ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2017 жылдың 10 ақпаны күні қала әкімінің халық алдындағы есепті кездесу барысында қала тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен ескертулердің іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

2017 жылдың 10 ақпаны күні қала әкімінің халық алдындағы есепті кездесу барысында қала тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен ескертулердің іс-шараларжоспарының орындалуы туралы
2017 жылдың 1шілдежағдайы бойынша

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар(аты-жөні, мекен жайы)

Ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру іс-шаралары

Орындалу мерзімі

Жауапты

Ескертпе

 

1

Кеулимжаева Хажар Нурадиновна, Дружба Народов к-сі 4/1 үй - 48

Транспортная көшесі 17 үй 1 пәтер менің жеке меншігімде. Барлық құжаттарым қолымда, бірақ пәтеріме Галиутдинов В.В. деген азамат заңсыз кіріп алған. Өз пәтерімді қайтарып алуыма көмектесіңіздер.

1. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» Заңы аясында өтініш иесіне түсінік берілсін.

наурыз 2017 ж.

Әкім аппаратының басшысы

(Исатаев А.Н.)

Мемлекеттік

құқықтық бөлім

(Оракбаева С.Ш.)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( АйдархановТ.А.)

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8 б. 1т. сәйкес, тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын даулар сот арқылы шешіледі.

Шағымданушыға(2017 ж. 21.02. шығ. № 2-43.1) жауап жолданды.Бақылаудан алынды

 

2

Кеулимжаева Хажар Нурадиновна, Дружба Народов к-сі, 4/1үй-48

Менің Дружба Народов к-сі 4-1/-48 пәтерімде, қойылған жылу беру радиаторларының секциялары аз, пәтерім суық. Мәселені шешіп беріңіздер.

1.Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы және «КТҮҚҚБ» КМК бірлесе отырып пәтерге тексеріс жүргізіп, тиісті тексеру актісін жасасын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде Стандарттар мен Ережелерге сілтеме жасап, түсіндірме берсін.

наурыз 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.) Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы

(Өнербекова Г.С.)(келісім бойынша)

«Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ, «ТҮҚҚБ» КМК және Приозерск қаласының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен мероерологиялық фактроларды өлшеу хаттамасы (әрі қарай - Хаттама) жасалды.

Пәтердің температурасын өлшеу кезінде өлшеу құралдары орташа алғанда 20С көрсетті (Хаттама және тексеру актісі қосымшаланады 2 бетте).Яғни пәтердегі жылу температурасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 24 ақпанындағы № 125 бұйрығымен бекіткен «"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ережеге сәйкес.

Пәтердегі жылу беру секцияларының аздығы туралы: тексеру барысында барлық бөлмелерде жеті секциялық жылу беру радиаторлары тұрғаны анықталды.

«Жылыту, желдету және кондеционирлеу» және ҚР энергетика министрлігінің 2014 жылдың 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы «Жылу энергиясын пайдалану ережесіне» сәйкес.

Шағымданушыға(2017 ж.18.03.шығ.№2-43.2) жауап жолданды.Бақылаудан алынды

 

3

Яброва Людмила Александровна,

БСА 38А үй - 22

«Балақай», «Балбөбек» балабақшалары және БСА 38А аумақтарындағы жарық беруші күн панельдерін қалпына келтіру туралы

1.ТҮҚШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі ақпан айының соңына дейін конкурстық рәсімдерін өткізсін.

2. Күн панельдерінің жарық беруін а.ж. мамыр айының соңына дейін қалпына келтірсін.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

мамыр 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Ағымдағы жылы ақпан айында ТҮҚШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімімен конкурстық рәсімдер өткізілді.

Бүгінгі таңда күн панельдерінің ақауларын анықтау үшін тексеру және сымдарын, аккумулятор ауыстыру жумыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады.

Орындау мерзімі а.ж. 1тамызынадейін создырылды

 

4

Яброва Людмила Александровна,

БСА 38Аүй -22

ҰОС ардагерлеріне арналған монументтің қалпына келтіру қажеттілігі туралы

1. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын өткізуді бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен қарастырсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

мамыр 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

Құрылыс бөлімі

(Ж. Есенжолов)

Ағымдағы жылдың сәуір айында бюджеттентыс қаражат есебінен Монументтің аумағын абаттандыра отырып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (орындықтар, урналар, көшені жарықтандыру бағдарына арналған декоративтік плафондар, баспалдақ марштарын және қанаттарын майлы бояу, қабырғалардың сынған керамогранитті плиткаларын ауыстыру). 9 мамыр мерекесін тойлап болғаннан кейін белгісіз тұлғалармен көшені жарықтандыру бағдарына арналған декоративтік плафондарын сындырған, осыған орай, аман қалған плафондарды уақытша алуға шешім қабылданды. Монумент элементтерін бұзақылардан қорғау үшін көшені жарықтандыру бағдарына бейнебақылау орнату жоспарланып отыр.

Бақылаудан алынды

 

5

Яброва Людмила Александровна,

БСА 38Аүй -22

Қала бойынша газ баллондарды пайдаланушыларға арнайы көліктермен жеткізуді ұйымдастыру туралы

1.«Балхаш Газ» ЖШС-не жеке секторға газ баллондарын арнайы автокөліктермен жеткізу бойынша хат жолдансын.

2.Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

( Жусипов А.Ж.)

ІІБ, ТЖБ, 47 ӨСБ қатысуымен қалалық № 2 орта білім беру мектебінде көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалану бойынша жиналыс өткізілді (Хаттаманың және фото материалдардың көшірмесі қосымшаланады)

Аталған мәлеле бойынша жұмыстар жалғасуда және үнемі бақылауда.

«Балхаш газ» ЖШС газ баллондарын қосымша төлеммен жеке секторларға тасымалдап жеткізу бойынша (2017 ж. 24.03.шығ. №1-21/226 хат жолданған.

«Балхаш газ» ЖШС (2017 ж. 27.03.шығ. № 7) газ баллондарын жеке секторға тасымалдап жеткізуге арнайы транспорттың жоқтығын хабарлаған.

Бақылаудан алынды

 

6

Яброва Людмила Александровна, БСА 38Аүй-22

Телемұнарадан бастап «Белая колонна»-ға дейінгі аумақты құрылыс қоқыстарынан тазарту туралы

1.Көктемгі 2 айлық санитарлы тазалау және абаттандыру шеңберінде құрылыс қалдықтарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырсын.

2.Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін

мамыр-шілде 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Телемұнарадан бастап «Белая колонна»-ға дейінгі аумақты құрылыс қоқыстарынан тазарту жұмыстары ағымдағы жылдыңқазан айының аяғына дейін жүргізілетін болады.Орындау мерзімі а.ж. 1қарашағадейін создырылды

 

7

Тургамбаева Гульсим Сейльбековна,

БСА 38Аүй-23

№2 мектеп стадионына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

1. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не №2 мектептің стадионын жөндеу жұмыстарын 2018 жылдың бюджетіне енгізуге бюджеттік тапсырыс дайындасын.

2. Аталған мәселені ҚБК отырысына қарастыруға енгізсін.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Экономика және қаржы бөлімі

(Н. Струментова)

№2 ОМ спорттық алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжат жасалды.

Сметада жасанды жабынды футболдық алаң, жүгіру жолын жасау, тартанды негізде волейбол, баскетбол алаңы, тренажер және жарықтандыру қарастырылған.

Жөндеу жұмысы 34,9 млн. теңгені құрайды.

Спорт алаңын жөндеу бойынша бюджеттік өтінім Қарағанды облысы білім басқармасына жолданды.

Сонымен қатар өтінім 2017 жылы мамыр айында Приозерск қаласының экономика және қаржы бөліміне 2018 жылға қаражат жоспарлау үшін жолданады.

Бақылаудан алынды

 

8

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Қалада орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы

1.ТЖБ және ІІБ ЖПҚ бірлесе отырып көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалану қағидаларын түсіндіру бойынша жиындар ұйымдастырсын.

2.Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

( Жусипов А.Ж.)

ТЖ бастығы

А. Омаров

(келісім бойынша)

№ 47 ӨСБ бастығы

Н. Амиров

(келісім бойынша)

Жергілікті полиция қызметі басшысы

М. Айхымбаев

ІІБ, ТЖБ, 47 ӨСБ қатысуымен қалалық № 2 орта білім беру мектебінде көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалану бойынша жиналыс өткізілді

«Балхаш газ» ЖШС газ баллондарын қосымша төлеммен жеке секторларға тасымалдап жеткізу бойынша (2017 ж. 24.03.шығ. №1-21/226 хат жолданған.

«Балхаш газ» ЖШС (2017 ж. 27.03.шығ. № 7) газ баллондарын жеке секторға тасымалдап жеткізуге арнайы транспорттың жоқтығын хабарлаған.

Бақылаудан алынды.

 

9

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Мұғалімдер ұжымы кеңсе тауарларын сатып алуға қаржы бөлуді сұрайды. Мұғалімдер қағазды, принтерлер үшін бояуды және басқа да шығындарды өз есебінен сатып алады.

1. Мектеп үшін кеңсе тауарларына бөлінген қаржыға талдау жасасын

2. Қажет болған жағдайда кеңсе тауарларын осы бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу есебінен сатып алсын.

3.Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір-мамыр 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Мектепке кеңсе тауарларын сатып алуға бөлінетін қаражатқа талдау жасалып, бөлінген қаражаттың жетіспеушілігі көрсетілді.

Қағазды қолдану туралы норматив болмауына байланысты нақты қажетті материалдың санын жоспарлау мүмкін емес.

Білім басқармасында аталған сұрақ бойынша ұсыныстар жасалуда. Бюджет жоспарлауда ұсыныстар есепке алынады.Бақылаудан алынды

 

10

(Жәшіктен түскен сұрақ)

№2 мектеп ғимаратының тозуына, сондай-ақ, балалар санының ұлғаюына байланысты жаңа мектеп салу туралы

1. Білім беру ұйымдарының нормативі жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз 2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Экономика және қаржы бөлімі

(Н. Струментова)

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі

(С. Бұқпантаев)

Мектеп апатты жағдайда емес және сыныптың орташа толықтырылуы 25 оқушыдан аспайды, сол себепті жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етпейді. Жыл сайын мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.Бақылаудан алынды

 

11

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Қалалық білім беру бөлімі бухгалтериясының қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы (Үнемі іссапар шығындарын төлеуде қиындықтар туындайды, еңбекақы есептеу барысында қателіктер жібереді)

1. Қызметтік тексеріс жүргізсін, тексеріс нәтижесіне қарап, аталған деректер анықталған жағдайда тәртіптік жаза қолдансын.

2. Қызметтік жазба түрінде әкімге баяндалсын.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз2017 ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Білім беру бөлімінің бухгалтериясының қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы сұрағы дәлел таппады. 2017 жылы 21 ақпанында мектеп ұжымына іссапар қаражатын, еңбекақы төлемі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.Бақылаудан алынды

 

12

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Мектептерде ауыз су жоқ, мектепте ауыз су сатып алуға қаржы бөлінбейді. Неге су тазартқыш кулер қоймасқа?

1. Стандарттар мен Ережелерге сәйкес кулер орнатудың қажеттілігіне талдау жасасын.

2. Аталған мәселені шешу үшін қажетті есепті дайындасын.

3. Қала әкімінің атына қызметтік жазба дайындасын.

4. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Экономика және қаржы бөлімі

(Н. Струментова)

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасына

«Мектептерді таза сумен қамту» индикаторы енгізілген.

2017 жылдың бюджетін нақтылауда мектептерге суды тазарту фильтрін орнатуға бюджеттік өтінім берілді. HUBERT (Шотландия) фирмасының суды тазарту фильтрінің құны – 470 мың теңгені құрайды.Бақылаудан алынды

 

13

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Неге қаладағы су тазалағыш пункттерін алып тастаған? Суды сатып аламыз, өйткені оны краннан ішу мүмкін емес (тұнбасы бар және жағымсыз иісі бар)

1. БАҚ та түсіндіру үшін ақпарат ұсынсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

2015 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша «№ 2 су қорғауында ауыз суды тазалау комплексін және сумен жабдықтау құбырларын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылған.

Қалаға су құбарларымен берілетін ауыз су апта сайын Приозерск қаласының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасымен санитарлық нормаларға сәйкестігі бойынша тексеру жүргізіледі.

Жыл сайын ауыз суды тазалау үшін қалалық бюджеттен химиялық реагенттер сатып алуға ақша бөлінеді.

Сонымен қатар ағымдағы жылы 74 дана тазалау мембраналарын ауыстыру жоспарлануда.Бақылаудан алынды

 

14

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Мектептердегі тамақты сапасы туралы. Пісірілетін тамақ өте қымбат, нормаға сәйкес келмейді.

1. Мектептердегі тамақтарының сапасына тексеріс және талдау жүргізсін.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы

(Г. Өнербекова)

(келісім бойынша)

Приозерск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының қызметкерлерімен Приозерск қаласының №1 және №2 орта мектептерінің асханаларының жұмысына зерттеу жүргізілді. Жұмыс барысында тағамдарға, суға микробиологиялық және санитарлық-химиялық, паразитарлық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша ауытқушылықтар анықталмады. Тағамдар бекітілген ас мәзіріне сәйкес әзірленеді. Жіті ішек аурулары және тағамдармен улану фактілері тіркелмеген.

Бақылаудан алынды

 

15

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Абай к-сі 17/3 үйінің кіреберістерінде жарықтың жоқтығы туралы

1. «КТҮҚҚБ» КМК бірлесе отырып, аталған мәселені түсіндіру бойынша жиын өткізсін.

2. БАҚ-на «Тұрғын үй қатынастары туралы» қолданыстағы заңнамасы аясында тараптардың міндеттері және ортақ мүлікті ұстау бойынша түсіндірме ақпарат берсін.

сәуір 2017

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

«Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК және қалалық мәслихат депутатының қатысуымен аталған көпқабатты үйде «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР заңнамасын, үй иелерінің тұрғын үйді күтіп ұстаужауапкершілігін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Бақылаудан алынды

 

16

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Абай көшесі 17/3 үйінің кіреберістерінің антисанитарлық жағдайы туралы. Ай сайын төленетін 1200 теңге қандай мақсаттарға жұмсалады?

1. «КТҮҚҚБ» КМК бірлесе отырып, аталған мәселені түсіндіру бойынша жиын өткізсін.

2. БАҚ-на түсіндірме ақпарат берсін.

сәуір 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

«Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК және қалалық мәслихат депутатының қатысуымен аталған көпқабатты үйде «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР заңнамасын, үй иелерінің тұрғын үйді күтіп ұстаудағы жауапкершілігін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Бақылаудан алынды

 

17

(Жәшіктен түскен сұрақ)

№2 мектеп шатырының жөндеу жұмыстары туралы

1. Мемлекеттік сатып алу келісім шартына сәйкес, ағымдағы жылдың ақпан айының аяғына дейін №2 мектептің шатырын жөндеу аяқталсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Білім бөлімі

(Г. Касимова)

Спорт және дене шынықтыру бөлімі

(Н. Стамқұл)

№ 2 мектептің шатырының жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу келісім шартына сәйкес уақытылы аяқталды.Бақылаудан алынды

 

18

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Кисунько көшесі №1 үйдің алдындағы балалар алаңындағы жабдықтардың жағдайы туралы

1. «КТҮҚҚБ» КМК бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне қарай балалар ойын алаңының элементтерін қалпына келтірсін.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

«Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК қызметкерлерімен

аталған үйдің балалар ойнау элементтерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды

Бақылаудан алынды

 

19

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Кисунько к. №1 және Абай к. №17/3 үйлерінің жертөлесін құрғату туралы

1. Жұмыс тобын құрып, тексеріс жүргізсін.

2. 2017-2018 ж.ж. күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық аясында жертөлені құрғату және құбырларына жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

тамыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

   

20

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Дружба Народов к. №4/1 үйінің жертөлесін құрғату туралы

1. Комиссиялық тексеріс жүргізсін.

2. 2017-2018 ж.ж. күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық аясында жертөлені құрғату және құбырларына жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

Мамыр-тамыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Приозерск қаласы әкімдігі жанындағы «тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК 2017-2018 ж.ж. күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық аясында жертөлені құрғату және құбырларына жөндеу бойынша жұмыстарын ағымдағыжылдың тамыз айына дейін жүргізедіОрындау мерзімі а.ж 1 тамызына дейін создырылды

 

21

Мадешов М.С. ул. Кисунько 1Б(Жәшіктен түскен сұрақ)

Кисунько к. №1 үйдің балконы үгіліп, пайдалануға жарамауы, айналадағыларға қауіпті.

1. ТЖ бөлімі, «КТҮҚҚБ» КМК және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп, комиссиялық тексеріс жүргізсін.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі

(С. Букпантаев)

ТЖ бастығы

(А. Омаров)

(келісім бойынша)

Приозерск қаласының «ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИБ» ММ және ТЖ бөлімі, «КТҮҚҚБ» КМК, «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп, комиссиялық тексеріс жүргізді.

Бүгінгі таңда балконга ағымдағы жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Бақылаудан алынды.

 

22

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Таңғы намаз дауысының қаттылығы туралы

1. Қалалық мешіт имамымен таңғы намаздың дауысын бәсеңдету бойынша жұмыс жүргізсін.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

Наурыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Б. Казиева)

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

(Г.Шарбекова)

ҚР Конституциясының 1-бабының 1-бөлігі елімізді зайырлы мемлекет ретіндеорнықтырады. Яғни мемлекеттің билік институттары мен діни ұйымдар бір бірінен бөлек, функциялары қайталанбассипатта.

Осыған орай, жергілікті атқарушы орган қалалық мешіттегі таң намазының азан дауысын бәсеңдетуге талап қоя алмайды. Келіп түскен ұсынысты ескере отырып, таң намазының азан дауысын бәсеңдету мәселесі бойынша қалалық мешіттің бас имамы Д.С.Қожахметовпен ауызша әңгіме жүргізілді.

Бақылаудан алынды.

 

23

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Үйлердің ауласын тазалау жұмысын ұйымдастыру туралы

1. Аула сыпырушылардың бекітілген аумағында жұмыс істеуін ұйымдастырсын. Қажет болған жағдайда аула сыпырушылардың жұмыс кестесін өзгертуді қарастырсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір- желтоқсан 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

«Тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК аула сыпырушылары бекітілген аумақтарында күнделікті сыпыру жұмыстарын жүргізеді.

Бақылаудан алынды

 

24

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Космонавтов к. бойында көлге барар жолдағы саябақты қайта қалпына келтіру туралы. Қураған ағаштар неге кесілмейді? Ағаштарды суару жүйесі болады ма?

1. Көктемгі 2 айлық санитарлық тазалау және абаттандыру айлығында Космонавтар көшесіндегі қураған ағаштарды кесу жұмыстарын ұйымдастырсын.

2. Суару жүйесінің құрылысы бойынша жоспардың сараптама қорытындысын алуды аяқтасын.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

сәуір-маусым 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Көктемгі 2 айлық барысында Космонавтов көшесі бойындағы 47 қураған ағаштар кесілді.

Ағымдағы жылы Приозерск қаласы «суару құбырларын қайта қалпына келтіру» жобасы сараптамаға тапсырылды. Жоба сараптамадан оң қортынды алғаннан кейін, ағымдағы жылдың қазан айына дейін бюджеттік өтінім әзірленеді.

Орындау мерзімі а.ж. 1 қазанына дейін создырылды

 

25

(Алма, Гуля, Рая)

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Қыс мезгілінде жартытүбекте ауыз су тапшылығы туралы.

1. «КТҮҚҚБ» КМК бірлесе отырып полуостров тұрғындарымен магистральды құбырдан үйлеріне су тарту сұрақтарын түсіндіру және тұтынушылардың жеке есеп құрылғыларын орнату бойынша кездесулер ұйымдастырсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Жарты түбекте барлық көшелерде су беру құбырлары салынған, тұрғындарға аталған су беру жүйесіне қосылу үшін өтініш жазып техникалық шарт алып, өз күштерімен техникалық шартта қосымшаланатын схемаларға сәйкес су құбырларын үйлеріне тарту қажет. Озерный көшесінде су алу колонкасы жұмыс істейді.

Қыс мезгілінде жарты түбек тұрғындарынан су жетпеуі туралы «ТҮҚҚБ» КМК диспетчерлік қызметіне шағымдар түспеген.Бақылаудан алынды

 

26

Көп балалы ана Райхан

(Жәшіктен түскен сұрақ)

Азық-түлік тағамдарына бағаның өсуі туралы

1. Апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкендерде, сонымен қатар «Шахнұр» дүкеніне мониторинг жүргізсін.

2. Кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне деген бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өскені расталған жағдайда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне хат жолдансын.

4. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

наурыз-желтоқсан 2017ж

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

(Жусипов А.Ж.)

Апта сайын жұмыс тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкендеріне мониторинг жүргізіліп отырады.

Азық-түлік дүкендерінің бағаларына мониторинг жүргізу барысында дүкеннің сатушысы немесе жеке кәсіпкер мониторинг қағазына қол қояды. Жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша негізігі азық-түлік өнімдерінің ортақ бағасын өткен аптаның бағасымен салыстырып, талдау жұмыстары жүргізіледі.

Мониторинг барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне деген бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдеріне деген бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және бағалық келісімдерді болдырмау мақсатында қала кәсіпкерлерімен1кездесу ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша әр аптаның жұма күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ортақ бағасы бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданып отырады.

Бақылаудан алынды.

 

27

Орынбеков М.С. БСА 38Аүй-33(Жәшіктен түскен сұрақ)

Қаладағы «Тюльпан» жағажайының аумағына автокөліктердің кіруіне тыйым салатын белгі қою немесе шлагбаум орнату туралы

1. ЖЖҚ бағдарламасы аясында бөлінген қаржы есебінен ІІБ ЖПҚ бірлесе отырып, жағажайға кіре берісінде кіруге тыйым салатын жол белгісін орнатсын.

2. Приозерск қаласы әкімі аппаратына БАҚ-на жариялау үшін ақпарат ұсынсын.

3. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

мамыр-шілде 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Ағымдағы жылдың шілде айына дейін АЖҚ бағдарламасы аясында «Тюльпан» жағажайының аумағына автокөліктердің кіруіне тыйым салатын белгілері орнатылатын болады.

Орындау мерзімі а.ж. 1 тамызына дейін создырылды

 

28

Орынбеков М.С. БСА 38Аүй-33(Жәшіктен түскен сұрақ)

Абай, Р.Қошкарбаев, Космонавтар және Пушкин көшелерінде қураған ағаштарды кесу туралы.

 

Көктемгі 2 айлық санитарлық тазалау және абаттандыру айлығында Абай, Р.Қошқарбаев, Космонавтар және Пушкин көшелеріндегі қураған ағаштарды кесу жұмыстарын ұйымдастырсын.

2. Өтініш иесіне жазбаша түрде жауап берілсін.

мамыр-шілде 2017ж.

Қала әкімінің орынбасары

(Д. Саденов)

ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі

( Айдарханов Т.А.)

Көктемгі 2 айлық барысында Абай, Р.Қошкарбаев және Пушкин көшелерінде көшесі бойындағы 275 қураған ағаштар кесілді.

Бақылаудан алынды.

 


Әкім аппаратының басшысы А. Исатаев


Дата редактирования: 10 Шілде 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика