ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Дін саласының қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2016 жылда атқарылған жұмыстары бойынша
АҚПАРАТ
т. 1 Приозерск қалалық мәслихаты 49-сессияның 2016 жылғы  5 ақпандағы        № 49/391 шешіміне сәйкес дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру тобының жаңа құрамы бекітілген.
т. 2 Дін сұрақтары бойынша ақпартты түсіндіру тобының мүшелігіне «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысы, «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» басшысы, Приозерск қаласының «№1 орта білім беру мектебі» және «№2 мектеп балабақша кешенінің» тарих пәні мұғалімдері, «Қарағанды және Шахтинск епархиясы Приозерск қалалық Александр-Невский храмының приходы» жергілікті православтық діни бірлестігінің тәлімгері, Қарағанды ішкі істер департаментінің Приозерск ішкі істер бөлімінің қызметкері, «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағаты» директоры, «Атамұра» қазақ халқының мәдениетін, салт дәстүрін және әдет-ғұрпын дамыту жөніндегі орталығы»  этно-мәдени  бірлестігінің мүшесі және жергілікті бұқаралық ақпараттық құралы «Приозерский вестник» газетінің  тілшісі, «Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Приозерск» қалалық мешітінің бас имамы енгізілген.
т. 3.  2016 жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жатпайтын дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру тобының мүшелеріне қаржының қарастырылмауына байланысты төлем ақы төленбеді.
т. 4. Приозерск қаласында радикалды діни идеалогияға бейім азаматтар тіркелмеген және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жоқ.
Кешенді насихаттық  жұмыстар жалғасуда (тұрғындармен кездесулер), жергілікті БАҚ арқылы тақырыптық мақалалар жарықтандыру, мектептерде әлеуметтік бейнематериалдар және арнайы дайындалған фильмдер көрсету.
т. 5.  2016 жылы қалалық дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру тобымен барлығы 42 кездесу (9-кездесу діни мейрамдарында жамағаттарды құттықтау, 5 семинар тренинг, 6 дөңгелек үстел, 11семинар-лекция, 11 лекция) өткізілді. Кездесулерде нысанаға алынған аудиторияның құрамын жоғары сынып мектеп оқушылары, сынып жетекшілері, тарих пәні мұғалімдері, «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» қызметкерлері,білім беру мекемелерінің қызметкерлері, дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру топ мүшелері, «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» жұмыскерлері, Приозерск әскери полигонының ҚР ҚК әскери бөлімдерінің командирлерінің тәрбие беру жұмыстары бойынша орынбасарлары, «Бетпак дала-секюрити» күзет қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, психологтар, қалалық мешіттің бас имамы, жергілікті православтық діни бірлестігінің тәлімгері, ІІБ-нің қызметкерлері құрайды.  Қамтылған аудиторияның орташа жас шамасы – 15-35 жастағы қала тұрғындары. Іс-шаралармен барлығы – 5 629 адам қамтылды.
т. 6. Есеп беру мерзіміне Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру тобының жұмысы 3 рет қарастырылды.
т. 7. Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінде 2016 жылда азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған «114» үш санды нөмірімен «Қауырт желінің» телефоны туралы халықты ақпараттандыру үшін коммуналдық қызмет квитанцияларының артқы беттеріне хабарлама орналастыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Тұрақты түрде қала тұрғындарына жалпы саны барлығы – 6 100 хабарлама таратылды. Қала тұрғындарына республикалық «Қауырт желінің 114» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында 3х6 мөлшерлі банер қала көшелеріне орнатылды. Жергілікті кабельді телеарна арқылы видеороликтер («Қауырт желі-114» бейнеролигінің, «Деструктивтік діни ағымдар жолы», «Обращение матери к молодежи», «Будьте осторожны! Не попадите в паутину сект», «Вахабизм это чужой путь», «Сохраним свой Казахстан от угроз терроризма»  дискілері қазақ және орыс тілдерінде) көрсетілімі және жүгіртпе жолдар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасуда.
              т. 18. 24. 27. Есептік мерзім кезеңінде жергілікті «Приозерский Вестник» басылымында 05 ақпан №05/441 жат ағымдардан сақтан тақырыпта «Ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп», 19 ақпан 2016 жылдағы №07/443 «Ислам в современном мире», 04 наурыз №09/445 «Діни ағымдар туралы семинар», 18 наурыз №11/447 «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», 01 сәуір №13/449 «Сәләфия» шырғалаңы-дін келешегіне төнген қауіп»,«Діни тақырыпта дәріс өтті»-ақпарат», 29 сәуір №17/453 «Проявление экстремизма и терроризма», 20 мамыр №20/456 «Дінаралық диалог», 27 мамыр №21/457 ««Қажет намазы» деген не?», 03 маусым №22/458 «Оқушы қыз тәрбиесі-орасан жауапкершілік», 10 маусым №23/459 «Рамазан-нұрын шашқан ай», «Жалған терроризм үшін жауапкершілік», «Терроризмнің қауіптілігі», 24 маусым  №25/461«Шын мұсылманның сипаттары», 29 шілде №30/466 «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының бағыты», 02 қыркүйек №35/471 «Экстремизм және лаңкестіктің зардабы», 21 қазан №42/478 «Рухани келісім – басты байлығымыз», 28 қазан №43/479 «Экстремизм-қоғамға төнген қауіп», 04 қараша  №44/480 «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің салафизм діни ағымына қатысты ұстанымы»     бойынша дін бойынша тақырыбында 19 мақала және №1 (5) 29 сәуір 2016 ж. «Дін және Заман» ақпараттық журналында  Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық іс-шараларды өткізудің әдістері мен формалары» атты оқуту семинарлары өткізілген жайындағы 1 мақала жарықтандырылды.
т. 20. 2016 жылы қалалық дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру тобымен барлығы 42 кездесу (9 - кездесу «Рождество Христова», «Мәуліт», «Крещение Господне» діни мейрамдарымен құттықтау, 5- семинар треннинг, 6-дөңгелек үстел, 11 семинар-лекция, 11-лекция) өткізілді. Семинардың тақырыптары: «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта!», «Қала тұрғындары арасында терроризмнің қоғамға қауіпті екендігі, оның алдын алу, анонимдік телефон шалу арқылы терроризммен қорқыту, олар үшін заң алдындағы жауапкершілік», «Діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлық принциптері», «Терроризм және экстремизм, оладың түсінігі», «Қатерлі секталардан сақ болайық», «Діни терроризм және экстремизм», «Әлем религиялары», «Жиһадтың шын мағнасы және оның діни экстремизм мен халықаралық терроризм мазмұнындағы трансформациясы»,»Деструктивті діни ағымдардың қызметі туралы», «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы», «Жалған терроризм үшін жауапкершілік». Кездесулерде нысанаға алынған аудиторияның құрамын мектеп оқушылары, сынып жетекшілері, тарих және дін тану  пән мұғалімдері, «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» жұмыскерлері, «Бетпак дала-секюрити» күзет қызметкерлері, Приозерск әскери полигонының ҚР ҚК әскери бөлімдерінің командирлерінің тәрбие беру жұмыстары бойынша орынбасарлары, мемлекеттік қызметкерлер, психологтар, қалалық мешіттің бас имамы, жергілікті православтық діни бірлестігінің тәлімгері, ІІБ-нің қызметкерлері құрады.  Қамтылған аудиторияның орташа жас шамасы – 15-35 жастағы қала тұрғындары. Іс-шаралармен барлығы 5 629 (оның ішінде 1 740 адам лекция-семинар, дөңгелек үстел, семинар-тренинг бойынша)  адам қамтылды.
Осы бағытта 2015 жылы 2 семинарға 600 мың теңге бөлінсе, биылғы жылға 800 мың қаражат жергілікті бюджеттен қарастырылып, оның 635 мың қаражатына (235 мың семинар өткізуге, 400 мың адрестік жұмысқа) Қарағанды қаласының:«Тиек» Жастарды дамыту орталығы» қоғамдық ұйымы тендерді ұтып жұмыс атқармақшы.
«Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Қарағанды қаласының «Діни-Психологикалық-Құқықтық Кеңес орталығынан» қоғамдық бірлестіктің қызметкері: - дін танушы, философия магистрі Н.В. Мерзляков және «Қарағанды облысы Дін басқармасының» инспекторы Е. Бедеров қала жастарына «Дініңді сақта, салтыңды сатпа!», «Қатерлі секталардан сақ болайық», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыптағы кездесу 3-семинар, 3- семинар-треннинг өткізілсе, «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» тарапынан «Қарағанды облысы Дін басқармасының» инспекторы Е. Бедеров қала жастарына  «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыптағы кездесу 1-семинар, 1- семинар-треннинг өткізді.
Сонымен қатар, Приозерск қаласының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту» тарапынан «Қарағанды облысының конфессиаралық қатынастарын зерттеу және талдау орталығының» басшысы М.Е. Мысыр, Қарағанды қаласының орталық мешітінің 1-ші наиб имамы С. Курманов «Деструктивтік діни ағымдардың қызметі туралы» тақырыпта дін сұрақтары бойынша ақпаратты түсіндіру топ мүшелерімен, жоғары сынып жетекшілерімен, тарих және дін тану пәні мұғалімдерімен, «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» қызметкерлерімен, Приозерск әскери полигонының ҚР ҚК әскери бөлімдерінің командирлерінің тәрбие беру жұмыстары бойынша орынбасарларымен, мемлекеттік қызметкерлермен, психологтармен, қалалық мешіттің бас имамымен, жергілікті православтық діни бірлестігінің тәлімгерімен, ІІБ-нің қызметкерлерімен – 1-семинар тренниг өткізді (қамтылған 30 адам)
Қала мекемелерінде «Қауырт желі-114», «Деструктивтік діни ағымдар жолы», «Обращение матери к молодежи», «Будьте осторожны! Не попадите в паутину сект», «Вахабизм это чужой путь», «Сохраним свой Казахстан от угроз терроризма» атты бейне роликтері қазақ және орыс тілдерінде көрсетілуі ұйымдастырылды.  Жалпы жыл басынан әр түрлі тақырыпта 824-тен аса адамды қамтыған барлығы 12 фильмдер көрсетілімі болып өтті.
           т. 23. 2014 жылы орнатылған Транспортная көшесі бойында орнатылған «Конфессияаралық келісім-Тәуелсіздік кепілі» атты тақырыпта 6х3 мөлшерлі банер ««Я призываю всех казахстанцев к дальнейшему укреплению межнационального и межконфессионального согласия. Это наши вечные ценности». Н.А. Назарбаев» тақырыптағы банерге ауыстырылып, ал Бауыржан Момыш ұлы көшесіде «Сізге діни қызмет мәселелері бойынша консультациялық көмек керек пе? 114 Сенім телефонына хабарласыңыз» банерлері жаңартылып орнатылд. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасуда.
