынады.
29. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) мамандандырылған ұйымға жою үшін өткізілуі  шарт.

7. Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
30. Қағиданы бұзған айыпты тұлғалар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексi 408 бабының 1 тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


Дата редактирования: 10 Маусым 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»