ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бруцеллез бойынша қолайлы шаруашылықтардағы жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі.

Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің (бұдан әрі - ЖАО бөлімшесі) басшысы бекітетін іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
      Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде инфекцияланған жануарларды уақтылы анықтау үшін және кейіннен ауру табылған жағдайда оның таралуын болдырмау үшін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жалпы кешенінде жоспарлы серологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларды бруцеллезді уақтылы айқындау мақсатында жоспарлы түрде диагностикалық тексеріске:
1) ірі қара мал:
физиологиялық жағдайына қарамастан аналық бас - жылына екі рет РБС, КБР;
4-6 айлық төлдер - жылына бір рет ИФТ;
аталық бұқалар - тоқсан сайын РБС, КБР;
қалған ересек бас - жылына бір рет РБС, КБР;
      іш тастау орын алған жағдайда, тасталған төлдерді биосынаманы қою арқылы бактериологиялық
немесе ПТР, ал іш тастаған малдарды - РБС, КБР-ға зерттейді;
        2) қой мен ешкі:
      аналық қойлар (ешкілер) - (ұрықтандырылар алдында және төлдеу науқанынан кейін) жылына екі рет РБС, КБР;
      одан әрі өсімін молайту үшін пайдаланылатын 3-4 айлық жастан бастап төлдер және қалған ересек мал басы - жылына бір рет КБР, РБС;
      аталық қошқарларды бруцеллез бен инфекциялық эпидидимитке - жылына екі рет (шағылыстыру науқанына дейін және кейін) КҰБР;
      іш тастау болған жағдайда, тасталған төлдерді биосынама қою арқылы бактериологиялық немесе ПТР, ал іш тастаған малдарды - РБС, КБР-ға зерттейді;
3) шошқа:
           негізгі аналық мегежіндер және аталық қабандар - жылына бір рет РБС, КБР;
           одан әрі өсімін молайту үшін пайдаланылатын ағымдағы жылы туылған мал басын толықтыратын төл - жылына бір рет РБС, КБР;
        тасталған төлдер - биосынама қоя отырып, бактериологиялық немесе ПТР, іш тастаған аналық мегежіндер - РБС, КБР;
4) жылқы:
бруцеллезге (бурсит) күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде - РБС, КБР
спорттық және цирктік жылқылар - ел шегінен тыс алып өткен (тасымалдаған) жағдайда, жөнелтілерден бұрын - РБС, КБР;
     сондай-ақ жалпы мал басының 1 % - жылына бір рет РБС, КБР;
       5) марал (бұғы): жылына бір рет аталықтардың панттарын кесу кезінде - РБС;
      6) түйе, оның ішінде 4-6 айлық жастағы төлді - жылына бір рет бруцеллезге зерттейді - РБС, КБР;
     7) ит: шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында (отардың жанында) мекендейтін ересек иттерді - жылына бір рет бруцеллезге зерттейді- КБР, РБС.
Республикадағы эпизоотиялық жағдайға байланысты жануарларды (жануарлардың түрі, зерттеулердің жиілігі мен әдістері) жоспарлы диагностикалық зерттеулердің стратегиясы мен тактикасы, оның ішінде мал басының жалпы санының кемінде 10 %-ын қамти отырып, скринингтік (іріктеп) зерттеулерді қолдану түзетіледі.
Бруцеллезге қарсы иммунизацияланған жануарларды, вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқауларда
көзделген тәртіпте және мерзімде зерттейді.
Бұрын қолайлы пункттерде (табындарда) жануарларға қолданылған әдістермен жануарлардың
арасында зерттеудің күдікті нәтижесі анықталған жағдайда диагностикалық зерттеулер кешенімен аталған жануарларды қайта зерттеу жолымен күнтізбелік 15-20 күннен кейін АР, КБР әдістерінің ретімен диагнозды нақтылауды жүргізеді. Диагноз толық нақтыланғанға дейін қалған мал басынан оқшаулайды.
АР немесе КБР бойынша теріс нәтиже алған жағдайда жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер қорына диагностикалық тестілердің нәтижелері туралы белгі енгізіледі.
               АР немесе КБР бойынша оң нәтиже алған кезде осы жануар бруцеллезге оң әсер ететін болып саналады.
               Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері сараптама акті нәтижесі бойынша жануарлардың иесіне оң әсер ететін жануарларды қалған жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады және кемінде күнтізбелік 15 күн ішінде оларды тиісті аумақта орналасқан мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) (бұдан әрі - сою объектісі) санитариялық сою үшін жіберу туралы нұсқама береді.
            Ауру жануарларға жақ немесе сауыр тұсына «Б» әрпін басу жолымен ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен белгі салады.       