т. 35. 46.  Дәстүрлі емес діндердің жетегіне жастар мен жасөспірімдердің еріп кетпеуі мақсатында бос уақыттарын қамту қарастырылған. Оқушыларды жат ағымдардан сақтандыру, діни білімдерін жетілдіру бағытында қалалық мектептерде 9-сыныптарда аптасына 1-рет дінтану сабақтары өткізіледі. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармышылық орталығында тұрақты 22 үйірме жұмыс жасайды. Онда қазіргі уақытта 805 бала әр түрлі үйірмелерге тұрақты түрде қатысады. Қосымша білім беру ұйымында үстел теннисі, баскетбол, волейбол, бокс. Футбол, ауыр атлетика, жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ секцияларына 357 бала қатысса, «Знай-ка», «Сувенир», «Волшебная шкатулка», «Вдохновение», «Жұлдыз», «EV DANS» ағылшын тілі, «Жас қаламгер», «Қазақ тілі», «Юнные Пифагоры» үйірмелері 397 баланы қамтиды. Ұлт аспаптар класында 13, фортепияно класында 38 бала сабақ алады. №1 жалпы білім беру орта мектебі мен №2 мектеп-балабақша кешені жанындағы «Абайтану», «Алтын оймақ», «Өнер», «Палитра» сурет салу үйрмесі, «Умелые руки», «Жалын» хор үйрмесі, «Жас жол қозғалысы жасағы (ЮИДД)», драмалық үйірмелеріне жоғарыда аталған спорттық секцияларға 535 бала қатысады. Қазіргі уақытта  барлығы 2 145 бала әртүрлі үйірмелерге тұрақты түрде қатысады.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы Қазақстан Республикасындағы 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында дінтану негіздерінен дәріс өткізетін мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында үнемі оқуға жіберіліп тұрады. Қаламыздағы №1 орта білім беру мектебінің Г.М. Қыдырбаева , Приозерск қаласының «№2 мектеп-балабақша кешені» Б.А. Искаков  дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері 2016 жылда білімдерін шыңдап қайтулары «Приозерск қаласының білім бөлімімен» жоспарланып, жүзеге асырылды. Мектептерде аталған пән бойынша белсенді түрде семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Білім жетілдіру курстарында, аудандық, қалалық семинарлардан кейін мұғалімдерге көмекші құрал ретінде сабақта пайдаланылатын үлестірме материалдар таратылып беріледі. Мұның да білім беруде көп септігі тиері сөзсіз.
    2016 жылдың 11-18 шілде күндері аралығында ҚМДБ және «Нұрлы білім» ҚБ теологтар тарта отырып, «Қарағанды қайырымдылық қоры» базасында өткен семинарына Приозерск қаласының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің дін маманы Б.Құрманғожин қатысты. Қараша айының 1-3 аралығында Қарағанды қаласында «Дін және білім» тақырыбымен облыстық білім беру қызметкерлеріне арналған семинарға Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беру мектебінің тарих және дін тану пән мұғалімі Г.М. Қыдырбаева және №2 орта білім мектебінің тарих және дін тану пән мұғалімі М.Давлетярова қатысып біліктілігін арттырып келді.
              т. 44.45. Шағын қалалардағы бос уақыт объектілері бойынша ұсыныс: шағын қалаларда (тұрғындар саны 10мың адамнан 50 мың адамға дейін) 1 мәдениет үйі, 1 кинотеатр болуы қажет.
Приозерск қаласында бос уақыт объектісі болып табылатын «Приозерск қалалық кітапханада» тұрғындарға қызмет көрсету тегін негізде ұйымдастырылған.Кітапханада  қаламыздағы зейнеткерлер мен қарттарға арналған «Сырласу» клубы жұмыс жасайды. Оның құрамында 20 зейнет жасындағы зейнеткерлер.
Поэзияға әуес, ақын болам деген талабы бар жастардың басын қосып, интеллектуалдық ой-өрісін дамытатын рухани орта «Жас  толқын» жас ақындар клубы. Клуб мүшелері мектептің жоғары сынып оқушылары мен жастар.
Балалар бөлімінде «Ұміт бағдарламасы» аясында қамкөңіл-мүгедек баларға прналған клуб жұмыс атқарады. Балалар саны 6 оқушы.
т. 103 «Білім беру ұйымдарын күзетпен, қазіргі заманғы қауіп дабылы мен бейне бақылау жүйелерімен қамтамасыз ету» іс-шарасына жергілікті бюджеттен 2013 жылы 2 097 мың теңге, 2014 жылы 850 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:
- 2013 жылы № 1 орта мектептің аумағына бейнебақылау орнатуға 1 046 мың теңге, № 2 кешенді мектеп бала-бақшасына 1 051 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.
- 2014 жылға «Айналайын» бала-бақшасы аумағына бейне-бақылау орнатуға 320 мың теңге, «Балбөбек» бала-бақшасына 530 мың теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.


Дата редактирования: 01 Маусым 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 386.30
Евро 428.14
Рубль 6.08
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика