ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қала әкімінің 2010 жылға есебі

Құрметті қала тұрғындары!

Былтырғы жыл біз үшін, бүкіл еліміз үшін үлкен өзгерістер жылы болды. Өздеріңізге белгілі, мұхиттың ар жағынан басталған қаржы дағдарысы Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дегенмен мемлекетіміздің осындай жағдайға дайын болғандығын уақыттың өзі көрсетіп жатыр.
Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан қазақстан экономикасының өсуі мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының белсенділігімен ерекшеленді. Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер өсті. Елімізде әлемдік қаржы дағдарысы салдарының тұрғындарға тигізетін әсерін бәсеңдету үшін бар шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты да - халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономиканы дамытуға бағытталып келеді. Осының арқасында  елімізде саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық бар. Бүгінгі күнге дейін қабылданған жоспарлар, барлық шаралар алдағы уақытта толық орындалатын болады.
Былтырғы жыл  еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық ету мүмкіндігін алуына бағытталған іс-шаралар болды.
Елбасы жергілікті атқарушы биліктің халық алдында өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осыған орай жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп берулері өткізілуде. Бұны атқарушы билік пен халық арасындағы ашық диалог деп сипаттауға болады.


Ең бастысы бірігіп жұмыс жасасақ оң нәтижелерге жететінімізді уақыт өзі дәлелдеді. Біздің негізгі бағытымыз дағдарысқа қарсы тұру  жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастыру. Ал бұл мәселелердің шешімі негізінен бюджетке, оның орындалысына тығыз  байланысты. 
2009 жылы жергілікті бюджет түсімдері 112% орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер – 104 774,7 мың теңге, салықтық емес түсімдер 767,6 мың теңге көлемінде, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2 921 мың теңгені құрады. Облыстық бюджеттен алынған субвенциялар көлемі 433 887,0 мың теңге. Республикалық және облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер – 1 396 857мың теңгені құрады. Жол картасына 9010 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.
2009 жылға бекітілген бюджеттің шығыс бөлігі 1 450 186 мың теңгені құраса, 2009 жылы нақтыланған бюджет 1 493 490 мың теңгені құрады, 2010 жылдың 1 қаңтар айына игерілген соманың көлемі 1 491 255 мың теңгені құрады немесе жоспар бойынша 99,9%, игерілмеген сома  2 235 мың теңгені құрайды. Оның ішінде,  үш бөлімді қайта құрудан 1903 мың теңге, республикалық бюджеттен интерактивті оқыту бойынша байланыс қызметіне 255 мың теңге үнемделді.
2010 жылдың 2-ші жартыжылдығында бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларын 25%-ға көбейту жоспарлануда.


2010 жылға жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 17594,0 мың теңге жоспарланып отыр, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге  1777,0 мың теңге; Тұрғын үй жәрдем ақысына – 2670,0 мың теңге; жеке көмек қажет ететін азаматтарға жергілікті өкілетті мекемелердің шешімдері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге – 6044,0 мың теңге; үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетуге – 104,0 мың теңге; 18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 2228,0 мың теңге; жеке гигиена құрал-жабдықтар қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге – 348,0 мың теңге.
Бүгінгі күнге қаламызда кәсіпкерліктің дамуы, яғни өсуі байқалуда  жылдан –жылға тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны өсуде, егер 2008 жылы тіркелген заңды және жеке тұлғалар саны 284  бірлікті құраса, 2009 жылы олар 310 бірлікке жетіп отыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 101 пайызға артып, 585 адамды құрады. Өндірілген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 60 млн.теңгеге артығымен орындалып,  843 млн.теңгеге жетті.


Қаламызда кіші және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционкерлік қоғамы және Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті біріге отырып 2 күндік кәсіпкерлік жедел оқыту курсын өткізді.
Қаламызда экономиканың нақты секторы, яғни өнеркәсіп  «Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» кәсіпорнының ауыз суын өндіру және жылу беру өнімдерімен айқындалады. 2009 жылы жалпы өнеркәсіптік өнім  көлемі 150,3 млн. теңгеге кеміп, 2008 жылмен салыстырғанда 460,5 млн. теңгеге орындалды.
Кәсіпорынның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 87,5 % болып, 403 млн. теңгені құрады.
2008 жылы қала бойынша өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуіне Теміртау қаласының «Интерэнергострои» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі Сары-Шаған полигонындағы «Ақжар Сарытұм» кен орынында сомасы 94,7 млн. теңгелік марганец өндіріп өз әсерін тигізді.
2009 жылы бұл кен орнында өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда барлығы 15 млн.теңгені ғана құрап, 22 %-ға орындалды. Кәсіпорынның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 3,3 %.
Осыған байланысты, қала бойынша айғақты индекс көлемі  84,4 %-ға  орындалды.
2009 жылдың нәтижесі бойынша негізгі капиталға инвестиция салу 2008 жылмен салыстырғанда 30 млн. теңгеге артып, 1 млрд. 362 млн. теңгені құрап, 104% -ға  орындалды.
Негізгі капиталға инвестиция салу қарқынының өсуі мемлекеттік салымдарға, оның ішінде  республикалық бюджеттен 779 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 48 млн.теңге және шағын кәсіпкерлік пен кәсіпорындар қаражаттарынан 535 млн.теңге салынуына байланысты болып отыр. Бұл  негізгі капиталға инвестиция салу  экономикалық тенденцияның тұрақты өсуінің сақталғандығын көрсетеді.
2010 жылға қала кәсіпкерлерімен бірқатар дүкендер, мини-маркет,  дәріханалар мен дәмханалар ашу жоспарланып отыр.
Жергілікті атқарушы органдардың бірінші  кезектегі міндеттерінің  бірі,
әрине, әлеуметтік саланы қолдау мен дамыту.

   
Жұмыспен қамту бағдарламасын орындау мақсатында  жылдың
басынан 811  жұмыссыз тіркелді. Тіркелген жұмыссыздардың 51 азаматына өз ісін ашуға 2552,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
853 аз қамтылған азаматтарға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін қосымша әлеуметтік жәрдемақы 5200 мың теңге көлемінде төленді.
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 7 мүгедек балаға 96,0 мың теңге  мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төленді. Азаматтардың жекелеген санаттарына  әлеуметтік төлемдер 884,5  мың теңге көлемінде төленді.
Ұлы Отан  Соғысының  7 ардагері мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтердің, электр қуатының, абоненттік  төлемдердің өтемақысына 141,5 мың теңге аударылды. 


Тұрғын үй жәрдемақысы 1625,4 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  2004,5 мың теңге  көлемінде төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға 110 отбасына  296 балаға  сомасы  2311  мың  теңге  төленді.
Үйден қызмет көрсетумен 29 адам қамтылды, олардың 8-і  мүгедектер,  12 зейнеткерлер және 9 кемтар балалар.
2009-2011 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттің есебінен 5 ересек мүгедекке кресло-коляска, 1 бала-мүгедекке кресло-коляска, 2 адамға балдақтар, 1 мүгедек балаға ортопедиялық аяқ киім, 1 мүгедекке есту құралы берілсе, 2 адам протез аяқтар жасатуға жіберілді. 7 мүгедек адамға гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 325 мың теңге аударылды.
2009 жылы Қарағанды қаласындағы ардагерлер мен мүгедектер үйіне емделіп демалу үшін 4 зейнеткер, «Жеке батыр» және «Шалқар-Су», «Сосновый бор» санаторийлеріне 7 мүгедек адамдар жіберілді.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі оқушыларға терең де сапалы білім берудің тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта № 1 қазақ орта мектебіне республикалық  бюджеттен 5 млн. 820 мың теңгеге 4 интерактивті тақта, 4 млн. 97 мың теңгеге жаңа биология кабинеті сатып алынды.
Жаңа оқу жылында мектептер шеберханаға қажетті жабдықтармен, бастауыш сыныптарға арналған парталар, орындықтар, шкафтармен, кітапханаға арналған кітап сөрелерімен, асхана  жабдықтары, ыдыстары, жиһаздарымен   жабдықталды.   
Қазіргі уақытта  орта есеппен 1 компьютерге 11 оқушыдан  келеді.   Мектептер Интернет, Мегалайн жүйелеріне қосылған. Мектептерді компьютерлендіруді жылдан жылға жақсарту алға қойылып отыр.


Өткен оқу жылымен салыстырғанда педагогтар арасында  жоғары білімді мұғалімдер саны артып келеді.
Мемлекет Басшысының мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі  туралы тапсырмасын орындау мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 2 балабақша, 1 шағын орталық жұмыс істейді. Осы жылы № 2 орта мектептен тағы бір  50 орынға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда.  Бұл мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік береді.   Дорохов атындағы орта мектеп ғимаратын коммуналдық меншікке қабылдаған жағдайда, 100 балаға аоналған мектепке дейінгі мекеме ашуға мүмкіндік туындап отыр.
2009-2010 қысқы жылу беру мерзіміне № 1 қазандық ағымдағы жөндеуден, екінші қазандық күрделі жөндеуден өткізіліп, 4 бойлер толығымен тазаланды. Тұз үңгүрі жөндеуден өткізілді. Қосымша қосалқы кіші базалық мазут қоры салынды.


Көлемі 2050,6  метр жылу және су құбырлары толығымен ауыстырылып жылу изоляциясымен оралды.
Республикалық автомобиль жолынан бастап қалалық госпиталға дейін жалпы көлемі 2040 шаршы метр автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Қысымдық коллектордың аса апаттық  жалпы көлемі 1,4 км учаскесіне  күрделі жөндеу  жүргізілді.
2009 жылы «Тұрғылықты жерлерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3500,0 мың теңгеге қаламыздың Достық, Балхаш, Чапаев, Ағыбай батыр, Дорохов, Абай , Пирогов көшелері  және Достық көшесі аралығындаға аллея жарықтандырылды.  


Совет Армиясы бульварында орналасқан құрылысы аяқталмаған тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін, осы үйдің пайдалануға жарамдылығын тексеруге және жобалық–сметалық құжаттамасын дайындауға жергілікті бюджеттен 8931 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес жоғарыда аталған тұрғын үй құрылысына 150575 мың теңге қажет. Құрылыстың 1-ші бөлігін аяқтау үшін 2010 жылға республикалық бюджеттен 59000 мың теңге қарастырылған.   Алдағы уақытта салынатын жеке тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2010 жылға 24 200 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа Транспортная және Строительная көшелеріне су құбыры және Ағыбай батыр мен Приморская көшелеріне канализация желілері тартылады.  
Қарағанды облысының құрылыс басқармасының қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары негізінде қалада 2009 жылдың жылдық жоспары 13761 шаршы метрді құраған. 2009 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 13761 шаршы метрді құрап, 100 % орындалды.
«Приозерск қаласының қалалық су құбырларын қайта жаңартудың 2-кезеңі» Мемлекеттік «Ауыз Су» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 2009 жылға жалпы сомасы 3 47 513 мың теңге бөлініп,  қалалық № 2 су қорғаны қайта жаңғырту, жалпы ұзындығы 7955 метр қалалық су құбырларын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық  жүйесінде 2009 жылы 27 құрылыс нысанына реттік нөмір беріліп, қазіргі уақытта  Приозерск қаласы бойынша  жылжымайтын  нысандардың  жалпы саны – 1004  дана, соның ішінде: көп қабатты тұрғын үйлер – 69, жеке тұрғын үйлер – 146, орта және шағын бизнес нысандары -29, гараждар – 436, саяжай мекендері – 98, административтік нысандар -27 және әр түрлі нысандар  - 199 санын құрайды.   
2009 жылы жергілікті бюджет есебінен мал қорымы құрылысына 3 млн. 669 мың теңге бөлініп, бөлінген қаражатқа мал қорымы салынды.
2009 жылғы бекітілген жер балансына сәйкес, Приозерск қаласы бойынша жер учаскесінің барлық көлемі 5 452 гектар жерді құрайды.
Жер учаскелерін бөлу жөніндегі комиссия 2008 жылы жер учаскесін бөлу туралы комиссия 253 өтініштер мен хаттар қарастырса, 2009 жылы  18  отырыс өткізіп 184 өтініштер мен хаттар қарастырды.


2009 жылы жер учаскесін жалға алу – 54 келісім шарты жасалынып, жалпы сомасы – 712 651 теңгені құрса, ал 2008 жылы 100 келісім шарты жасалынып, сомасы 670 604 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 46 % келісім шарты аз болса, ал сомасы 106,3%-ға көбейген.
2009 жылы жер учаскесіне меншік құқығын сату сатып-алу – 11 келісім шарты жасалынып, жалпы сомасы – 7 160 801 теңгені құраса, ал 2008 жылы 15 келісім шарты, жалпы сомасы – 3 637 234 теңгені құрап, салық жағынан бюджетке 2 есе көп түсім түсті.
2009 жылы уақытша жер пайдалану құқығын сату сатып-алу келісім шарты - 17, жалпы сомасы – 291 736 теңге болса, ал 2008 жылы 13 келісім шарты жасалынып 281 140 теңгені құрып, 103,8 % -ға орындалды.
2009 жылы барлығы 82 келісім шарты жасалынып жалпы сомасы  8 165 188 теңгені құрады,  ал 2008 жылы 126 келісім шарты жасалынып жалпы сомасы 4 588 978 теңге құрады. 2008 жылмен салыстырғанда бюджеттік төлем  2009 жылы барлығы 177 % -ға орындалды.  
2009 жылы Балқаш көлінің жағалауының 35 км ұзындықтағы солтүстік жағалауынан суды қорғау аумағы және алқапты анықтайтын 78 межелік белгілер орнатылған.         


Приозерск қаласы аумағында маңызды ауыл шаруашылық өнімдері қорын құру мақсатында «Астра-Агро» шаруа қожалығымен 900 тонна қартоп, 200 тонна қырыққабат, 200 тонна сәбіз өнімдерін тасымалдап, сату үшін және Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-аюлы кентімен 1200 тонна астық сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіліп, меморандум жасалды.


Қаламызда ауыл шаруашылық өнімдері базар бағасымен салыстырғанда 30-40 % пайыз төмен бағада  сатылатын     жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді.  
Ұн  қорын құру мақсатында және 1 сұрыпты ұнның бағасын тұрақтандыру бойынша Қарағанды қаласының «Дамир» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен келіссөздер жүргізілді.  Қаланың нан пісіруші жеке кәсіпкерлері Морозова және Көбеновпен айына  10-15 тонна көлемінде 1 сұрыпты ұнды жеткізіп беру бойынша 3 жақты келісім шарт жасалды.  Қазіргі таңда аталған ұн қала кәсіпкерлеріне әр айдың 20-сы күні  жеткізіліп берілуде. Қалада сатылып жатқан 1 сұрыпты нанның бағасы көтерме бағамен 40 теңгеден, сатылу бағасы дүкендерде 45 теңгеден. Аз қамтамасыз етілген тұрғындар және  Жұмыспен қамту орталығында тізім бойынша есепте тұрған  көп балалы аналарға, зейнеткерлерге арзан бағада 1 сұрыпты ұнды 45 теңгеден,  макарон өнімдерін 85 теңгеден сатып алу үшін  көмек ретінде іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қала бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің табыс табу көлемі 2009 жылы 22,3 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда  113,2 % өсіп  отыр.
Ауыл шаруашылық өнімінің жеке индексінің жалпы көлемімен  көрсеткіштері  102,0 % құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 109,9 %  құрайды.
2009 жылы үй шаруашылығындағы негізгі мал шаруашылығы өнімдерінен алынған сүт 235 тонна, алынған жұмыртқа 125 мың дананы құрайды.
Қалада  251 ірі қара мал басы, 557 ұсақ мал және 32 бас шошқа  бірдейлендірілді.
Қала аумағында иесіз жүрген малдарға шара қолдану мақсатында жүргізілген жұмыс нәтижесінде 15 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2009 жылы ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыты Елбасының 2009 жылдың 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Қазақстан халқына Жолдауын зерделеуге,  жергілікті халыққа насихаттап түсіндіруге және жүзеге асыруға бағытталды.
2009 жылы облыстық ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерімен жоспарланған 6 кездесу өткізіліп, 2500 адам қамтылды.
Ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің қатысуымен барлығы 14 кездесу өткізіліп, жергілікті телеарна арқылы Жолдаудың жеке тарауларын түсіндіру мақсатында сюжеттер жарықтандырылды.
Жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі маңызды жұмыстардың бірі – тұрғындардың денсаулығын қорғау.
Приозерск қаласының денсаулық сақтау саласы амбулаторлық-поликлиникалық көмек көрсететін, оның ішінде жедел дәрігерлік көмек көрсететін «Приозерск қаласының поликлиникасы» және тәулік бойы дәрігерлік көмек көрсететін «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып табылады.
2009 жылда көрсетілген мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, қала тұрғындарына ғана емес аудандық орталықтың алыс болуына байланысты Ақтоғай ауданының Сары-Шаған станциясы және Тас-Арал елді мекенінің тұрғындарына да дәрігерлік көмек көрсетілуде.
Заманауи жоғары технологиялық көмек түрлерін көрсету үшін поликлиникада 6 төсек - орындық ауруларды күндіз қабылдау бөлімшесі жұмыс істеп отыр.
50 төсек-орыннан тұратын стационарлық аурухана 15-терапевтік, 10 балалар, интенсивтік терапиядан және операциялық блоктан тұратын 15 төсек-орындық хирургия бөлімшесі, сонымен қатар 10 төсектік жаңа туылған нәрестелер палаталары бар босану бөлімшесінен тұрады.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын денсаулық сақтау саласында қаржыландыру жоғарылауда.
2009 жылы балалар мен балалар тағамына бөлінген қаржы 233,2 мың теңгені, жүкті аналардың денсаулығын жақсартуға бөлінген қаржы 262,1 мың теңгені  құрады. Басқа аурулар түріне берілетін дәрі-дәрмектерге бөлінген қаржының жалпы сомасы 5 млн. 700 мың теңгені құрады.
Бөлек категориядағы азаматтарды амбулаториялық емдеу үшін жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жалпы сомасы 590 мың теңгені құрады.


Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан 2009 жылы 76 адам қайтыс болса, былтырғы жылы 73 адам қайтыс болған. 2 бала өлімі тіркелген.
2008 жылы ана өлімінен 1 жағдай тіркелсе, 2009 жылы тіркелген жоқ.
Қаламызда отбасылар саны жылдан жылға көбеюде, 2008 жылмен салыстырғанда 12 отбасы артық тіркелді.  2008 жылы ажырасқандар саны 58 болса, 2009 жылы 47 отбасының некесі бұзылған.  2008 жылы 264 нәресте туылса, 2009 жылы 302 нәресте дүниеге келген. Жалпы өлім саны   76   адам, былтыр бұл көрсеткіш 73 болған. Табиғи өсім 2009 жылы 35 адамды құрады. 


2009 жылы жасалған қылмыс 2008 жылмен салыстырғанда 119,4% артты.
2009 жылы жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 897, 2008 жылмен салыстырғанда 106,3% артты.
         2009 жылы бақылау есебіне 33 тұлға алынды, олар түзеу мекемелерінен мезгілінен бұрын шартты түрде босап келгендер, шартты түрде сотталғандар, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланушылар, есірткі құралдарын пайдаланушылар. Қазіргі уақытта 103 тұлға есепте тұр.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларының есебінде 13 жасөспірім және 6 сәтсіз отбасы бақылау есебінде тұр.
2009 жылы нашақорлық және есірткі бизнесімен күреске арналған есірткі заттарды пайдалануға бейімдеу, сақтау және тасымалдау туралы 11 факт айқындалды. Олардың ішінде 4 факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 факт бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қаламыздың бірден-бір мәдени ошағы  - қалалық  кітапхана.  2009 жылдың қорытындысы бойынша оқырмандар саны  3600  адам болып отыр.
Жылдан жылға кітапхананы қаржыландырудың өсуіне байланысты кітап қоры едәуір артты. Қазіргі күні кітапхананың жалпы кітап қоры 53500  дана кітаптан тұрады. Оның   6500 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.


Кітапхананы ақпараттандыруға да көп көңіл бөлінуде. Қазір кітапханада 3 телефон, 8 компьютер, 1 мәтін алғы, факс және көшірме аппараты жұмыс  істейді.  Оқырмандарға арналған Интернет сыныбы жұмысын жалғастыруда. 
Приозерск қаласында Жол картасы іс-шараларын жүзеге асыру аясында Республикалық бюджеттен бөлінген 9010 мың  теңгеге қалалық кітапхананың ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.
2009 жылы  қаламызда көптеген мерекелік бағдарламалар, ән байқаулары  ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама, Конституция күніне арналған мерекелік парад ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған облыстық «Жас сұңқар» париоттық әндер конкурсына қалалық «Жас сұңқар» конкурсының жеңімпазы № 1 қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Төлеутай Рүстем қатысып, Гран-при жүлдесін иеленді.
2009 жылы дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан әр түрлі спорт жарыстары өткізілді. Қала спортшылары Қарағанды,  Балқаш,  Теміртау қалаларында өткен қазақша күрес,  бокс, дзюдо, самбодан өткен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келді.
1 спортшы республикалық деңгейде өткен шығыс жекпе-жегінен Дайдо Джуку Кудо жеңімпазы атағына ие болды.


Қалалық спорттық шаралар өткізуге  720  мың теңге, ал облыстық шараларға қатысу үшін  1 млн. теңге бөлінді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында келешекте қалада 500 орынды  емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнде қала тұрғындарының  әр мекемелерде орнатылған 4 инфокиосктер арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының вебсайттарына шығуларына мүмкіндік туып отыр, ал қала әкімінің веб сайты арқылы қала әкіміне тікелей сұрақтарыңызды қойып, атқарушы билік құзырындағы кез келген сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.


Былтырғы   кездесуде қала өміріне, тұрғын үйге, қоғамдық көліктер жұмысына, жолдар жағдайына, абаттандыру мен халықты әлеуметтік қорғауға қатысты 70 ұсыныстар мен өтініштер түскен болатын. Бақылауға алынған 7 мәселе толығымен орындалды.
Сіздердің ұсыныс-өтініштеріңіз бойынша қалада көп жұмыстар атқарылды. Қала көшелеріне жол белгілерін  орнату жұмыстары жүргізілді. Қалаға бұрылатын бұрылыстағы тыйым салынған жол белгілерін алып, автожолдан Приозерск қаласына сілтеуіш жол белгілері қойылды. Ағыбай батыр, Достық, Чапаева, Балқаш және Пирогова көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қалада көпқабатты үйлердің подъездері қоғамдық-ақылы қызметкерлер және коммуналдық кәсіпорнына коммуналдық төлемге қарызы бар тұрғындар арқылы іске асуда. Достық көшесі 16/3 үйінің жертөлесі мен су құбырлары толық жөндеуден өтті. Ағыбай батыр №3 үйінің жылу беру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Совет армиясы бульварының  №2 үйіне техникалық тұжырымдама жасалып жөндеуден өткізу бойынша бюджеттік өтінім дайындалуда, Пирогов 3 және 5/2 үйлерінің төбелері жөндеуден өткізілді. Совет армиясы бульварының 28, Пушкин көшесі 9/3 үйлерінің суық су және ыстық су жүйелері ауыстырылып жөндеуден өткізілді.


Әкім аппаратына 2009 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 937 өтініш- шағымдар келіп түскен, 2008 жылмен салыстырғанда 101 % көп, олардың ішінде үй мәселесі бойынша 442 өтініш, жер беру туралы 154 өтініш, ал пәтерін жекешелендіру бойына 174 өтініш. Әкім және оның орынбасарлары жұмыс регламенті және кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді, 2009 жылы қабылдауда 138 азамат болып, 2008 жылда қабылдауға келген 153 азаматпен салыстырғанда 9,8% азайды. Азаматтарды қабылдау кестесі және әкім аппаратының сенім телефоны ай сайын жергілікті басылымға және «Priozersk-akimat.kz» веб-сайтында жарияланады.   
Қаланың барлық арнайы қызметтерінің өкілдері қатысқан «Ашық есік күніне»  25 адам қатысып, 40-тан аса сұрақтар қойды.

Құрметті жерлестер!


Халықпен кезекті есеп беру кездесуіне келгендегі негізгі көрсеткіштеріміз осындай.
Мемлекет басшысы, облыс әкімі жергілікті атқару органдары алдына қойған нақты міндеттерді табысты шешу өздеріңіз көріп отырғандай орындалуда, орындала да береді. Президенттің халыққа Жолдауында айтылғандай стратегиялық курс өзгермейді, тек қажетті түзетулер жасалады.
         Біздің мақсатымыз тұрғындардың берекелі өмір сүруіне қол жеткізу, адамдардың еңбек етуіне, табыс табуына, бала-шағасын, отбасын асырауына жағдай туғызу.
         Бұл бағытта биылғы жылы белгіленіп отырған шаралар міндетті түрде орындалатын болады.


Дата редактирования: 14 Сәуір 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.86
Евро 435.32
Рубль 6.12
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

21.10.2019
«Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысы туралы ақпарат
«Приозерск қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі2019 жылдың 19 қазан күні «№2 ЖОББМ» КММ акт залында «Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысын ұйымдастырды.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика