ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

04.10.2017 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – жарқын болашағымыз» фестивалі

Жыл сайын 1 қазанда әлем жұртшылығы Қарттар күнін атап өтеді. Бұл тамаша дәстүр ардагерлердің қоғам өмірін дамытуға қосқан үлесін атап көрсетсе, екінші жағынан аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық болып табылады.
Жасы асқан адамдарға құрмет көрсету біздің халқымызда да ежелден бар. Себебі олар еліміздің алтын қоры, патриотизмнің үлгісін көрсетушілер, ортақ іске берілген және шыдамдылық пен оптимизмді сақтаушылар. Бұл адамдар бүкіл ғұмырын еңбекке, балаларды тәрбиелеуге арнаған. Олардан эстафета қабылдаған бүгінгі ұрпақ ата-аналарының бастаған ісін жалғастыруда. Сондықтан да осындай ерен енбегі үшін қарияларға ризашылық білдіреміз. Олардың көбі әлі де қатардан қалған жоқ.
        Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық Ардагерлер кеңесі қоғамдық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы – жарқын болашағымыз» атты фестиваль өтті. Фестиваль «Достық» балалар, жасөспірімдер шығармашылық орталығының  өнерпаздарының және Ардагерлер кеңесінің «Алтын күз» вокалдық-ансамблінің қатысуымен ұйымдастырылды.
       Аталып отырған мерекелік іс-шараны Приозерск қаласының әкімі және Приозерск қалалық мәслихатының хатшысы құттықтау сөздерімен бастады. Қала басшылары ардагерлер ұйымына сыйлықтарын табыстап, ұйым мүшелерін қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттады.


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 336.05
Евро 394.49
Рубль 5.85
Какая проблема города волнует Вас ?
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»