ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласы бойынша мүлікті жария ету бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес Приозерск қаласында мүлікті жария ету бойынша қала әкімдігі жанындағы құрылған арнайы комиссия жұмыс атқарды.
Қалалық комиссиясының негізгі міндеті мүлікті жария ету бойынша шешім қабылдау және мүлікті жария етуден бас тарту болып табылады.
Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізілді, аталмыш іс-шара барысында қала тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Заңды түсіндіру бойынша қалалық іс-шаралар жоспары уақытылы жобаланды.
Қала тұрғындарына арналған мүлікті жария ету бойынша құжаттарды қабылдау пунктерінің мекен-жайы және уақыты көрсетілген  5 ақпараттық бұрыш орналастырылды, 1 640 ескертпе парақшалары және мүлікті жария ету бойынша Заңнамалық түсіндірмелері бар бланк үлгілері таратылды.  
Денсаулық сақтау, білім саласы, мемлекеттік, әскери және коммуналдық сала қызметкерлерімен мүлікті жария ету бойынша 55 семинар-кеңестер өткізіліп, «Жарты түбек» жеке секторының тұрғындарымен  жиын өтті.
Осы кезеңде мүлікті жария ету бойынша «Приозерский вестник» басылымында 49 мақала жарияланды, мүлікті жария ету және тұрғын үй қорын түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жергілікті атқарушы органдарының сайттарына 204 ақпарат орналастырылды.
Қала әкімдігінде заңнаманы түсіндіру мен мүлікті жария ету бойынша 6 «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Мемлекет тарапынан барлық тұрғындарға Заңмен мүліктерін жария етуге көмектесу мақсатымен өткен «Жария ету 2014» бағдарлама форматындағы акция 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.
Комиссия қарауына мүлікті жария етуге 13 өтініш түсті, сомасы 155,3 млн. теңге, олардың ішінде:
    - 9 өтініш, сомасы 76,8 млн.теңгеге қанағаттандырылды;
    - 1 өтініш, сомасы 6,0 млн.теңгеге құжаттары толық болмағандықтан қайтарылды;
    -  3 өтініш, сомасы 72,5 млн.теңгеге қанағаттандырылмады;
Жария етілген нысандардың жалпы құны 76,8 млн.теңгені құрады.
Тұрғын нысандары 16,0 млн.теңгеге және тұрғын емес нысандары 60,8 млн.теңгеге жария етілді.

 


Дата редактирования: 12 Қаңтар 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика