ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қала әкімінің сөзі

Қазақстан Республикасының қабылданған қаулысына сәйкес еліміздің аумағында ұлттық халық санағын жүргізу 2009 жылдың 25 ақпанынан -6 наурызға дейін жоспарланған.
Алда тұрған халық санағының әлеуметтік-экономикалық мәні өте зор.
Бүгінгі уақытта Приозерск қалалық статистика бөлімімен халық санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 2009 жылғы ұлттық санағын өткізу іс-шараларының желілі жоспарына сәйкес статистика бөліміне халық санағын өткізуге штат бөлініп барлығы 48 адамды құрады.Оның ішінде: бөлім меңгерушісі-1 адам, инструкторлар -8 адам, есепшілер -39 адам. Есепшілер, инструкторлар қаңтар айының аяғында –ақпан айының басында оқу және тестілеуден өтеді. 

Халық санағы адамдардың санақ кезіндегі орналасуы айтарлықтай дерлік күнделіктіге сәйкес болуы үшін, адамдар көбінесе орын ауыстырмайтын (Қазақстанда қыс мезгілінде) кезеңде бірнеше күн бойы жүргізіледі.

Халық санағының нәтижесі бойынша халық санын, олардың қалалық және ауылдық елді мекендерге бөлінуін, жынысы мен жас мөлшерін, неке және отбасы жағдайын, ұлттық құрамын, тіл меңгеру дәрежесін, білім деңгейін, білім алуын, үй шаруашылықтарының саны мен мөлшерін, тіршілік ету көздерін, жұмыспен қамтылуын, тұрғын үй жағдайларын және т.б.сипаттайтын көрсеткіштердің кең ауқымы алынатын болады.

Барлық мәліметтер халық санағының бір сәттілік қағидасымен, яғни 2009 жылдың 25 ақпанына белгіленген «санақтың қиын жағдайында»  (әдетте санақтың бірінші күні қарсаңындағы түн ортасында) жиналады. Бұдан кейін туғандар мен бұған дейін көз жұмғандар есептелмейді. Сөйтіп халықтың лезде түсірілген көрінісі алынады.

Халық санағы тұрғын және басқа да жайларды аралау кезінде санақ парақтарын толтыру жолымен арнайы өкілетті және оқытылған қызметкерлерінің (есепшілер) халыққа сұрау салу әдісімен жүргізіледі. Есепшілер санақ парақтарын сұралатындардың айтылған сөздерімен толтырады және қай тілде жауап беретіні өз еркінде. Санақ жүргізу уақыты сағат 9.00-ден - 22.00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі. Есепшілерге орташа есеппен 1 адамға 300 адамнан есептеледі. Есепшілердің қолында төлқұжат болады. Қазіргі уақытта статистика бөлімі Ішкі істер департаментінің 4 бөлімімен жалпы жұмыстар жоспарын зерттеп дайындап жатыр.

Құрметті қала тұрғындары! Ұлттық халық санағының маңыздылығын ескере отырып Сіздерден санақ жүретін уақытта , яғни ағымдағы жылдың 25 ақпанынан -6 наурыз аралығында мүмкіндігінше үйде болып, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын.

Қала әкімі
Н.БІКІРОВ 

Дата редактирования: 22 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.86
Евро 435.32
Рубль 6.12
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

21.10.2019
«Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысы туралы ақпарат
«Приозерск қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі2019 жылдың 19 қазан күні «№2 ЖОББМ» КММ акт залында «Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысын ұйымдастырды.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика