ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

17.05.2018 «Приозерск қаласы «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында өткен «Мектеп жасына дейінгі кезеңде тілдің үштұғырлылығын дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы қалалық семинар барысы туралы ақпарат.

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні «Приозерск қаласының «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Мектеп жасына дейінгі кезеңде тілдің үштұғырлылығын дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында семинар болып өтті. Бұл семинар қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар арасында құрылған кәсіби қауымдастық жұмысы аясында ұйымдастырылды. Семинар барысында тілдің үштұғырлылығын дамытудағы педагогтардың басты борышы айқындалып, тәрбиеленушілердің тіл үйренуге деген ынта-ықыласын ояту, бала мен педагог арасындағы  өзара бірлескен іс-әрекетті үш тілдік жүйеде жүзеге асыру және бала, педагог, ата-ана арасындағы үйлесімді байланысты орнату сияқты педагогикалық шарттар негізінде бөбекжай педагогтарының іс тәжірибесі  түрлі ұйымдастыру формалары арқылы көрініс тапты.   Атап айтар болсақ, басты тақырып бойынша дайындалған презентация,  «Қоянда қонақта», «Жыл мезгілдері» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, «Дәстүрлі емес технологияларды дене шынықтыру сабағында қолдану», «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ұтымды технологиялар» тақырыптарындағы  шебер сыныптар, «Тіл патшалығы» атты лингвистикалық ойын, «Мақта қыз бен  мысық» ертегісін үш тілде сахналау, «Твистер» ойыны  және «Энергоджайзер» тренингтері  арқылы  бөбекжай ұжымы  өздерінің  кәсіби  шеберліктерін  айқын  көрсете білді. Бөбекжай тәрбиеленушілері де өздерінің ана тілінде таза сөйлеуімен қатар, ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлеп көпшілікті сүйсінтті. Аталмыш шараға қатысушы қалалық білім бөлімінің мамандары мен қала балабақшаларының  педагогтары  семинарды  өте жоғары  бағалады.  

 

Приозерск  қаласының білім бөлімі


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 360.12
Евро 409.67
Рубль 5.33
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»