ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Халық санағы Қазақстанда 2009 жылы өтеді

Халық санағы Қазақстанда 2009 жылы өтеді

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өтетін ұлттық халық санағы үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие.
Аталған маңызды жоғары шара бірнеше күн бойы жүргізіледі. Ол тұрғындардың барынша сирек қозғалатын кезеңде-қыс мезгіліне сәйкестендіріліп отыр. Ал барлық деректер бір сәттік қағидаты бойынша жинақталады. Бұл уақыт 2009 жылғы 25 ақпанның түнгі сағат 12-сіне сәйкес келеді. Осы мезгілден кейін туғандар мен қайтыс болғандар есепке алынбайды. Сондықтан да бұл үдерісті тұрғындардың бір сәттік суреті деп те қабылдауға болатындай.

Халық санағы Қазақстанда, Бұған дейін де атап көрсетілгеніндей, әлемдік стандарттарға сәйкес арнайы оқытылған мамандардың (есепшілердің) тұрғындарғы сауал салу әдісімен өткізілетін болады. Санақ парақтарын жауап берушінің сөздері негізінде есепшілер толтырады. Жұртшылық өздерінің тұратын жерлерінде, мүмкін ол ұй, пәтер, бөлме болуы ықтимал, есепке алынады. Санаққа қонақ үйлерде, ауруханаларда, өзге де орындарда болғандарына қарамастан, барлық тұрғындар қамтылады. Жолаушылар келген елді мекендерінде есепке алынады.
Қазақстандағы халық санағын табысты өткізуге алдын ала дайындық, ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстар мүмкіндік туғызуы тиіс. Оған дайындық барысында тұтастай шаралар кешкні жүзеге асырылмақ. Бірақ қазірдің өзінде бүкіл республика бойынша санақтың толық қандылығы мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Осы үдерістер аясында әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шаралары нақтыланып, көшелердің атаулары, үйлердің нөмірлері ретке келтірілді. Картографиялық материалдар дайындалып, үйлердің тізімдері түзілді, сонымен қатар, елді мекендегі тұрғындар саны анықталды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық санағына дайындық жұмыстардың орындаудың жоапар-кестесі жасалды.

Мемлекетіміздің 2009 жылғы ұлттық халық санағымен санақ кезінде Қазақстан аумағында болған барлық ел азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қамтылуы тиіс.Сонымен бірге, елімізде тұрақты тұратын, бірақ санақ кезінде ел аумағында уақытша болмаған адамдар да тізімге міндетті түрде енгізілуі керек.

Санақ барысында жинақталған барлық жеке ақпараттар құпия болып табылады және олар тек жинақтама деректер алу үшін ғана пайдаланылады, яғни азаматтардың жеке мүддесіне ешқандай жағдайда да қол сұғылмайды.

 


Дата редактирования: 12 Қараша 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 388.70
Евро 428.70
Рубль 6.08
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика