ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

02.11.2018 ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҚЫС-2018» РКШОЖ

Приозерскте «Қыс 2018» РКШО бірінші күні қаныққан оқиғалардың бірі болды. 01 қараша танертен  Республикалық командалық-штабтық «Қыс–2018» оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде орталық алаңында қалалық жедел ден қою жасағы сапқа тұрғызылды. Бұл оқиға шынайы төтенше жағдай туындаған кезде аталған бөлімшенің нақты әрекеттерін пысықтайтын маңызды межелердің бірі болды.

Алдын ала белгіленген уақытта қаланың оннан астам ұйымдары мен кәсіпорындарының базасында құрылған жоғары әзірліктегі бөлімшелер және техника жиналу орнында сап түзеді. Аталған іс-шараны өткізу барысында бөлімшелер құрылымдарының жедел келіп жетуі, жауынгерлік қабілеттері және жеке құрамның өз міндеттерін білуі бағаланды. Авариялар, апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге құтқару жұмыстарының бастапқы кезеңінде уақытында көмек көрсетуге арналған техника және жабдықтардың бар болуы мен жарамдығына ерекше көңіл аударылды.

Сап түзегендерге қалалық ТЖ бөлімінің басшылығы бірге келген қала әкімінің м.а. Саденов Дастан Шұғайұлы бөлімшелердің командирлері және мамандарымен жеке-жеке танысып, олардың алдарына қойылған іс-әрекеттеріне даярлығы туралы баяндамаларын қабылдады. Бұл ретте жасақтың қатардағы жауынгерлерінің жедел дайындығы және материалды-техникалық қамтамасыз етілуіне, киім-кешектері жабдықтары мен даярлығы ерекше көңіл аударылды. Шұғыл ден қою жасағының алдында өз сөзінде облыс басшылығының өкілі құрылымдардың төтенше жағдайлардағы іс-әрекетіне дайындықтарына жақсы баға беріп, ол деңгейді тұрақты түрде жоғарылатып отыру қажеттігін айтты.

«Құрылымдардың су басу жағдайында, осы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға әрекет жасауының дайындығын қамтамасыз ету қажет», - деді ол.

Приозерск қ. ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Омаров Ахат Оразович қала әкімінің м.а. осы мәселеге қажетті назар аударылатындығын сеніммен айтты.

Осы күні қалада ЦРП-2-ден 1-110 қосалқы станциядан ВЛ-10 фидер 28 үзілген сымдарды ретке келтіру, жоғары вольтты электр тарату желілерін жөндеу. Арнайы техниканың және құрылғылардың пайдалануымен жөнеу жұмытарын жүргізу арқылы үзілген сымдарды ретке келтіру, сымдарды ұзарту, сымдарды оқшаулау арқылы қосу, аспалы сымдары көлемін өлшеуді авариялық қалпына келтіру бригадасы күшімен өткізілді.

Содан кейін іс-шара №1 қазадықтағы аварияны жөндеу бойынша практикалық жұмыстарды орындаудауға арналды. Электр қуатының өшуіне байланысты № 1 қазандық жұмысының тоқтауына акелип соқты. Қазандықты қосқанда БСМ 15 завижкасы істен шығып мазуттың берілуі тоқтады. Аварияны жою кезінде мазуттың өртенуіне акелип соқты, 1 адамды күйік шалды, сиымдылығы 5000 текше метр резервуардың тұтану қауіпі туындады. Өртке қарсы қызметтің күшімен тұтану жойылды, ал медициналық қызмет зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 367.06
Евро 416.17
Рубль 5.56
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»