              Санитариялық союды жүзеге асыру үшін ЖАО бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесе отырып, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитариялық күнді белгілейді.
         Жануарларды санитариялық союды жүзеге асыру сою объектісінде ЖАО бөлімшесі сойылған жануарлардан оң әсер ететін жануарлардың көп саны және адамдардың ауырған жағдайлары анықталған кезде биологиялық (патологиялық) материалдың үлгілерін күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес іріктеуді ұйымдастырады және ауылшаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша қолайсыз пунктерді қоспағанда пункттің (табынның) мәртебесін анықтау үшін оны мемлекеттік ветеринариялық зертханаға ПЦР немесе бактериологиялық зерттеу (биосынама) әдісімен зерттеулер жүргізу үшін жібереді.
           Ветеринариялық зертханадан осы Қағидалардың 1095-тармағында көрсетілген әдістер бойынша оң нәтиже алған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері шаруашылық жүргізуші субъекті эпизоотиялық ошақ пен эпизоотиялық үдерістің сипатын, ауру қоздырғышының көзін және берілу факторларын анықтау мақсатында эпизоотологиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақ пен қолайсыз пунктің шекараларын белгілеуді жүргізеді.
              Эпизоотологиялық зерттеу аяқталғаннан кейін нәтижелер акт түрінде ресімделеді. Акт «Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10021 болып тіркелген) бекітілген нысанда екі данада жасалады. Актінің бір данасы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде және екінші данасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданылады.
        Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерден эпизоотологиялық зерттеу актісін алған соң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына ұсыныс жолдайды.
         Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы ұсынысты алған сәттен бастап аумағында эпизоотиялық ошағы бар оған іргелес аумақта жаңа эпизоотиялық ошақтардың туындау қатері бар елді мекенге (село, кент), елді мекеннің бір бөлігіне немесе меншік нысанына қарамастан оқшаулана орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге (ферма, табын, отар) шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы шешім қабылдайды.
          Ұйымдастырылған мал бағу жолға қойылған екі не одан көп табынды, отарды қалыптастыратын елді мекендерде жануарлардың осы топтарын орналастыру қағидаты бойынша оның бір бөлігіне шектеу енгізуге жол беріледі.
       Қолайлы аймаққа жаңадан келіп түскен жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды) Евразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес кемінде күнтізбелік 21 күн ішінде қалған жануарлардан оқшау ұстау қажет (профилактикалық бақылау) және бруцеллезге, аталық қошқарларды, сондай-ақ инфекциялық эпидидимитке диагностикалық зерттеулерден өткізу қажет.
        Жануар бруцеллезіне оң нәтиже алынған жағдайда аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері, жануарларды кейіннен сою және өнеркәсіптік өңдеу үшін жеткізушіге қайтарып беру туралы шешім қабылдайды.
          Алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосында тіркелген, сондай-ақ Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген вакциналармен жануарларды бруцеллезге қарсы иммунизациялауға жол беріледі. Вакцинаны таңдау және оны қолдану тәртібін уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша облыстық аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
        Жануарларды бруцеллезге қарсы иммунизациялау стратегиясы мен тактикасы республикадағы эпизоотиялық жағдайға байланысты (жануарлардың түрлері, вакциналардың жиілігі мен түрлері) түзетіледі.
          Вакцина егілген жануарларды жапсырмалау, чиптау немесе ен салу жолымен арнайы таңбалармен таңбалайды және вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқауда көзделген мерзімде және әдістермен бруцеллезге зерттейді.
         Алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде бруцеллезге қарсы вакциналарды сатып алу және қолдану үй-жайларды, мал жайылатын аулаларды механикалық тазарту, сондай-ақ профилактикалық дезинфекциялау мен дератизациялау мал иелерінің есебінен жүзеге асырылады.

Бөлімінің бас маманы  Рымбекова С.Т.
 


 


Дата редактирования: 27 Сәуір 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика