ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

07.03.2018 Кеңейтілген аппарат жиналысы өтті

2018 жылдың 6 наурызы күні қала әкімдігінің мәжіліс залында кезекті кеңейтілген аппарат жиналысы өтті.

Жиынды қала әкімі кадрлық өзгерістерден бастады. Приозерск қаласының прокуроры болып тағайындалған Айдар Корғанұлы Досмаковпен, ҚР ҚК 44841 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалған Орынбасар Өмірбекұлы Жубановпен және Приозерск қаласының №47 өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып тағайындалған Ербол Төлеутайұлы Иргебаевпен таныстырып алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жиын барысында Приозерск қаласының жедел құтқару жасағының басшысы Ахметов Берік Төлеуханұлы Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен наградталса, Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Омаров Ахат Оразұлы Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталады.

Кеңейтілген аппарат жиналысының күн тәртібіндегі негізгі мәселелерінің бірі - 2017 жылдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Б.А.Тұрғамбекова есеп берді. Содай ақ әкім аппаратының басшысы А.Н.Исатаев қала әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінің қорытындысы туралы баяндады. «Жаңа форматтағы АӘК» жайында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Ж. Бейскеев түсіндіріп өтті.

Қаралған барлық мәселелер бойынша қала әкімі мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Жиын соңы әкім аппаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Сағатбек Өмірзақұлы Қаленовтың Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің Антын қабылдауымен аяқталды.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 371.31
Евро 419.32
Рубль 5.59
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»