ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2019 жылдың 8 ақпаны күні қала әкімінің халық алдындағы есепті кездесу барысында қала тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен ескертулердің іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

Ескерту

1

2

3

4

5

11

Ахметова Э. Ж.,
Достык к., 16 үй, 17 пәтер
Қалалық стадионда қашан жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

Маусым 2019 ж.
1. "Родина" қалалық стадионын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуді және мемлекеттік сараптама алуды аяқтасын;
2. Бюджеттік өтінімді Қарағанды облысының құрылыс басқармасына және дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберсін;
3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
Құрылыс бөлімінің басшысы
(Ж.О. Есенжолов)
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
(Н.А. Стамқұл)

 

22

Мусатаева А.И.,
Косманавтов к., 9/2 үй, 52 пәтер
Сот шешіміне сәйкес 2015 ж. - 2018 ж. аралығында  "Жезқазған энергосбыт" ЖШС –тің тұтынушыларының тұтынылған электр энергиясы үшін қайта есептеу немесе қайтару жұмыстарын жүргізу туралы. Осы мәселе бойынша жұмыс жүргізілетін боладыма?

Қыркүйек 2019 ж.
1.Уәкілетті органға (ТМРА, БҚ және Қарағанды облысының ПП) жазбаша сұрау хатын жіберсін.
2. Жауап алғаннан кейін өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.
3. Соттың шешімі оң болған жағдайда қайта есептеу жұмыстарын жүргізу үшін "ЖЭСбыт" ЖШС басшылығына хат жіберсін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)

 

33

Мусатаева А.И.,
Косманавтов к., 9/2 үй, 52 пәтер
Біздің үйдің қабырғасындағы панель аралық ашық қуыстарды бітеп  жамаумен кімдер айналысады?

Қыркүйек 2019 ж.
1.  РФ ҚМ 03080 ә/б командирі полковник Е.В.Коноваленковтың атына Космонавтов көшесі, 9/2 үйінің 2019-2020 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық барысында жөндеу жұмыстарын жүргізу  туралы хат жіберсін.
2.  Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)

 

44

Мусатаева А.И.,
Косманавтов к., 9/2 үй, 52 пәтер
Космонавтов к-сі, 9/2 үйінің жылумен қамту жүйесін жөндеу туралы.

Маусым 2019 ж.
1. 2018-2019 жж. жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін, РФ ҚМ 03080 ә/б № 2 Үйбасқармасының (Домуправления №2) қызметкерлерімен бірлесе отырып, жалға алынған 18 үйдің коммуналдық жағдайына комиссиялық  тексеріс жүргізілсін. Сонымен қатар 2019-2020 ж. ж. жылу беру маусымына дайындығы барысына тұрақты мониторинг жүргізсін.
2. 2019-2020 ж. ж. жылу беру маусымы дайындығына шеңберінде қажетті жұмыстарды жүргізсін.
3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
 «КТҮҚҚБ» КМК директорының м.а.
(С.В. Курец)

 

55

Кузина С. Г.,
Космонавтов к., 9/2 үй,  79 пәтер
Аталмыш үйдің әр подъезіне электр есептегіш құралын орнату

Ақпан 2019 ж.
1. "Казэнергоцентр" ЖШС және "ЖТЭК" АҚ ОАЭЖ, "ЖЭСбыт"ЖШС-мен бірлесіп аталған үйдің электр есептегіші орнатылған бөлмеге және электр есептегіш құралдарына комиссиялық сараптама жүргізсін;
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
ЖШС «Казэнергоцентр» өкілі
(И.Г. Шарашорина, келісім бойынша)
ЖШС «ЖЭСбыт» өкілі

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында "Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі" ММ мамандары және "Казэнергоцентр" ЖШС өкілдерімен Сіздің пәтеріңізді есепке алу құралыңыздың жеке қатысуымен комиссиялық бірлескен тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 1971 жылы шығарылған №79 пәтердің (дәлдік сыныбы 2,5) есептегіш құралы (дискілік ондафазалық электр есептегіш) екені анықталды. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптары болуға міндетті.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жаңа үлгідегі (электронды, дәлдік сыныбы 1,0) аспапты есепке алуды орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
Бақылаудан алынды.

56

Мусатаева А. И.,
Космонавтов к., 9/2 үй, 52 пәтер
Қызмет көрсетуші ұйымдардың, қызмет көрсету шарттарын заңды түрде жария ету туралы

Наурыз 2019 ж.
1. 2019 жылға арналған қызмет көрсетуші ұйымдардың қызмет көрсету шарттары,  жергілікті газетте жариялансын.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
КТҮҚҚБ КМК директорының м.а.
(Курец С.В.)
ЖШС «Арай-2017» директоры
(Кипчакбаев Б.А., келісім бойынша)
ЖШС «Қалқан-2009» директоры
(Мосиенко В., келісім бойынша)

         Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес.
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам жасасқан және осындай тұлға өз қызметінің сипаты бойынша оған өтініш жасаған әрбір адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету жөніндегі оның міндеттерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, жалпы пайдаланымдағы көлікпен тасымалдау, байланыс қызметтері, энергиямен жабдықтау, медициналық, қонақ үй қызметі және сол сияқтылар).
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жария шарт жасасуға қатысты бір адамға басқаларының алдында артықшылық көрсетуге құқылы емес.
2. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге де талаптары заңнамада тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, барлық тұтынушылар үшін бірдей белгіленеді.
3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның тұтынушыға тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну мүмкіндігі болған жағдайда жария шарт жасасудан бас тартуына жол берілмейді.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам жария шарт жасасудан негізсіз жалтарған кезде осы Кодекстің 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
Сондай-ақ, "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" КМК және "Калкан-2009" ЖШС қызмет көрсетушілері "Приозерский Вестник" газетінде 15.03.2019 ж. № 11/603 қызметтерді ұсыну үшін жария шарттарды қайта жариялағанын хабарлаймыз.
Бақылаудан алынды.

77

Трифонова Н. В.,
Кисунько к., 4/1 үй, 72 пәтер
Кисунько көшесі, 1 үйдің алдында орналасқан фантан жанындағы алаңды абаттандыру туралы.

Мамыр 2019 ж.
1. ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі 2020-2022 жж. бюджетті қалыптастыру кезінде сметалық құжаттаманы әзірлеп, бюджеттік өтінім дайындасын.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
(Струментова Н.М.)

 

88

Литвинова Е.
Кисунько к., 13/3 үй, 49 пәтер
Қалалық жағажайларды
абаттандыру мәселесі.

Сәуір 2019 ж.
1. Қала кәсіпкерлерімен жағажайларды абаттандыру мәселесін қарастырсын.
2. Ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларында "Жасыл Ел" жастар жасағының күшімен қалалық жағажайларды тазарту жұмыстарын жалғастыру
3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Саденов)
«Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы
(А.Ж.Жүсіпов)
 «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
 «Атамекен» ҰКП Приозерск қ. филиалының директоры
(Ф. Сабиров, Келісім бойынша)
Жастар ресурстық орталығының директорының м.а.
(Ұ. Алмас)

 

99

Асаубаева А.,
 ст. Сары-шаған
Сары-Шаған станциясынан көпірге дейінгі жол учаскесіне қызмет көрсету туралы?

Ақпан 2019 ж.
1. Осы учаскеге қызмет көрсететін мердігерлік ұйымның жұмысын жақсарту мақсатында "ҚазАвтоЖол" АҚ ҚФ басшысының атына хат жіберсін.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)

          Приозерск қаласының әкімдігімен "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы"                АҚ Қарағанды облыстық филиалының атына жолды қардан тазалау және сырғанауға қарсы материалдармен жабу жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар қабылдау туралы (19.02.2019 ж. № 2-6/101) хат жолданды.
28.02.2019 жылғы жағдай бойынша Сары-Шаған станциясынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскеде "Казахавтодор" ЖШС ҚОФ № 47 жол-пайдалану учаскесінің күштерімен автожолдар мен жол жиектерін қар үйінділерінен тазарту және көлік жүретін бөліктен қисаюды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бақылаудан алынды.

110

Берсигуров О.,
Шұғыла к., 1 үй, 4 пәтер
Шұғыла көшесі бойынша орналасқан үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ету туралы.

Ақпан 2019 ж.
1. Аталған учаске бойынша қатып қалған суқұбырларына комиссиялық тексеріс жүргізіп, судың жоқтығы мен қатып қалу мәселелерін анықтасын.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)

          Ағымдағы жылы 28 ақпанында комиссия құрамы «ТКШ, ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі» және «ТҮҚҚБ» КМК қызметкерлерімен Шұғыла көшесінің су желілеріне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде су құбырлары магистралға техникалық жағдайларға сәкес қосылмаған. Соған сәйкес аталған көше тұрғындары «ТҮҚҚБ» КМК – нан жаңа техникалық жағдай алуы керек.
Жұмыста.

111

Кенжебеков Б.А.,
Приозерск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі
"Халық банкі" РКО және Достық к-сі, 29 үй ауданында жол белгілерін орнату.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Маусым 2019 ж.
1. Аталған көше бойынша жаяу жүргіншілер жолына комисиялық тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда жол белгілерін орнату.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
Приозерск қаласының ПБ бастығы
(Б.А. Рыспеков, келісім бойынша)

 

112

Кенжебеков Б.А.,
Приозерск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі
ҚР ҚМ БРЭЧ балансындағы тұрғын үйлерге қатысты, пайдаланылмайтын үйлер мен әскери бөлімдердің пәтерлерін қаланың коммуналдық меншік балансына беру мәселесіне жәрдем көрсету туралы
(Жәшікке түскен сұрақ)

Наурыз 2019 ж.
1. Үйлерді қаланың коммуналдық меншігіне  берудің қажеттілігін қарастыру.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
Экономика және қаржы  бөлімінің басшысы
(Н.М. Струментова)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
ҚР ҚМ Балқаш  АПБ бастығы
(А.С. Спанов, келісім бойынша)

«Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашалығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК қызметкерлерімен жылу шығындары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін қажетті шаралар қабылданатын болады.
2019 жылдың 15 ақпанында шығ. № 6-9/87 ҚР ҚМ БАПБ басшысы А.С. Спановтың атына Сіздің өтінішті қарастырып жауап беру жайында хат жолданды.
Жұмыста

113

Кисунько 1 үйінің тұрғындарынан
Учаскенің тазалығы қоқысқа арналған бактардың дұрыс орналасуына байланысты, бұл біздің аулада байқалмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, қалдықтарды жинауға арналған аумақтар мынадай шарттарға сәйкес болуы тиіс: қоршалған тор қоршау немесе 3 жағынан жоғары  қабырғаларымен қоршалған асфальт немесе бетонмен жабылған тегіс платформаның болуы. Міндетті түрде қоқыс тасымалдаушыларға еркін жол жүру қамтамасыз етілуі тиіс.  Біз, ауланың тұрғындары ауланы күн сайын әдемі және таза көргіміз келеді.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Ақпан 2019 ж.
1. Уәкілетті органмен бірлесіп сараптама жүргізіп, санитарлық – эпидемиологиялық  талаптарға сәйкес қалпына келтіру.
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
(Г.С. Өнербекова, келісім бойынша)
 «Қалқан-2009»ЖШС директоры
(В. Мосиенко, келісім бойынша)

2020-2022 ж. ж. арналған қалалық бюджетті қалыптастыру барысында жаңа қоқыс тастау контейнерлік алаңын орнатуға қаражат бөлу мәселесі қарастырылатын болады.   
Жұмыста.

 

 

 

 

 

14

Кисунько 1 үйінің тұрғындарынан
Біздің үйдің ауласында қалалық монша жұмыс істейді. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін монша от жаға бастайды. Құбыр екінші қабат деңгейінде орналасқан және тиісінше біз жаз – күз жыл мезгілдерінде осы түтінмен дем аламыз. Бұл дұрыс па? Монша ақша табады, ал тұрғындар тек өкпе ауруларын табады.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Ақпан 2019 ж. 
1. ҚНмЕ мен СаЕмН талаптарына  сәйкестігіне тексеру жүргізу.                                                            2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
«Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы
(А.Ж.Жүсіпов)
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
(Г.С.Өнербекова, келісім бойынша)
Приозерск қаласының ЖПҚ бастығы
(Н.Ш. Қасым, келісім бойынша)

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 "мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес қалалық монша объектісі эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге жатады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізіледі.
Осы объектіге қатысты тексеру ашу және оны прокуратура органдарында тіркеу үшін, сізге Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 6/2 үй мекен-жайы бойынша жазбаша өтінішпен Приозерск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кеңсесіне жүгіну қажет. Анықтама үшін Телефон: 8 (710 39) 5-41-13.
Бақылаудан алынды.

15

Кисунько 1 үйінің тұрғындарынан
Сонымен қатар біздің аулада бірнеше жыл бойы ешкім пайдаланбайды авто – көліктер  тұр, оларды (дөңгелектері, іші, шынылары жоқ). Олар   ауланы ластауда, олардың астында қоқыс жиналады, үйсіз мысықтар мен иттер жиналады. Ауладағы  балалар сол көліктердің жан жағында  ойнайды, осы көліктердің астында да жүреді. Қураған ағаштар да ауланың тұрғындары мен балалары үшін қауіп төндіреді, олар аздаған жел кезінде біреулердің басына құлауы мүмкін. Ал бұл орындарды абаттандыруға, ағаштар отырғызуға, орындықтар қоюға болады, өйткені біздің қалада қала аулаларын қоршауды айналысатын ТКШ бөлімі бар.  Машина иелерін өздерінің қоқыстарын алып тастауларына  міндеттеуін сұраймыз.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Ақпан 2019 ж.
1. Үй ауласында иесіз тасталған авто-көлік иелерінің атына, аула аумағын авто-көлік шанағынан тазарту қажеттілігі туралы хабарлама дайындау.
2.Тасталған автокөлік иелерімен бірге жұмыс жүргізу.                                                       
3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласының ЖПҚ бастығы
(Н.Ш. Қасым, келісім бойынша)
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
(Г.С. Өнербекова, келісім бойынша)

Сұрақта көрсетілген мәліметтер ішінара расталды, атап айтқанда автомашиналарда доңғалақтары, ішкі қаптамасы және әйнегі жоқ. Осы көліктердің иелерімен әңгімелесу жүргізілді,оның барысында иелері жақын арада өз автокөліктерін тиісті жағдайға келтіруге және олардың астында жиналып қалған қоқыстарды жинауға міндеттелді.
Жұмыста.

16

Кисунько 1 үйінің тұрғындарынан
Орталық алаңда  қалалық іс-шараларды өткізу кезінде, қалалық алаң жабылады.  Осы уақытта машиналар айналып өту жолымен   емес, біздің ауланың   жаяу жүргіншілер тротуарымен жүре бастайды. Аулада көп балалар бар. Мұндай жағдай қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Осы мәселе жөнінде қажетті шаралар қолдануыңызды сұраймыз.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Ақпан 2019 ж.
1. Осы үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізіп, осы аулаға кіре берістерде шлагбаум орнату мәселесін қарастыру.                         
2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
Приозерск қаласының ЖПҚ бастығы
(Н.Ш. Қасым, келісім бойынша)

"Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ (бұдан әрі - Бөлім) қызметкерлерімен 21.02.2019 ж., шлагбаум орнату мәселесі бойынша Кисунько 1 үйінің тұрғындарымен жиналыс өткізілді.
Көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары жалпы пайдаланудағы аумақ болып табылады. Осы мәселе бойынша тұрғындар жалпы жиналыспен реттелетін шлагбаумдарды орнату жөнінде шешім қабылдай алады. Оң шешім қабылданған жағдайда шлагбаумды сатып алу және орнату құнын үй тұрғындары өз есебінен ұстауға міндетті болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы                               23 маусымдағы № 439 "өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар "техникалық регламентін бекіту туралы" бұйрығының 251-тармағына сәйкес ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпе жолдар мен кіреберістер өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді болуы және жарамды күйде болуы, ал қыста қардан тазартылуы тиіс. Шлагбаумдардың жалпы кеңістігімен (ауласымен) біріктірілген тұрғын үй топтарының аумағына кіру алдында персоналдың тәулік бойы кезекшілігі бар стационарлық бекет ұйымдастырылады және шлагбаумдар оларды қолмен ашуға арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы қаулысының 17-бабына сәйкес, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылуға жатады.»:
1. Тұрғын аймақта жаяу жүргіншілер тротуарлармен де, жолдың жүру бөлігімен де қозғалады. Тұрғын аймақта жаяу жүргіншілер басымдыққа ие, алайда олардың қозғалысы көлік құралдарының қозғалысына негізсіз кедергі жасамауы тиіс.
2. Тұрғын аймақта тыйым салынады:
1) көлік құралдарының толассыз қозғалысы;
2) жолдың жүру бөлігінен тыс көлік құралдарының қозғалысы;
3) оқу қозғалысы;
4) жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тоқтап тұру;
5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, арнайы бөлінген және белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс автобустардың тұруы;
6) дыбыс сигналын беру, қатты музыка қосу;
7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және ойын алаңдарында тұру.
3. Тұрғын аймақтан шыққан кезде жүргізушілер басқа қозғалыс қатысушыларына жол береді.
4. Осы бөлімнің талаптары аулалық аумақтарға да қолданылады.
Егер жоғарыда аталған ереже тармақтары бұзылса, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Приозерск қаласының ІІБ-не хабарласа аласыз .
Бақылаудан алынды.

17

Кисунько 1 үйінің тұрғындарынан
Біздің аула кафемен көршілес, әсіресе жазғы уақытта музыкасы қатты ойнайды. Еңбек күнінен кейін адамдардың демалуына кедергі жасайды. Кейде кафелер түнгі сағат 2 ге дейін жұмыс істейді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 333-бабына сәйкес түнгі уақытта (23-тен 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, оның ішінде жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес тұрғын үй-жайларда және олардан тыс шу шығаратын жұмыстарды жүргізу ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Бірнеше рет милицияға, учаскелік кезекшіге, әкімдік кезекшісіне өтініш айттық ешқандай нәтиже болған жоқ. Осы мәселені жаз маусымына дейін шешуіңізді сұраймыз, өйткені біз тыныш өмір сүріп демалғымыз келеді.
(Жәшікке түскен сұрақ)

Ақпан 2019 ж.
1. Ойын – сауық  объектілері бойынша учаскелік полиция инспекторымен қоса рейдтер өткізсін және кафе иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартсын.
2. Өтініш иесіне  жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д. Саденов)
«Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы
(А.Ж.Жүсіпов)
Приозерск қаласының ЖПҚ бастығы
(Н.Ш. Қасым, келісім бойынша)

"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мамандары және Приозерск қаласының Полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, Дорохов көшесінде орналасқан "Туман" кафесінің иелерімен сағат 23.00-ден кейін түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қысқы және жазғы кезеңдерде терезелерді ашпауға тапсырыс берілді.
Бұл кафе жеке құрылыста орналасқан, тиісті рұқсаттары бар.
Бақылаудан алынды.

18

Рахматуллина Д.А.,
Кисунько к., 1 а үй, 1 пәтер
Қаладағы бейне бақылау желісін кеңейту туралы мәселе.

Сәуір-мамыр 2019 ж.
1.Бейне бақылау серверін кеңейту үшін   мемлекеттік сатып алуды өткізсін.
2.Приозерск қаласының полиция бөлімі қаламыздың қылмыс жиі жасалатын аймақтарда сыртқы бақылау камераларын орнату бойынша ұсыныстар дайындасын.
3. "BI-Tel" ЖШС қаражаты есебінен камералар орнату (МЖӘ тетігіне сәйкес) және қолданыстағы желіге қосып,  Приозерск қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне шығарсын. 
4. Қосымша камералардан серверге және  полиция бөлімінің кезекші бөліміне дейін интернет – трафикті төлеу бойынша қаражат бөлу мақсатында  БӨ дайындасын.                                                   
5. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап әзірлесін.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары
(Д.Ш. Саденов)
«ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮ бөлімі» ММ басшысы
(Т.А. Айдарханов)
Приозерск қаласының ПБ бастығы
(Б.А. Рыспеков, келісім бойынша)
«BI-Tel» ЖШС директоры
(А. Сафиуллин, келісім бойынша)

 


Дата редактирования: 10 Сәуір 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика