ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Патронаттық тәрбие. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі



Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.
Патронат тәрбиеші – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы тәрбиелеуге берген адам.
Туған ата-аналарды; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды; сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi; егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар тізбесіне сәйкес аурулары болған кезде, денсаулық жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерді орындамайтын адамдарды; жүгіну кезінде өтелмеген соттылығы бар адамдарды; жүгіну кезінде тұрақты тұрғылықты жері, сондай-ақ баланың тұруы үшін жарамды тұрғын үй-жайы жоқ адамдарды; наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, педагог қызметкерлердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін тек кәмелетке толған ерлер және әйелдер патронат тәрбиешілер болып табылады.       
Патронат тәрбиешіге берілген әр баланы күтіп-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №381 «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен белгіленген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу шарттары "Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес мемлекеттiк білім беру мекемелерi тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.
Патронат тәрбиеші қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша жұмыс туралы есептерді органға жылына кемінде бір рет ұсынады.
Облыста қала, аудан әкімдіктерімен келісілген Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған патронаттық тәрбиені дамыту жоспары бекітілді. Жоспарды іске асыру 337 балалар үйінің тәрбиеленушілерін патронаттық тәрбиеге орналастыруға мүмкіндік береді. 
Балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың балама түрі отбасы үлгісіндегі балалар үйі болып табылады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің Үлгі ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №229 бұйрығымен бекітілген) отбасы үлгісіндегі балалар үйі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады. Балалар үй- 4-кем емес және 10- артық емес жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасы. Қаржыландыру жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін қамтамасыз ету нормасына сай, облыстық бюджеттен іске асырылады. 
Ай сайын әр баланы күтіп бағуға көлемінде 50 мың теңгеден бастап қаржы аударылады (тамақтандыру, киіндіру, коммуналдық қызмет төлемі, жуынатын құралдар және басқалары). Одан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысына сәйкес тәрбиешілерге жалақы төленеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты және әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыру мақсатында, патронаттық тәрбиеге бала алуға және отбасы үлгісіндегі балалар үйін ашуға ниет   білдіруші азаматтар Приозерск қаласы, Достық көшесі 23 үйі мекен жайындағы «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 5 41 90 және 5 29 62 телефондары арқылы хабарласуға болады.


Дата редактирования: 11 Сәуір 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»