ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

13.07.2020 «МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АЙНАСЫ»

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту – елдің дамуындағы басым бағыттардың бірі. Себебі, қызмет кез келген адамға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметкердің алдағы уақытта мәртебесі жоғарылай түсетінін атап көрсеткен еді.

Аталмыш ресми құжатта «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру» деген бастама да көтерілген болатын. Бұл өте қажетті нәрсе. Сарапшылардың пікірінше, жұмысының нәтижесіне байланысты жалақысы жақсы төленген шенеуніктің жұмыс істеуге деген мүмкіндігі нығаяды және қабілеті артады.

Осы күні мемлекеттік қызмет саласына заманға сай өзгерістер еніп жатыр. Соның ішінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға аса мән берілуде. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту да күн тәртібінде. Аталған мәселелердің барлығы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыра түседі.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай, «ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден». Мемлекеттік қызметтегі кез келген азамат шын мәнінде антына адал болса, елдің гүлдендіру ісіне негіз болары сөзсіз. Бұл күні барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың күшейіп, оларды мемлекет тарапынан қолдаудың жаңа алгоритмдерінің енгізілуі де ойымызды қуаттайды. Байқауымызша, мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті жастар арасында саналы түрде қадам жасай алатын, ойы терең, қабілеті жоғары жастардың қатары артып келеді. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналатын ашық қоғам құру ісіне де мұның оң ықпал етері сөзсіз. Хакім Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген қанатты сөзін қаперіне ілген, жүрегімен түсінген жастардың мемлекеттік қызметке орналасып, халыққа қызмет қылуға құлшыныс танытқанын көріп, көпшіліктің көңілі марқаятыны сөзсіз.

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор.
Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекеттік деңгейде қолға алынған өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критериі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің беделін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге аса басымдық беріліп отыр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Жалпы, еліміз үшін ерекше маңызға ие жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі негізгі рөл атқарады.

Бұқараға мәлім, әлем жұртын әбігерге коронавирус инфекциясы да мемлекеттік қызмет саласына үлкен сынақ болып тиді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. Барлық өңірлерде блок-бекеттер қойылды. Мемлекеттік қызметшілерді 80%-ы қашықтықтан жұмыс режиміне көшті. Халық сенімін ақтауды мақсат қылған мемлекеттік қызметшілер осынау сыннан сүрінбей өту үшін барын салды. Халыққа қызмет көрсету, мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жүзеге асыру, даму жолындағы негізгі индикаторларға қол жеткізу үшін уақытпен санаспай, қызмет істей алатындарын көрсетті. Заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, қоғамның қажеттілігіне үн қоса білді.

Мемлекеттік қызметшілер мына бір принципті жақсы түсінуі қажет.
Ел мүддесі, халық игілігі бәрінен жоғары тұрғанда ғана нәтижелі жұмыс болады. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің айнасы. Ар-ожданы биік, әділетті, талантты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары мемлекеттік қызметшіні қоғам бағалайды. Нәтижесінде, халық сенімі нығаяды.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерді заң шеңберінде шеше білуі – бұлжымайтын қағида. Бүгінде бүкіл қоғам, барша ел жұмылып, сыбайлас жемқорлықты жою үшін күрес жүргізуде. Осы жолда әрбір мемлекеттік қызметші «арды ойлаған азбайды» деген нақылды терең түсінгені абзал.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

С. Амангельдинова


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 419.02
Евро 494.02
Рубль 5.71
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика