ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Су басу (су алу) қауіпі

Н А З А Р   А У Д А Р Ы Ң Ы З!!!

 Су басу (су алу) қауіпі төнгенде:

- суды, газ және электрді өшіріңіз;
- жанып жатқан жылыту пештерін өшіріңіз;
- құнды заттарды, ауыз су және азық-түлік қорын ғимараттың жоғарғы қабатына (шатыр) апарыңыз;
- үйіңізді  апаттың соққысына дайындаңыз, барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз;
- өзіңізбен су өтпейтін қалташаға салынған жеке бас құжаттарын, ақша және құнды заттарды, медициналық аптечканы, жылы киім кешені мен мезгілге сай аяқ киімін, төсек орын жабдығын және тазалық заттарын, сондай-ақ үшкүндік азық-түлік қорын (киім-кешек пен азық түлікті чемодандар, рюкзактар мен сөмкелерге салған дұрыс) алыңыз;
- тіркелу және қауіпсіз орынға жіберілу үшін белгіленген мерзімде эвакуациялау пункітіне жетіңіз.

Приозерск қ. ТЖ бөлімі

Н А З А Р   А У Д А Р Ы Ң Ы З!!!

Тосыннан су басу (су алу) қауіпі төнгенде:

 - сабыр сақтаңыз және өзіңізді қолға алыңыз;
- тез арада жақын жердегі қауіпсіз биіктеу жерге жетуге тырысыңыз және сумен эвакуациялануға, оның ішінде қолда бар жүзу құралдарының көмегімен;
- егер бұл мүмкін болмаса, үйдің жоғарға қабатына немесе шатырға шығыңыз;
-су көтеріле бастағанда шатырға, шұғыл көтерілген жағдайда шатырдың «атшасына» шығыңыз;
- балалар мен ауру, әлсіз және тоңған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың бекем бөлігіне, мысалы, түтін шығу құбырына байлаңыз;
- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріңіз: күндізгі уақытта биік жерге ақ немесе түрлі-түсті мата байлаңыз, түнгі уақытта жарықты дабылдарды беріңіз; көмек келгенге дейін жоғарғы қабаттарда, ғимараттардың шатырларында және басқа да биіктеу жерлерде қалыңыз;
- зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету қажет болғанда, азық-түліктің болмауы, жағдайдың күрделенуі немесе сырттан көмектің болатындығына сенімді жоғалтқан жағдайда ғана өздігінен эвакуациялауды жүргізуге болады;
- өздігімен эвакуциялау үшін жеке қайық немесе катер, бөренеден жасалған салдар және басқа да қолда бар материалдарды пайдаланған абзал.

Приозерск қ. ТЖ бөлімі


Дата редактирования: 15 Наурыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика