ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

21.04.2020 бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезінде азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы – шарт негізінде коммуналдық қызметтерді тұтынатын жеке тұлға;
2) жеткізуші – коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпкерлік қызмет субъектісі;
3) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) елді мекен – бұл саны 50 адамнан кем емес, белгіленген заң тәртібімен есепке алынған және тіркелген, өкілді және жергілікті атқарушы органдар басқаратын республиканың жинақы қоныстанған аумағының бір бөлігі.
3. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу республикалы бюджеттен жүзеге асырылады, қосымша қажеттілік болған кезде жергілікті бюджеттен өтеуге жол беріледі.
4. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу (бұдан әрі – шығындарды өтеу) Осы Қағидаларда айқындалған санаттағы адамдардың және карантин енгізілген елді мекендерде, аумақта тұратын адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырады.
5. Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

2-тарау. Шығындарды өтеу тәртібі

6. Жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елді мекеннің азаматтарына осы Қағидаларға сәйкес коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу туралы ақпаратты жеткізеді.
7. Шығындарды өтеу осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдардың санаттары өтінішінің негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде ай сайын бір тұтынушыға шаққанда он бес мың теңге деген есеппен жүргізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі.
8. Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, ақпараттық жүйе арқылы, ол болмаған жағдайда call-орталық арқылы өтінім береді.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган өтінімді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
9. Жергілікті атқарушы орган есепшоттың және төлем сомасының болуын растау үшін Жеткізушілерге тұтынушылардың тізбесін жібереді.
Жеткізушінің ақпараты еркін нысанда беріледі және тұтынушылардың есепшоты, көрсетілген коммуналдық қызметтердің нақты көлемі және белгіленген тарифтерге сәйкес олардың құны туралы деректерді қамтиды.
10. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге арналған бюджеттік қаражатты аударуды жоғары тұрған бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі аумағында карантин енгізілген әкімшілік-аумақтың бірліктің төмен тұрған бюджеттерінің кірісіне нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде жүргізеді. Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
11. Жергілікті атқарушы орган өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушының есепшотына қаражат аударуды қамтамасыз етеді. Тұтынушының өтінімі және осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген Жеткізушілердің ақпараты қаражатты аударуға негіз болып табылады.
12. Қаражатты аударуды жергілікті атқарушы орган өтелуге жататын коммуналдық қызметтердің санына тепе-тең жүзеге асырады.
13. Тұтынушы коммуналдық қызметтерге төлем жүргізген жағдайда, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есептік кезеңге есептей отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді және тұтынушыға төлемді есепке алғаны туралы тиісті хабарлама жібереді.
14. Жеткізуші тұтынушыға төлем есептеген кезде төлем туралы түбіртекте мемлекеттің коммуналдық көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін өтеген сомасын көрсетеді.
15. Жеткізуші әрбір ай сайынғы төлемнен кейін 25-күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады.
16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы шығындарды өтеудің әрбір ай сайынғы төлемінен кейінгі бірінші күннен кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады.
17. Шығындарды өтеу үшін алынған қаражат пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасы қайтарылуға жатады.


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 411.54
Евро 458.13
Рубль 5.84
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика