ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

07.11.2017 Қалалық «Екі жұлдыз» байқауы өтті

2017 жылғы 7 қараша күні Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында қалалық V «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Конкурс жеке тұлғаның творчестволық бейімділігі үшін қолайлы орта жасау, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің оң иміджін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1-ші кезеңде қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін, 2-ші кезеңде ән жанрының әйгілі майталманы бола білген Батырхан Шүкеновтің шығармашылығынан 1 ән, ал 3 кезеңде еркін тақырыпта ән орындау.
Байқауға 5 жұп қатысты. Әр жұп қаладағы белгілі әншіден және мемлкеттік немесе азаматтық қызметшіден құрылды. Бұрыннан сахнаға шығып, ән айтып жүрген адам өзіннің серіктесін қиын да қызықты ән айту өнеріне баулуы қажет болды.
Марапаттау рәсімі жүлде және номинациялар бойынша бағаланды: «Звездная пара», «Идеальная пара», «Оригинальная пара», «Романтическая пара», «Гармоничная пара».
Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша, 3-ші жүлде екі жұпқа берілді. Убисов Талғат пен Баекешова Айдана 3 жүлделі орынға және «Гармоничная пара» номинациясының иегерлері атанды. Уракова Жансая мен Манаков Талант да 3-ші жүлде және «Романтическая пара» номинациясының иегері болды. Сонымен қатар, Бейскеев Сағынбек және Мондыбаева Гулбаршын 2-ші жүлделі орынға және «Гармоничная пара» номинациясына ие болды. Быкович Елена мен Махалов Олег 1-ші жүлделі орынға және «Идеальная пара» номинациясына иеленді.
Ал конкурстың «Гран-при» жүлдесіне келетін болсақ, әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жолдасбаев Әсет пен Сарманова Балнұр иеленді. Және де «Екі жұлдыз» байқауының «Жұлдызды жұп» номинациясы да осы жұптың үлесіне тиді.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарымен және грамоталармен марапатталды. Әр мекеме өзіннің қатысушысына сыйлық арнады. Конкурс өте қызықты өтті, ал көрермендерге келетін болсақ, олар осы ғажайып ән кешінен үлкен әсер алды.


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 332.21
Евро 391.74
Рубль 5.57
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»