ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

30.11.2017 Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

2017 жылдың 23 қарашасында Қарағанды облысы Приозерск қалалық Мәслихаты аппаратының акт залында Жаңа нысандағы АӘК түсіндіру бойынша төрт немесе одан да көп балалары бар отбасылармен  кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы мен Приозерск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуі, оның қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы туралы төмендегідей ақпаратты түсіндіріп өтті.
2018 жылдың қаңтарынан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) тағайындалмайды, оның орнына аз қамтамасыз етілген отбасыларға (ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 50% кем) жаңа форматтағыатаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілетін болады.
Бұл көмек қазіргі қолданыстағы үш түрлі әлеуметтік көмектердің орнын алмастырады. (көпбалалы отбасыларға берілетін АМЖ, аз қамтылған отбасынан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек).
Негізгі мақсаты: әлеуметтік көмекті оған шын мәнінде кім мұқтаж, сол азаматтарға ғана ұсыну. Табысы төмен еңбекке жарамды азаматтарға, олардың жұмыспен қамтудыңбелсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеуге қатысқан жағдайда ғана мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады
Жаңа форматтағы АӘК жұмыспен қамтудың белсенді шараларына отбасының еңбекке қабілетті адамдарының қатысу шартымен көрсетіледі және екі түрге бөлінеді: Шартты ақшалай көмек жәнеШартсыз ақшалай көмек
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Жәрдемақы 6 айға тағайындалады және ай сайын немесе бір ретте төленетін болады. Бір реттік төлем тек қана өз ісін және қосалқы шаруашылығын ашуға беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мысалы, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 % төмен әрбір отбасы арасындағы айырма түрінде есептеледі.
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалардан айырмашылығы
Жаңа нысандағы АӘК пайда болуына дейін әлеуметтік көмектің кез- келген түріне жүгіну процесі үш қадамнан тұратын қайталанатын цикмен шектелетін: арызды беру → заңдылылықты анықтау → ақшалай көмекті тағайындау және төлеу. Өтініш берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын, бірақ отбасының басқа мүшелері бұл процесске қатыспайтын.
Жаңа нысандағы АӘК қолданыстағы бағдарламалардан негізгі айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдің кешенділігі.
Әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінде алғаш рет жұмыс өтініш берушімен ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізіледі.
Кеңестерді 5-23-17; 5-27-88 телефон нөмірлері арқылы алуға болады және Балқаш көшесі 5 үй, 114  каб.


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»