ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қарағанды облысы білім басқармасының ата-аналарға арналған үндеуі Құрметті ата-аналар!

Қарағанды облысының білім басқармасы мектеп оқушыларының діни экстремизм мен суицид идеяларын насихаттайтын мазмұны жағымсыз әлеуметтік желілерге және сайттарға кіруіне тосқауыл қою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Облыстағы барлық білім беру ұйымдарында компьютерлерде осы сияқты сайттар бұғатталған. Сонымен қаатар, оқушылардың мектеп компьютерлерінен интернет-ресурсстарға кіруінің тарихына талдау жасалады, бұл жағымсыз контентке уақытылы тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Бірақ кәмелетке толмаған балалардың ұялы телефондар мен үйдегі компьютерлерден деструктивті мазмұнға ие әлеуметтік желілердегі топтарға және сайттарға кіретіні алаңдаушылық тудырып отыр.
Осыған орай облыс деңгейінде бірқатар ата-аналар жиналысы өткізіліп, Қазақтелекомның өкілдерімен  бірге ата-аналардың бақылауы бағдарламасын орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылы Білім басқармасының басшысы Аймағамбетов А.К. төрағалығымен өткен 50 мыңнан астам адам қатысқан облыстық ата-аналар жиналысында балаларды Ғаламтордағы жағымсыз контенттен қорғау мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатқан «өлім топтарына», соның ішінде «Синий кит», «Тихи дом» және т.б. баса назар аударылды.
Ата-аналарға балаларды суицид идеяларын насихаттайтын топтарға кіруден қорғау бойынша кеңестер берілді. Балалардың суреттеріне, олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жазуларға, достарына, ұялы телефондардағы хат алмасуына назар аудару керек. Балалардың кірген интернет-ресурстарын қарап, балалармен әлеуметтік желілерде лақап ат таңдау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жеке ақпаратты жариялауға жол бермеу және отбасылық суреттерді барынша аз орналастыру ұсынылды. Бұл балаларды және отбасыларды декструктивті әсерлердің салдарынан қорғауға мүмкіндік береді.
Сонда да, WhatsApp ұялы қосымшасы арқылы «өлім топтары» туралы ескертулердің таралуы, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардағы жарияланымдар халықты дүрліктіруде. Қазақстанда аталған топтарға қызығушылық танытқандардың саны күрт артты, соның ішінде кәмелетке толмағандардың тарапынан. 
Осыған байланысты білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар ата-аналар арасында әлеуметтік желілерде тарап жатқан әлеуметтік ойындар туралы ескерту және алдын алу туралы мақсатты жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, білім басқармасымен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін талдау бойынша бағдарламалық кешен орнату бойынша жұмыстар қолға алынды.
Құрметті ата-аналар, сіздерді сақ болуға және балаларды қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз. Жұмыла әрекет етіп, балаларымызды қателіктен сақтай алатынымызға сенімдіміз.

Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


Дата редактирования: 10 Ақпан 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика